Қар 10, 2017 00:22 Asia/Almaty
  • Арбағиндегі ғашықтық рауаяты (4)

Арбағиндегі аза тұту рәсімдерінің көрген адамды таңдандыратын тұсы ретінде жергілікті халықтың зияратшыларға көмектесу үшін мыңнан астам уақытша асханалар ашатынын атау керек.

Арбағиндегі аза тұту рәсімдерінің көрген адамды таңдандыратын тұсы ретінде жергілікті халықтың зияратшыларға көмектесу үшін мыңнан астам уақытша асханалар ашатынын атау керек.

«Моукеб» деп аталатын шатырларда зияратшыларға қажет заттар  ұсынылады. Онда зияратшыларға жаңа пісірілген тағам мен демалуға арналған бұрыштан бастап, халықаралық қоңырау шалу мүмкіндігі тегін ұсынылады. Шын мәнінде, зияратшылар бұл ұзақ сапарда киімдерінен басқа заттарды өздерімен алып жүруді қажет етпейді. Зияратшыларды тамақтануға шақыру әдістері де таң қалдырады. Шатырлардың ұйымдастырушылары зияратшыларды жолдан тосып, олардан шақыруды қабылдауды өтінеді. Бұл шатырлардың басым бөлігіндегі мүмкіндіктер тіпті патшаларды қабылдауға лайық. Алдымен сіздің аяқтарыңызға массаж жасап, одан кейін жаңа пісірілген буы бұрқыраған ас ұсынылады. Тамақтанғаннан кейін сізді демалуға шақырады. Сіз демалып жатқан кезде киімдеріңіз жуылып, үтіктеліп, ұйқыдан оянғаннан кейін өзіңізге қайтарылады. Бұл қызметтің барлығы мейірімділікпен тегін  көрсетіледі.

Арбағин зияратшылары үшін арнайы шатырларда қызметтердің көрсетілуі

Арбағин зияратшыларына қаншалықты күтім көрсетілетінін жақсырақ түсіну үшін мына оқиғамен салыстырып көріңіз: Гаитидегі жер сілкінісінен кейін Дүниежүзілік азық-түлік одағы ең көп дегенде 500 мың адамды тамақтандыра алды. Құрама Штаттарының әскері федералдық агенттіктерден қомақты сома алған соң, осы апаттан 5 ай өткеннен кейін жапа шеккен халыққа 4,9 миллион порция тамақ берілгенін мәлімдеді. Енді осы мөлшерді Арбағин кезіндегі күнделікті зияратшыларға ұсынылатын 50 миллион, жалпы алғанда 700 миллион  порция тағаммен салыстырып көріңіз. Тағамның бұл мөлшері АҚШ немесе әлемдік қайырымдылық қорлары тарапынан емес, жылдар бойы жұмыс істеп, зияратшылардың ризалығын алу үшін ақша жинайтын қарапайым ирактық шаруалар мен қызметкерлер тарапынан ұсынылады. Олар қолдарындағы барын үлкен құрметпен Хосейн зияратшыларына сыйға тартады. Тайпалар мен қауымдар осы ілтипатпен қызмет көрсетуде сайысқа түседі. Олардың болмысынан пәктік, адалдық пен сүйіспеншілік байқалады. Бір шатырда былай деп жазылған: «Менің туған жерім мен ата-анамды сұрамаңыз. Мен Хосейн сарайының құлымын». Шатырларды ұйымдастырушылардың бірі: «Исламның не нәрсені үйрететінін көргілеріңіз келсе, жүздеген лаңкестің іс-әрекеттеріне мән бермей, Арбағин кезінде араб және басқа да ұлттардан жиналған миллиондаған зияратшының жанкештілігіне назар аударыңыздар» деді.

 

Зияратшылардың бірі: «Бұл оқиға бірнеше тұрғыдан Гиннес әлемдік рекордтар кітабына енгізілуі керек: жыл сайын өтетін ең көп адам қатысатын жиын, ең ұзын тұрақты тағамдану үстелі, халыққа үлестірілетін тегін астың ең көп мөлшері мен ерікті түрде қызмет көрсететін адамдардың ең көп саны. Бұл жаяу зияраттың маңыздылығы мынада: бір үмбет тыныштық күйден шығып, қозғалысқа түседі. Сол кезде әрбір зияратшының түсінігінде көптеген адами ұғымдардың, мысалы меншіктік пен жанқиярлықтың мағынасы өзгереді.

20 миллион адамның жиынында ешкім өзін бір заттың иесі санамайды. Тіпті жыл бойында 2-3 рет тойып тамақтана алмаған ең кедей адам да қолындағы бар-жоғын Хосейн зияратшыларына ұсынады» деді.

Ең қызығы, әлемнің барлық жерінде адамдар бір нәрсеге қол жеткізу үшін жалбарынса, Арбағин шерулерінде адамдар өз қолындағы заттың барлығын Хосейн зияратшыларына беру үшін жалбарынады. Бұл бір жаңа өркениеттің бастамасы бола алады.

 

 

Тегтер