Қасиетті рамазан айының дұғалары 11
Рамазан айының он бірінші күнінің дұғасы:
Уа, Алла!
Бұл күні мені жақсы істерге қарай бұр. Бұзақылық пен күнәләрдан алыстат. Ашу-ызаға ерік беруіме тыйым сал, уа панасыздардың Құтқарушысы!
Қайырымдылық – жақсы ғамал. Жақсылық жасаған кезде адамның мақсаты тек Ұлы Алланың ризалығына ие болу болғаны жөн. «Бақаре» сүресінің 195-ші аяты бойынша, Алла Тағала қайырымдылық жасағандарды жақсы көреді. Сол себепті әр адам Жаратушысының сүйіктісі болу үшін қайырымдылық пен жақсылық жасауды өз ғамалдарының үлгісі қылуы керек. Біз де бұл күні Алладан Оның ризалығына ие болу үшін қайырымдылық пен жақсылық жасауды нәсіп етуді сұраймыз. Дұғаның келесі бөлімінде Алладан бұл күні бізден күнәларды алыстатуды сұраймыз. Илаһи бұйрықтарға бағынбау және оларды орындамау «бүлік» деп аталады. Егер адам күнә мен бүлікті жаман деп санамай, керісінше одан ләззат алса, олардан алыстауы қиын болады. Ал егер оларды жаман деп санаса күнәдан тартыну ол үшін жеңілірек болады. Қасиетті рамазан айының он бірінші күнінің дұғасында Ұлы Алладан «бізге ашуың мен азабыңды харам ет» деп сұраймыз. Адам үшін қайырымдылық жақсы саналып, күнә жиіркеніш тудыратын болса адамның жақсылыққа бет бұрып, күнәдән алыстауына жеткізеді. Нәтижесінде адам Алланың азабы мен ашу-ызасынан аман қалады. Илаһи рақымдылыққа мүміндерді бөлегені сынды Алланың ашуы да күнәһарларды шырмайды. Бұл күннің дұғасының соңғы бөлімінде: «Уа, Алла! Бұл күні Өзіңнен үш нәрсені сұраймын: бізді жақсылықпен достастырып, күнәні жаман деп білгізіп, ашуың мен азабыңды алыстата гөр. Бұл тілектерімізді Өзіңнен көмек алып сұраймыз. Өйткені Өзің біздің көмекшіміз болмасаң еш уақытта талаптарымызға жете алмаймыз, уа, мұқтаждардың Құтқарушысы!»,- деп айтылған.