Салман әулетінің Сауд әулетіне қарсы әрекеттерінің себептері  
(last modified Sun, 02 Jul 2017 18:03:14 GMT )
Шіл 03, 2017 00:03 Asia/Almaty
  • Салман әулетінің Сауд әулетіне қарсы әрекеттерінің себептері  

Арабстанның қарт патшасы немере інісі Мұхаммад бен Наифты қызметінен босатып, өзінің ұлы Мұхаммадты Сауд әулетінің жаңа тақ мұрагері деп жариялады.

Мұхаммад бен Салманды Сауда Арабиясының тақ мұрагері ретінде тағайындап, Мұхаммад бен Наифты босату болжанған жағдай болатын. Мұхаммад бен Салманның тақ мұрагері ретінде тағайындалуына ұластырған үдеріс Сауд Арабиясының демократияның бастапқы деңгейінен де алшақ екенін көрсетеді.

Мұхаммад бен Салманның тақ мұрагері атануына ұластырған 8 жылдық үдеріс

Малек Салманның үшінші әйелінен туған Мұхаммад бен Салман Салманның 12 ұлының арасында лауазым бойынша жоғарылау үдерісінен жылдам өтті. Мұхаммад бен Салман осы лауазымға жету үшін алдымен «бақ» факторын пайдаланды. Себебі,біраз бұрын өзінің ағасы қайтыс болғаннан кейін Мұхаммад бен Салман Малек Салманның ең үлкен ұлы болып қалды.

Мұхаммад бен Салманды бір елде ең қысқа мерзім ішінде ең жоғарғы саяси лауазымға қол жеткізген аз ғана тұлғалардың бірі деп атауға болады. Салманның осы даңққұмар әрі соғысқұмар ұлының бұл лауазымға жетуі үшін небәрі 8 жыл қажет болды. 2009 жылы Риядтың жергілікті аппаратында мемлекеттік қызмет атқара бастаған Мұхаммад 2011 жылы сол кезде тақ мұрагерінің орынбасары болып тұрған әкесінің көмегімен кеңесші ретінде орталық үкіметке аяқ басты.

Мұхаммад бен Салманның орталық үкіметтегі екінші қызметі де кеңесшілік болды. Бұл жолы 2012 жылы әкесі Сауд Арабиясының тақ мұрагері әрі премьер-министрінің орынбасары ретінде тағайындалғаннан кейін Мұхаммад бен Салман да премьер-министрдің кеңесшісі атанды. Мұхаммад бен Салманның мансабының жоғарылауының өзгерісті кезеңі 2015 жылдың қаңтар айында басталды. Бұл кезде Абдолла бен Абдолазиз қайтыс болып, Салман Арабстанның патшалық тағына отырды. Малек Салманның алғашқы жарлықтарының бірі өз ұлын Қорғаныс министрі ретінде тағайындауы болды. Малек Салман Мұхаммад бен Салман үшін сақтап отырған екінші маңызды орын тақ мұрагерінің орынбасарының орны болды. Малек Салман өз ұлын 2015 жылдың сәуір айында тақ мұрагерінің орынбасары етіп тағайындады. Осыдан кейін Мұхаммад бен Наифтың тақ мұрагерлігінің тек уақытша ғана екендігі туралы қауесет тарай бастады. Қауесеттер соңында маусым айының жиырма бірі күні шындыққа ұласып, Мұхаммад бен Салман Мұхаммад бен Наифтың орнына Сауд Арабиясының тақ мұрагері атанды. Сауд Арабиясында тақ мұрагерін таңдау міндеті осы елдің бұрынғы патшасы Абдолла бен Абдолазиз кезінде құрылған үлемдер кеңесіне жүктелген.

Эллен Уолд  Ғorbes сайтында жарияланған мақаласында: «2005-2015 жылдары Сауд Арабиясында патша болған Малек Абдолла биліктегі әулеттің мүшелері тарапынан биліктің тыныш түрде өтуі мақсатында үлемдер кеңесін құрды. Осы кеңестегі 34 мүшенің арасынан 31 адам Мұхаммад бен Салманның тақ мұрагері ретінде тағайындалуына оң дауыс берді» деп жазды.

