Қасиетті Рамазан айында сақталынуы тиіс жайттарға шолу (15)
(last modified Wed, 21 Jun 2017 20:08:36 GMT )
Маусым 22, 2017 02:08 Asia/Almaty
  • Қасиетті Рамазан айында сақталынуы тиіс жайттарға шолу (15)

«Құдайым! Күнә жасауда қасарысудан сенен пана іздедім!»

Рауаяаттарда келтірілгендей, Алла елшісі (с.ғ.с.) Джабер бен Абдоллаға: «Уа, Джабер. Бұл ай – Рамазан айы. Ораза ұстайтын адам күнінің, дұға ететін адам түнінің бір бөлігін және асқазаны мен жанын харам заттардан аулақ ұстаса, тілін лас сөздерден сақтаса, күнәларынан арылады» деген екен. Джабер: «Уа, Алланың елшісі, мына айтқан хадисің қандай жақсы!» дегенде хазірет: «Уа, Джабер! Мына айтқан шарттарымды сақтау оңай емес!»деп жауап берген.

Рамазан Кәрім

 

Күнә адамды кемелдік, даму мен жетекшілік жолынан адастырады. Алланың жақсы пенделері әдетте үлкен күнәлар жасаудан аулақ болады. Бірақ, олар да пенде болғандықтан, кейде жеңіл күнәлар жасауы мүмкін. Олар сол күнәні маңызсыз санағандықтан, одан құтылуға талпынбайды. Алайда, өкініп, тәубеге келместен күнә жасауды жалғастыру күнәға бату болып саналады. Күнәдан құтылу үшін Алладан пана іздеу керек.

Жеңіл күнәлардың қайталануына кейбір мүміндер аса мән бермейді. Күнәларды қайталау, яғни, кішкентай күнәлардан арылмау үлкен күнәлардың жасалуына әкеп соқтырады. Жеңіл күнәлар туралы имам Реза бір рауаятында былай деген: «Жеңіл күнәлар – ауыр күнәлардың бастамасы. Жеңіл күнә жасауда Алладан қорықпайтын адам, ауыр күнә жасағанда да Құдайдан қорықпайды». Аңдаусыздан жеңіл күнә жасаған адам байқамастан ауыр күнә да жасауы мүмкін. Сол себепті, мүмін адам жеңіл әрі болмашы күнә жасаудан аулақ болып, ауыр күнәларға жол ашудан сақ болуы тиіс.

Күнәға батудан Алладан пана іздеу

 

Әли-Ғымран сүресінің 135 аятында Алла Тағала иманды адамдарды  сипаттап, олардың басты қасиеттерінің бірін күнә жасауда қасарыспау деп атап, олардң күнә жасағанда мейлі жеңіл болсын, мейлі ауыр болсын, Алланы еске алып, одан жарылқау тілеуді сұрайды. Өздері жасаған нәрселерде қасарыспайды.

Келесі аятта Алла Тағаланың жеңіл күнәларда қасарыспайтын адамдарға беретін сыйы туралы былай деп жазылған: «Міне, солардың сыйлықтары Раббылары тарапынан жарылқау және астарынан өзендер ағатын жұмақтар. Олар онда мәңгі қалады. Ғамал істеушілердің сыйлықтары қандай жақсы!»

Осы қасиетті Рамазан айында Алла Тағала тәубеге келу мен ауыр және жеңіл күнәлардың ғамал дәптерімізден өшірілуіне мүмкіндік береді.