Арбағин 6: «Арбағиннің» әлемдік аспектілері
(last modified Sun, 20 Oct 2019 16:50:48 GMT )
Қаз 20, 2019 22:50 Asia/Almaty
  • Арбағин 6: «Арбағиннің» әлемдік аспектілері

«Арбағин» – жылдан жылға кеңейіп келе жатқан әлемдік қозғалыс. Бұл қозғалыс 1400 жылдан бері күн сайын жаңарып келеді. Аба Абдолла (ғ.с.) мен хазірет Зейнабтың жолдауы бүгінде әлемдік кеңістікте таралуда.

 

 

«Арбағин» Алланың кезеңі. Имам Хусейннің (ғ.с.) «Арбағины» имам Хусейн (ғ.с.) мен ақиқатты танып білудің басы бола алады. Расында имам Хусейн (ғ.с.) Исламның ұлық пайғамбарының айтуынша, «дұрыс жолға нұсқайтын шырақ; құтқаратын кеме».

 

"Имам Хусейн (ғ.с.) дұрыс жолға нұсқайтын шырақ және құтқаратын кеме".

 

"Имам Хусейн (ғ.с.) дұрыс жолға нұсқайтын шырақ және құтқаратын кеме".

Алла Тағала «Ибраһим» сүресінің 5-ші аятында хазірет Мұсаға: “Еліңді қараңғылықтардан жарыққа шығар. Алланың күндерін ескерт” деп, мұғжизалармен жібердік. Шәксіз мұнда бейнетке сабыр етіп, нығметке шүкіршілік етушілер үшін өнегелер бар»,- деп бұйырады. Сондай-ақ дәл осы сүренің 7-ші аятында:  «Сол уақытта Раббыларың: “Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты” деп жариялады. Имам Хусейннің ұлы және сабырлы апасы хазірет Зейнаб көп қиындықты бастан кешіп, «сұлулықтан басқа еш нәрсені көрмедім» деді. Бұл әлемнің ең сабырлы әйелі хазірет Зейнабтың Аллаға шүкірлік білдіруі. Ол әкесі хазірет Әлидің (ғ.с.) зейнеті; бауырының өзі мен қасиетті мақсатының қорғаушысы.

 

"Сұлулықтан басқа еш нәрсе көрмедім".

Аятолла Хаменеи имам Хусейн (ғ.с.) мен азаттық пен азаттық талап етушілерді еске алып, зұлымдық пен залымдарға жиіркеніш білдіретін, 25 миллионнан астам адам қатысатын шеру мен Наджафтан Кербалаға дейінгі 80 км-ден артық жолды жаяу жүріп өтетін халықты «илаһи оқиға, илаһи құбылыс» деп атап: «Бұл жол – махаббат жолы. Бұл –  әулиелердің Аллаға деген махаббаты сынды қырағы әрі хабардар махаббат»,- деді. Хазірет Аһле Бейт пен шиіттердің ой-пікірін ақыл мен мейірімнің, иман мен махаббаттың көрінісі деп бағалап, мұндай көріністің исламның басқа мазхабтарында жоқ екенін айтты.  

Исламның дұшпандары діннің атымен әлемде жиіркеніш пен үрей таратып, Ислам мен мұсылмандарды ұятқа қалдырып отырған жағдайда мұсылмандар мен мұсылмандар еместер, шиіттер мен сүнниттер қатысатын 25 миллиондық шеру Кербалада имам Хусейннің кесенесіне өтіп, әлемдіктерді таңғалдырды. Соншама халықты қасына жинайтын имам Хусейн (ғ.с.) кім?

