Маусым 29, 2016 13:11 Asia/Almaty
  • Рамазан керуенімен 10

Ұлы Аллаға қасиетті рамазан айының осы күнін түсінуге көмектескеніне ризалығымызды білдіріп, бүгін бізді бір сәтке болса да жалғыз қалдырмай, дұғаларымызды қабыл етуін сұраймыз.

Рамазан – қасиетті ай. Бұл айдың берекесі мүміндер мен ораза тұтушылардың жүректері мен жандарына әсер етеді. Бұл – жүректердің Аллаға деген махаббатары өрістейтін және рухани ерекшеліктерді түсінуге жағдай тудыратын ай. Қасиетті рамазан айы адал пенделері мен илаһи әулиелері үшін берекеге толы ай. Өйткені бұл айда әлемнің Жаратушысымен сырласып, қажеттіліктерді айтатын мұрсат туады. Адам әр заманда Алламен сырласып, дұға тілеп, Одан көмек сұрауды қажет етеді. Адам Алланың бар екенін түсінбей, Онымен қарым-қатынас орнатпаса өзін әлсіз сезініп, қиындықтарға төзе алмайды. Аллаға иман келтірген адам ең қиын жағдайда оның даусын естіп, оған көмекке келетін құдіретті Жаратушының бар екенін біледі. АллаТағала Құран Кәрімде пенделеріне «Мені шақырыңдар, дұғаларыңды орындаймын» деген. («Ғафер» сүресі, 60-шы аят). Бұл ешбір дұғаның орындалмай қалмайтынын білдіреді. Аллаға назар аудару және Онымен қарым-қатынас орнату адамның шаршап-шалдыққан тәніне жаңа дем беріп, оны үміттендіреді. Өйткені ол өзн Алланың ең жақсы жолға нұсқайтынын біледі. Дұға адамның жүрегін Аллаға жақындатып, адамның жанын рухани байлыққа толтырып, ойын дұрыс жолға нұсқайды. Алламен қарым-қатынас орнатуды маңызды емес деп санамау керек. Адамның барлық өмірі осы қарым-қатынасқа  байланысты. Аталмыш қарым-қатынас адамға Алладан басқа ешкімнен және еш нәрседен қорықпауды үйретеді. Адам мен Жаратушының арасындағы қарым-қатынас адамдардың жүрегін мүміндер мен Алланың жолына түскендерге деген махаббатпен толтырады. Алламен қарым-қатынас орнату адамның барлық жағдайда  илаһи ризалыққа ие болу туралы ойлануына және өзінің жеке мүдделері үшін Алланың  бұйрықтарын орындауына себеп болады. Бұл қарым-қатынас  әйел мен ер, қарт пен жас, бай мен кедей және мекен мен уақытқа байланысты емес. Қалаған сәтте Аллаға бет бұрып, Одан көмек сұрауға болады. Қажеттіліктер туралы айту арнайы жағдай мен мекенді қажет етпейді. Дұғаның әдептерін сақтау құлшылық ететін адамның әдептілігін көрсетеді. Діни тұлғалар бұл салада бізге қажетті тағылымдарды қалдырды. Сол себепті әр сәтті адам мен Жаратушының арасындағы қарым-қатынасты  нығайту үшін  пайдалану керек. Қасиетті рамазан айы осындай мұрсаттардың бірі.

