Маусым 27, 2016 16:40 Asia/Almaty
  • Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 13

11-ші қыркүйек оқиғасы баршаға танымал оқиға әрі әл-Қаида лаңкестік тобының АҚШ жеріндегі ең үлкен лаңкестік әрекеттерінің бірі саналады.

 11-ші қыркүйек оқиғасы баршаға танымал оқиға әрі әл-Қаида лаңкестік тобының АҚШ жеріндегі ең үлкен лаңкестік әрекеттерінің бірі саналады. Сол күннің таңында әл-Қаиданың 19 мүшесі жолаушы тасымалдайтын төрт ұшақты ұрлады. Ұшақ ұрлаушылар екі ұшақты Нью-Йорк қаласындағы әлемдік сауда орталығының қос ғимаратына апарып соқты. Бұл апаттың салдарынан барлық жолаушылар мен ғимараттарда болған адамдардың көбісі қаза болды. Екі сағаттан кейін екі ғимарат толық құлап, қасындағы ғимаратарға көптеген шығын келтірді. Ұшақтарды ұрлаушылар үшінші ұшақты Пентагонға ұрды. Төртінші ұшақ Пенсилвания штатында құлады. Бұл шабуылдардың салдарынан 2974 адам және ұшақты ұрлаған әл-Қаиданың 19 мүшесінің көз жұмуымен 2993 адам өлді. Өлген адамардың көбі қарапайым адамдар болды. Олар әлемнің 90 елінің азаматтары еді. Бірақ бұл оқиғаның себептері не болды және лаңкестерді қандай үкімет немесе қандай үкіметтер қолдады? АҚШ өзінің саяси және экономикалық мүдделеріне байланысты бұл оқиға туралы мәліметтерді жариялаудан бас тартуда. Апатта 3000-ға жуық адам қырылғанымен АҚШ азаматтары осы уақытқа дейін оқиғаның шындығын білу құқығынан кенде қалып отыр. 11-ші қыркүйек оқиғасы орын алып, әлемдік сауда ұйымының ғимараттарына шабуыл жасалғаннан кейін Сауд Арабиясының басшылары  өз азаматтарының  бұл лаңкестік шабуылға қатысты болуын теріске шығарды. Рияд шабуыл жасаған 19 адамның 15-сі саудиялық аазмат болған жағдайда шындықты мойындаудан бас тартты. Сауд Арабиясының басшылары әрқашан Риядтың әл-Қаида лаңкестік тобының мүшелерін немесе ұшақтарды ұрлағандарды қолдағаны туралы құжаттар жоқ деп уәж айтты. Бірақ соңғы айларда АҚШ-тың араб әлеміндегі ең негізгі  одақтасы және АҚШ тарапынан «аймақтағы тұрақтылықтың факторы» деп аталған Сауд Арабиясының беделіне сызат түсті. The Guardian газетінің мәліметі бойынша,  Йеменге қарсы әскери шабуыл, әйелдерге кемсітушілік білдіру және олардың құқықтарын бұзу, мұнайдан түсетін кірістерін мұсылман елдердің істеріне араласуға пайдалану және бұл елдерде экстремизмді тарату АҚШ-тағы қоғамдық пікірдің Сауд Арабиясына жиіркеніш білдіруі мен ызасына себеп болды. 11-ші қыркүйек оқиғасының кейбір құрбандарының жанұяларының талаптарына байланысты АҚШ халқы саудиялық басшылардан бұл лаңкестік оқиғаны зерттеуді талап етті. Қазіргі кезде айтылып жүрген ең маңызды тақырыптардың бірі АҚШ Конгресінің 2002-ші жылы аталмыш лаңкестік шабуыл туралы жинақтаған 28 беттік құпия құжаты болып отыр. Бірақ Буш үкіметі бұл құжатты жасырын түрде архивке жіберуді бұйырған болатын. Алайда АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обама келесі айға дейін бұл құпия құжатты анықтап, халықтың ықтиярына тапсыру туралы уәде берді. Конгрестің тәуелсіз зерттеу комитеті мүшелерінің бірінің The Guardian газетімен сұхбаттасқаннан кейін бұл құжатты басып шығару бұрынғыға қарағанда көбірек қажет болды. Ол The Guardian газетіне берген сұхбатында: «Сауд Арабиясы үкіметінің 11-ші қыркүйек күнгі лаңкестік шабуылда ұшақ ұрлаушылармен ынтымақтастық жасағаны анық»,- деді. 11-ші қыркүйек оқиғасы және Нью-Йорктегі қос ғимаратқа жасалған шабуылдан бері 15 жыл өткен кезде Сауд режимінің рөлі мен араласуы туралы жаңа құжаттар пайда болды. Осы мәліметтер бойынша АҚШ-тың федералды полициясы ҒВІ Сауд режимінің 11-ші қыркүйек оқиғасына қатысты болуы және шабуылдарды ұйымдастыру туралы зерттеудің нәтижелерін жасырған. The Independent газеті АҚШ-тың The New York Post газетінің мәліметіне сілтеме жасап: «ҒВІ Сауд режимінің 11-ші қыркүйек оқиғасына қатысты болуы  туралы зерттеудің нәтижелерін жасыруына байланысты айыпталды. Осы мәліметтер бойынша ҒВІ 11-ші қыркүйек оқиғасынан бірнеше апта бұрын саудиялық танымал жанұялардың бірінің болжамаған жағдайда АҚШ-тан кетуі туралы уәжді зерттеген болатын. Бірақ зерттеулердің егжей-тегжейін Конгрестің 11-ші қыркүйек оқиғасын зерттейтін комиссияның ықтиярына тапсырмаған»,- деп жазды. Аталмыш комитеттің ең негізгі мүшелерінің бірі болған Нью-Джерси штатының бұрынғы басшысы Том Кейн және АҚШ Конгресінің бұрынғы мүшесі Ли Гамильтоннның пікірлері бойынша, Сауд Арабиясының Лос-Анджелестегі консулдығы дипломаттарының бірі ұшақтарды ұрлаған екі адамды қолдағаны үшін айыпталған. Бұл саудиялық дипломат 11-ші қыркүйек оқиғасынан бір жыл бұрын АҚШ-тан кеткен болатын. 