Мұхаммад бен Салманның тақ мұрагері лауазымына жету үшін жасаған іс-әрекеттері

Мұхаммад бен Салман Арабстанның тақ мұрагері атануы үшін «бақ» факторын пайдалануымен қатар, әкесі Арабстанның патшасы атанғаннан кейін өткен отыз айдың ішінде тақ мұрагері лауазымына лайықты екенін көрсетіп, Арабстандағы биліктің шыңына жету мақсатында жергілікті және шетелдік деңгейде маңызды әрекеттер жасады.

1 – Йеменге қарсы соғыс ашуға рұқсатқа қол қою; «саудиялық Саддам»

Мұхаммад бен Салман жасаған алғашқы әрекет 2015 жылдың наурыз айында Йеменге қарсы шабуыл жасауға бұйрық беруі болды. кейбір ақпарат құралдарының Мұхаммад бен Салманды «саудиялық Саддам» деп атауға себеп болған осы шабуыл оның саяси алаңда парасаттылықтан бұрын сезімге жүгінетінін көрсетті. Арабстанның Йеменге қарсы соғысы27 ай өткеннен кейін де Сауд әулетін жеңіске жеткізбеуімен қатар, әлемдік қоғамдық пікірдің теңсіз соғысқа қарсы наразылығын арттырды. Тіпті, Сауд әулетінің ішінде де шахзадалардың көбісі бұл соғысқа қарсы болып, оның аяқталуын талап етіп отыр. Себебі, бұл соғыс Арабстанды қылмыскер әрі бала өлтіруші сионистік режимнің қатарына қосты.

2 – ИИР-мен диполоматиялық байланыстарды үзу

ИИР мен Сауд Арабиясының аймақтағы екі алпауыт ел саналатыны белгілі. Алайда, Малек Салман билікке келіп, Мұхаммад бен Салман Қорғаныс министрі ретінде тағайындалғаннан кейін Иран мен Арабстанның қарым-қатынастары бәсекелестіктен тартысқа қарай ауысып, 2016 жылдың алғашқы күндерінен бастап, екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастары тоқтатылды. Байланыстардың үзілуінде Мұхаммад бен Салман ықпалды рөл атқарды. Себебі, бен Салман бірнеше рет өз сөзінде ИИР-ның аймақтағы ықпалды рөлін қабылдамайтынын, тіпті Иранға деген өкпе-реніші бар екенін көрсетті. Ол 2017 жылдың маусым айында «соғысты Иранның жеріне қарай өрістету керек» деп ашықтан-ашық жария етті. Мұхаммад бен Салман өзінің Иранға қарсы әсірешіл рухын тақ мұрагері, одан кейін Арабстанның патшасы лауазымына қол жеткізу үшін пайдалануға тырысты.

3 – «2030» реформалары; өзін реформашы тұлға ретінде көрсету

 Мұхаммад бен Салманның Арабстанның ішінде жасаған маңызды әрекеттерінің бірі – түрлі салаларды қамтыған «2030 реформалары» бағдарламасын ұсыну болды. Мұхаммад бен Салман өзінің лайықты екенін көрсету үшін осы бағдарламаны пайдалануға тырысты.

Stratfor аналитикалық сайты Мұхаммад бен Салманның Сауд Арабиясының жаңа тақ мұрагері ретінде тағайындалуынан кейін жариялаған бір мақаласында: «Мұхаммад бен Салман Арабстанның Қорғаныс министрі лауазымында тек Сауд Арабиясының қорғаныс  және сыртқы саясат стратегиясын ғана ұсынған жоқ, сонымен қатар «2030» деп аталатын  экономикалық реформалар жобасын дайындап, өзін Арабстанның болашақ патшасы ретінде көрсетуге талпыныс жасады» деп жазды.