Дұға деген талап, тілектер мен армандар. Талап, тілектер  кедейшілікке байланысты. Алланың алдында өзінің кедейлігінің ақиқатын түсінген адамның  дұғасы қабыл болады. «Фұрқан» сүресінің 77-ші аяты дүғаның  құндылығы мен маңыздылығы туралы және Ұлы Алладан пана тұту туралы: «Мұхаммад (с.ғ.с.) оларға: “Егер құлшылықтарың болмаса, Раббым, сендерді неге бағаласын? Рас, сендер жасынға айналдырдыңдар. Сондықтан азапқа душар боласыңдар” де»,- деп айтады. Өйткені, дұға еш нәрсені қажет етпейтін Ұлы Алланың алдындағы кедейшіліктің көрінісі. Шексіз әрі пәк Алланың алдындағы мұндай мойындаулар адамды кемелдікке жеткізіп, жоғары көтереді. Бұл миғраж немесе адамның рухының жоғары көтерілуі дұғаның сырларының бірі. Алла Тағала әлемнің шынайы Иесі және барлық жаратылыстардың ырзығын беруші. Жаратушы нығметтерінің көбісін  өзінің пенделеріне олар  сұрамай-ақ сыйлайды. Кейбір нығметтер адамдардың ғамалдарына қарай жіберіледі. Имам Садық (ғ.с.) өзінің серіктерінің біріне: «Алланың қасында  тек дұға арқылы жететін дәреже бар. Адам дұға жасамай, қажеттіліктерін сұрамаса оған еш нәрсе берілмейді. Сондықтан қажеттіліктерііді сыйласын десеідер, сұраңдар»,- деген. Дұға тілеудің дұға оқудан айырмашылығы бар. Кейбір уақытта дұғалар әдетке айналып, қайталанады. Мұндай жағдайда дұға оқып  отырған адамның болмысында еш өзгеріс байқалмайды. Бірақ кейбір уақытта, әсіресе алаңдап, абыржыған кезде адам тек тілімен ғана емес, бүкіл дене мүшесімен Алладан сұрайды: адамның  рухы мен жаны Алланы пана тұтып, қажеттіліктерін сұрайды. Алланы қасиетті есімдерімен еске алып, Оның алдында қолын жайып, қажеттіліктері мен талаптарын сұрайды. Қасиетті хадисте Сұбхан Алланың хазірет Исаға: «Әй, Иса! Мені шақырған кезде даусы естілмей, суға батып бара жатқан адам сынды дұға тілеп, Маған бұрыл! Әй, Иса! Маған бойсұнып, оңаша қалып, Мені еске ал. Менің сенің қарапайымдылығыңа риза екенімді біл. Сол себепті дұғаларыңда жүрегің мен жаныңды дайындап, Мені жылап шақыр»,- деді. Дұғаның қабыл болатын жолдарының бірі тақуалықты сақтау болып табылады. Құран негізі бойынша «Алла сөзсіз тақуалардың құрбанын қабыл етеді». («Мәиде» сүресі, 27-ші аят). Рауаяттардың бірінде: «Алладан сұрадық, бірақ орындалмады»,- деп айтылған. «Алла туралы хабардарсыңдар, бірақ бағынбайсыңдар. Құран оқисыңдар, бірақ оның айтқандары бойынша ғамал етпейсіндер. Алланың нығметтерін пайдаланасыңдар, бірақ шүкір айтпайсыңдар. Жәннәттың сұрағандар үшін жаратылғанын білесіңдер, бірақ сұрамайсыңдар. Тозақ туралы естідіңдер, бірақ одан қашпайсыңдар. Өліммнің бар екенін білесіңдер, бірақ оған дайындалмайсыңдар. Ата-аналарыңды жерлейсіңдер, бірақ ғибрат алмайсындар. Шайтанның дұшпан екенін білесіңдер, бірақ қарсы тұрмайсыңдар, керісінше онымен ымыраға келесіңдер.  Өз кемшіліктеріңнен айрылудың орнына басқалардан кемшілік іздейсіңдер. Мұндай адамның дұғасы қалай қабыл болады»,- деп жауап қайтарылған. («Тазкарат ул-Оулиа»). Қасиетті рамазан айының мұсылмандарға тигізетін әсерлерінің біріне олардың қасиетті мекендерге зиярат жасаулары жатады. Қасиетті рамазан айына  бірнеше күн қалған кезде мешіттер мен басқа діни мекендерді тазартып, кілемдерін жуып, бұл айды қарсы алуға дайындалады. Басқа жақтан рамазан айы басталғанда мүміндердің көбі зиярат жасап, Құран оқып, дұға тілеу үшін діни мекендерге барып, өздерінің рухани байлықтарын өрістетеді. Бұл салада қасиетті рамазан айында, әсірсесе бұл айдың, басында, ортасы мен соңында және қадір түндерінде имам Хусейннің (ғ.с.) кесенесін зиярат етудің ерекшелігі туралы көп қуатталған. Имам Садық (ғ.с.): «Қадір түні келген кезде жетінші аспаннан «Алла Тағала имам Хусейн (ғ.с.)-ның қабірін зиярат еткен адамды кешіреді» деген дауыс естіледі. Басқа рауаяттардың бірінде «Қадір түні хазіреттің қабірінің қасында екі рекет намаз оқыса, Алланы пана тұтып, Одан жәннәтқа түсіруді, тозақ отынан  сақтауды сұраса Алла Тағала оның сұрағанын орындап, оған пана беріп, оттан құтқарады»,- деп айтылған. Әйгілі ғұламалар да бұл айда осындай ғамалдар жасаған. Олар діни мекендерге келіп, пайғамбар әулетіне махаббаттарын білдірген. Ғұлама Табатабаи Құмда өмір сүрген кезде рамазан айының күндерінің бірінде ауызашардан бұрын пайғамбар әулеті ұрпағының бірі хазірет Масуменің кесенесіне барып, сол күнгі ауызашарын әйгілі ханымның  кесенесінің қоршауын сүйіп ашатын. Ғұлама Муттахари марқұм ғұлама Табатабаиды есіне алған сайын: «Рухым сенің құрбаның болсын»,- дейтін.  Ғалымдардың бірі ұстаз Муттахариден: «Ғұлама Табатабаиге деген үлкен құрметіңіздің себебі не?»- деп сұрағанда, ол: «Мен көптеген философтар мен мистиктерді көрдім. Менің ғұлама Табатабаиді құрметтеуім философ болғандығына байланысты емес, оның исламның ұлық пайғамбарының әулетіне ғашық болуына қатысты. Өйткені ғұлама Табатабаи рамазан айында тұтқан оразаларында хазірет Масуменің қасиетті кесенесінің қоршауын сүйіп, ауызын ашатын. Ол өзінің  жасы мен жолдың ұзақтығына қарамастан қасиетті кесенеге   үйінен жаяу келіп, оның қоршауын сүйіп, үйіне оралып, содан кейін барып аузын ашатын»,- деп жауап берді. Сонымен бірге ғұлама Табатабаи мистикалық және рухани салаларда жоғары деңгейге жеткен. Ол мінәжәттар мен дұғаларды көп оқыған. Ғұлама жол жүрген сайын Сұбхан Аллаға зікір айтатын. Ол пікірталастар мен дәрістері аяқтала салысымен зікір айтуға кірісетін. Нәпіл намаздар оқып, тіпті жүріп келе жатқан кезде де нәпіл намаздарын оқитын. Рамазан айының түндерінде таң атқанша ояу болып, уақытының біраз бөлігін зерттеулеріне бөліп, басқасын дұға, Құран және намаздар оқуға арнайтын.