11-ші қыркүйек оқиғасы туралы зерттеу комиссиясының басшылығын өз міндетіне алған бұрынғы демократ сенатор Боб Грахам New York Post газетіне берген сұхбатта «ҒВІ саудиялықтардың бұл оқиға қатысты болуын жасырды. 28 беттік құпия мәлімдеме 11-ші қыркүйек оқиғасын қаржылай қамтамасыз етушілерге қатысты. Сауд Арабиясы оқиғаның қаржылай қамтамасыз етушісі ретінде айыпталуда. Ағылшын тілін  білмейтін, бұрын АҚШ-қа сапар шекпеген, тіпті орта мектепті бітірмеген адамдардың АҚШ-тың ішінен қолдау көрмей мұндай шиеліністі әрекетті орындағандарына күмән туады»,- деді. Грахамның пікірінше, АҚШ Сауд Арабиясымен қарым-қатынастарын сақтап қалу үшін және Сауд Арабиясының басшылар мен капиталистердің тәрбиелеушісі болуына байланысты  бұл елдің аталмыш оқиғадағы рөлін осы уақытқа дейін жасырып келді. АҚШ-тың бұрынғы демократ сенаторы әрі АҚШ-тың Үндістандағы елшісі  бірінші рет бұл құжатты 11-ші қыркүйек оқиғасының ортақ зерттеу комитетінің мүшесі ретінде оқып: «Бұл құжатта Сауд Арабиясы үкіметінің Калифорнияның оңтүстігінде өмір сүрген оқиғаға қатысты екі лаңкеске ресми қолдау көрсеткендері туралы айтылған. Бұл мәлімет  11-ші қыркүйек оқиғасын зерттеумен айналысатын комитеттің ықтиярына тапсырылды»,- деді. АҚШ-тың басқа бұрынғы сенаторы Боб Керри де 11-ші қыркүйек оқиғасын зерттейтін комитеттің 10 мүшесінің бірі ретінде 28 беттік құжат жарыққа шығуы керек деп санайды. Ол елдің үкімет басындағыларына: «Сендер лаңкестерге ақша беріп, содан соң олардың әрекеттерінің бізге қатысы жоқ деп айта алмайсыңдар»,- деді. Рейганның президенттік кезіндегі АҚШ теңіз күштерінің бас хатшысы Джо Лиман: «11-ші қыркүйек оқиғасына қатысты 19 адамның 15-і Сауд Арабиясының азаматтары болды. Олар саудиялық мектептің шәкірттері. Олар мектепте экстремистік  ой-пікірлермен танысқан. Сауд Арабиясының мұнайдан кейін дүниеге экспорттайтын екінші өнімі – вахабизм Уаһабшы ғалымдар жоғары лауазымдарға жабысып, өз ой-пікірлерін тарату үшін миллиардтаған доллар жұмсайды»,- деді. АҚШ Конгресіндегі республикашыл және демократ партияларының негізгі мүшелері саудиялық жоғары лауазымды басшыларының сот қолсұқпаушылығының күшін жоятын заң бекітті. Сондықтан, егер 11-ші қыркүйек оқиғасына саудиялық басшылардың қатысты болуы дәлелденсе, олар АҚШ соттарында сотталады. Рияд бұған реакция білдіріп, егер бұл жоба бекітілсе, АҚШ үкіметінің 750 миллиард долларлық акцияларын сатып жіберетіндігін айтып, қорқытты. Сауд Арабиясының бұл ұстанымы Сауд режимі үшін зиянмен аяқталып, Батыс ақпарат құралдарының көбі бұл әулетке қарсы ұстаным білдірді. АҚШ жерінде 3000-ға жуық адамның қаза болуы өкінішті жағдай. АҚШ азаматтары мен 11-ші қыркүйек оқиғасы құрбандарының жақындарының тым болмағанда осы оқиға  туралы шындықты біліп, оны іске асырғандардың сотталуын көру құқығы бар. Осы кезде Сауд Арабиясының бұл оқиғадағы және әлемнің басқа лаңкестік әрекеттерге қатысты болуы, нақтырақ айтқанда лаңкестерді қаржылай қамтамасыз етуі анықталған жағдайда лаңкестікпен күрес туралы уәж айтып, лаңкестікпен күресу үшін Таяу Шығыс аймағына  әскерилерін аттандырған АҚШ үкіметі саудиялық басшыларды айыптағылары келмейді ме? АҚШ саясаткерлерінің көбі Сауд Арабиясының үкіметіндегі тұрақтылықты басқа кез келген нәрседен маңызды санайды. Сондықтан олар Сауд режимі таратып отырған уаһабшы экстремистер мен бұл әулеттің әрекеттеріне көзін жұмып отыр. АҚШ үкіметінің экономикалық-саяси мүдделері азаматтарының өлімінен жоғары ма? 15 жыл бойы жасырылған шындықты әшкерелеу және  оны іске асырған лаңкестердің қолдаушыларын соттап жазалау 11-ші қыркүйек оқиғасының құрбандарының  құқығы емес пе? Бұл АҚШ үкіметі жауап беретін сұрақтар.

Тегтер