Имам Хусейннің (ғ.с.) жақтастары мен ғашықтарының жиынында айтылатын «Хусейн бізді біріктірді» деген өлеңнің мағынасын түсінуге болады. Имам Хусейнге (ғ.с.) деген достық пен махаббат баршаның басын қосады. Имам Хусейн (ғ.с.) – исламдық және исламдық емес елдерден жиналған миллиондаған адамдның бірлігінің орталығы. Олардың барлығы хазіретке зиярат жасау үшін келеді. Олар «Әл Имран» сүресінің 103-ші аятында: «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер. Сондай-ақ, өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені бір-біріңе дұшпан едіңдер, жүректеріңнің арасын жарастырды. Оның игілігімен туысқа айналдыңдар. Оттан бір шұңқырдың ернеуінде едіңдер, сендерді одан құтқарды. Осылайша Алла сендерге аяттарын тура жолға түсулерің үшін баян етеді»,- деп айтылған ақыл-кеңес бойынша ғамал етті. Олар Алланың нығметін, яғни имам Хусейннің (ғ.с.) болмысын адамгершілік пен шындықты қорғайтын барлық адамның бірлігінің себебі санайды. Олар бүкіл әлемге имам Хусейннің (ғ.с.) зұлымдық пен үстемдікке қарсы тұрудың қисынын таныстырады.

 

Имам Хусейнге (ғ.с.) деген махаббат бізді бірге жинады

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жыл сайын «Арбағин» күндері халыққа қызмет ететін ирактық аялдамалардың иелеріне алғыс айтуымен бірге: ««Арбағин» әлемдік қозғалысқа айналып, одан сайын кеңейіп келеді. Бұл 1400 жылдан бері күн сайын жаңарып отыр.  Аба Абдолла (ғ.с.) мен хазірет Зейнабтың жолдауы бүгін әлемнің кеңістігінде таралуда»,- деді.Имам Хусейн (ғ.с.) тек бір жер, бір мазхаб немесе тек белгілі бір адамдармен ғана шектелмейді. Зияратшылардың көбі Ирак халқы болғанымен, әлемнің әртүрлі елдерінен, әсіресе Иран, Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан, Әзірбайжан, Түркия және араб елдерінің мұсылмандары да шерулерге кең түрде қатысады. Сондай-ақ, шеруге еуропалық және америкалық мемлекеттердің мұсылмандарының қатысуы рухани кеңістікке әсер етеді. «Арбағин» шерулерінен сүннит мұсылмандарды, тіпті мұсылман емес адамдарды да көруге болады. Бұл Ашура қозғалысы мақсаттарының барша үшін ортақ екенін білдіреді. Аятолла Хаменеи: «Ондаған елдердің халықтары «Арбағин» шеруіне қатысып, Ирак халқының қонағы болады. Бұл шеруде мұсылман бауырларымыздың, ирактықтар мен ирактықтық еместердің, шиіттер мен сүнниттердің, араб, парсы, түрік пен күрдтер арасындағы қарым-қатынастарды арттырып, нығайтуға талпынайық. Мұндай байланыстар – бақытқа жету факторларының бірі, Жаратушының нығметтерінің бірі»,- деп қуаттады.Исламды жойғысы келіп, мұсылмандарға қарсы үгіт-насихат жүргізетіндердің өздері «Арбағин» шеруінің әлемдегі ең үлкен жиын екенін мойындайды. Иә, «Арбағин» жаяу шеруінде құлшылықтың шындығы мен имам Хусейнге (ғ.с.) деген махаббат айқын көрінеді. Өйткені 25 миллион халық бір бірін бауыр санап, бірігіп, бұл рухани сапарды аяқтайды. Олар имамның (ғ.с.) жанкештілігін мадақтап, хазіреттің армандарына табандылық білдіріп, шеруге қатысады.

 

"Арбағин" шеруі

Ғасырлар бойы бүкіл адамдардың жүректерін толқытқан Ашура көтерілісі мен Кербала ерлігі, имам Хусейннің адал серіктерінің азаттығы мен шынайы құлшылығы әлем халықтарын біріктіруде. Бұл көтерілістің ұлылығының жоғарылығы сондай, ешбір шекарамен шектелмейді. Түсі мен наным-сенімдерінің түрлілігіне қарамастан адамдар имам Хусейнді (ғ.с.) ешбір шекара танымайтын әлемдік үлгі санайды. Исламның ұлық пайғамбарының әулеті, әсіресе хазіреттің немересі имам Хусейнге (ғ.с.) деген сүйіспеншілік бала кезімізден біздің қанымыз бен етімізге сіңгені сондай шындықты жақтайтын әрбір адам Имам Хусейнді (ғ.с.) жақсы көреді.