Маусым 29, 2016 12:56 Asia/Almaty
  • Қасиетті рамазан айының дұғалары 8

Рамазан айының сегізінші  күнінің дұғасы:

Уа, Алла!

Осы күні маған жетімдерге мейірімділік көрсететін, аштарды тамақтандыратын, жомарттармен бірге отыратын мүмкіншілік бере гөр, уа, армандаушыларды паналатушы!

Жетімдерге аяушылық білдіріп, оларға қамқоршы болу - Исламның  үлкен бұйрықтарының бірі. Жетім деген өзінің қамқоршысынан айрылған адам. Алла Тағала жетімдердің құқықтарын құрметтеп, оларға  аяушылық білдіруді қуаттайды. «Духа» сүресінде Исламның ұлық пайғамбарына бала кезінде жетім болған кезде Алла оған  көмектесіп, дұшпаннан қорғағандай: «Сен де еш уақытта жетімді қорлама»,- деп ескертілген. Дұғаның келесі сөйлемінде Алладан   рамазан айында басқаларды тамақтандыруға мүмкіндік беруді сұраймыз. Бұл айдағы ең маңызды ғамалдардың бірі  ораза тұтушыларды, кедейлер мен мұқтаждарды тамақтандыру болып саналады. Бұл ғамал Алланың ризалығы үшін жасалса, көптеген сауапқа ие.  Исламның ұлық пайғамбары  бұл туралы: «Бұл қасиетті рамазан айында ауызашар беріп, тамақтандырған адам қиямет күні нақты басып, күмәнданбайтын болады. Тіпті жоқ болған жағдайда да құрма немесе шаймен  басқаларды күтіп алуға болады»,- деген болатын. Дұғаның жалғасында Алладан  «пәк әрі иманды, жомарт адамдармен бірге болуға көмектесе гөр» деп сұраймыз. Бұл зор маңызды мәселе. Өйткені егер қасындағы адам ахлақтық  тұрғыдан сау болмаса адамның құлдырауына себеп болады. Дұғаның соңында  Алланың құдыретін мойындап: «Бұл айға берген нығметтерінің құқығына байланысты дұғаларымызды қабыл ет, уа, армандаушыларды паналатушы!" дейміз.