4 – Дипломатиялық сапарлар мен халықаралық кеңесулер

Мұхаммад бен Салман Сауд Арабиясының патшасы атанудан тек бір қадам ғана қашықтықта тұрған тақ мұрагері орнына қол жеткізу үшін дипломатиялық кеңесулер факторын пайдаланудың, әсіресе, АҚШ үкіметінің жағымды көзқарасын тудырудың қажет екенін жақсы білді. Сол себепті, Мұхаммад бен Салманның Сауд Арабиясының жаңа тақ мұрагері ретінде тағайындалуы Дональд Трамптың Риядқа сапарынан кейін  1 ай өтер-өтпестен орын алды. 2017 жылдың наурыз айында Вашингтонда Трамппен кездесуінде АҚШ үкіметінің оң көзқарасына қол жеткізудің бастапқы шараларын жасаған Мұхаммад бен Салман 2017 жылдың жиырмасыншы мамыр күнгі Трамптың Рияд сапарында осы сапарға салған қомақты қаржысының арқасында Мұхаммад бен Наифтың тақ мұрагерлігінен босатылу ісін аяқтады. Осындай жағдайда Мұхаммад бенСалман Трамптың Рияд сапарынан бірнеше күн өткеннен кейін Мәскеуге сапар шегіп, Ресей қайраткерлерімен кездесіп, Кремльдің де оң көзқарасын тудыруға тырысып бақты. Мұхаммад бен Салманның тақ мұрагері атануына бәрінен бұрын Вашингтонның көмегі тиді. Бұл мәселе АҚШ-тың араб елдерінде, әсіресе, Арабстандағы тұлғалардың билік басына келуі үдерісінде ықпалды рөл атқаратынын тағы да айқындай түсті.

5 – Катарға қарсы жан-жақты кампания

Мұхаммад бен Салманның жетекшілігімен және оның лайықтылығын дәлелдеу мақсатымен жасалған келесі қадам Катар үкіметіне қарсы жан-жақты кампания ұйымдастыру болды. Бұл кампанияның мақсаты Арабстанның араб әлеміндегі ең жоғарғы орында тұрғанын көрсету саналады. Катар мен Сауд Арабиясы арасында жуырда орын алған текетірес көп ұзамай екі ел қарым-қатынастарынң тоқтатылуымен аяқталды. Бұл шешімнің Мұхаммад бен Салманның көзқарасына негізделе отырып қабылданғанғаны шәксіз. Осы аяда Абдолбари әл-Атаван бір сараптамасында: «Катар мен Сауд Арабиясы арасындағы текетірестің тасасынан Мұхаммад бен Салманның тақ мұрагері лауазымына тағайындалуы мен Мұхаммад бен Наифты осы қызметтен босатудың әсері байқалады» деп жазды. 

Мұхаммад бен Салманның мұрагерлікке қол жеткізуі;  Сауд әулетіндегі келіспеушіліктердің үдеуі

Мұхаммад бен Салманның тақ мұрагері атану үдерісі қантөгіссіз әрі тыныш өткенімен, ауысу үдерісі түрлі себептермен Сауд әулетінің ішінде түрлі келіспеушілік пен алауыздықтудыруы мүмкін.

Мұхаммад бен Салманның тақ мұрагері, одан кейін патша атануы Абдолазиздің перзенттерінің билігінің аяқталуын, керісінше Салманның балаларының билігі дәуірінің басталуын білдіреді. Осы аяда Эллен Уолд Ғorbes сайтында жарияланған мақаласында: «Малек Салман – Арабстандағы билік тізгінін қолына алған Абдолазиздің  жетінші ұлы. Абдолазиздің өсиеті бойынша өзінің перзенттері тірі тұрғанда билік ағадан бауырға өтуі тиіс. Енді Мұхаммад бен Салманның тақ мұрагері атануы Абдолазиздің перзенттерінің билігінің аяқталуын, Салманның балаларының билігі дәуірінің басталуын көрсетеді» деп жазды.

Сонымен қатар, Мұхаммад бен Салманның жасы 33-те болғандықтан, ол да Абдолазиздің перзенттері сияқты кем дегенде 80 жасқа дейін өмір сүретін болса, онда Мұхаммад бен Салман шамамен елу жыл билік етеді деген сөз. Мұхаммад бен Салман енді Арабстанның ең жас Қорғаныс министрі әрі тақ мұрагері атанған алғашқы патшаның баласы боулымен қатар, патша болған жағдайда ең жас патша әрі осы лауазымға қол жеткізген Абдолазиздің алғашқы немересі болмақ. БұлАбдолазиздің басқа немерелері оңай қабылдайтын қоятын мәселе емес.

Осы аяда Стефан Калин мен Вильям Маклейн: «Мұхаммад бен Салманның Арабстанның билік құрылымында жылдам жоғарылауы Сауд әулетіндегі келіспеушіліктердің үдеуі және Сауд Арабиясы саясатының болжауға келмейтін жағдайға жетуіне байланысты орын алуы мүмкін» деді.

Мұхаммад бен Салманның тақ мұрагері атануы үдерісі Сауд Арабиясындағы биліктің ауысуының толымсыз әрі қазіргі талаптарға сай келмейтінін көрсетеді.