Рамазан керуенімен 13
Бұл қасиетті айда алтын уақытты көбірек пайдалану арқылы денсаулықты сақтау сынды маңызды мәселеге назар аударамыз.
Бұл айда адам сәресі мен ауызашар кезінде ғана тамақтанады. Осыған орай дәрігердің бірнеше ақыл-кеңесімен танысқан жөн. Қасиетті рамазан айында біздің тамақтану тәртібіміз қатты өзгермей, мүмкіндігінше қарапайым болып, адамның салмағына көп әсер етпегені дұрыс. Егер адамның салмағы артық болса, рамазан айы салмақты табиғи деңгейге қайтару үшін қолайлы уақыт. Қасиетті рамазан айында ораза тұтатын сағаттардың ұзақ болуына байланысты адамның денесі асқазаны жақсырақ қорыта алатын тамақты қажет етеді. Оразаны сәресін жемей ұстау ас қорытатын жүйеге зиян келтіреді. Күннің ұзақтығына байланысты дұрыс тамақтану керек. Біртіндеп қорытылатын тамақты жеуіміз керек. Қорытылуы ұзаққа созылатын бұршақ, дәнді-дақылдар, бадам, банан және басқа де жемістер, салаттар, протеинге бай жұмыртқа, ет, сүт тағамдарын пайдалануымыз керек. Майлы, қуырылған және қанты көп тамақтардан бойтартқан жөн. Адамның бір тәулікте сегіз стакан суды қажет ететіндігіне байланысты ауызашар мен сәресі және олардың арасында жеткілікті мөлшерде су мен сұйықтық ішу керек. Ораза тұтатын адамдардың кейбіреулерінің тамақтанған кездегі қателіктерінің бірі олар шөлдеулеріне байланысты ауыздарын суық су немесе суық сусындармен ашады. Негізінде ауызды жылы су немесе шаймен ашқан дұрыс. Содан соң құрма мен мейіз жеген дұрыс, өйткені бұл екеуі адамның тәбетінқадағалауға себеп болады. Имам Садық (ғ.с.): «Алла елшісі ауызашарды халуамен бастайтын. Егер халуа таппаса, бірнеше құрмамен, ал егер құрма таппаса жылы сумен ашатын. Бұл нәрселер асқазан мен бауырды тазартып, ауруды алыстатады»,- деп айтқан болатын. Ауызашар кезінде әртүрлі көже ішу денедегі судың мөлшерін сақтауға себеп болады. Организмді қажетті сумен қамтамасыз ет үшін ауызашардан кейін түрлі жеміс жеп, шай ішу керек. Адамның рухын нәпсі мен шайтандық түрткілерден тазарту саласындағы қадамдардың бірі есеп жүргізу болып табылады. Есеп жүргізу деген әр адамның жылдың, айдың, аптаның немесе тіпті әр күннің соңында өзінің ісін есепке алуы. Сол кезде жақсылық пен жамандық тұрғысындағы өзінің ғамалдарын, Аллаға құлшылық етуі мен Оның бұйрықтарына бағынбауын анықтайды. Бұл есеп әр күні, аптасы, айы мен жылындағы пайдасы мен шығынын санап отыратын саудагердің есебіне ұқсас. Дүниелік және діни істердің есебін жүргізудің көптеген ережелері бар. Егер есептің арқасында үлкен пайда анықталатын болса, ғамал мен таңдаған жолдың дұрыс болуын көрсетеді. Мұндай жағдайда адам өзінің тәсілін жалғастырады. Егер, керісінше, зияны байқалса дағдарыс пен қатерге себеп болады. Сондықтан қатердің алдын алу үшін шара қолдану қажет. Рухани істерді де осы тәсіл арқылы өзгерту керек. Адам әрқашан шығарған шығындарының орнына қолына не түсетіндігі туралы ойланып, абай болуы керек. Нәтижесінде неге жетеді? Пайда көреді ме, әлде шығынға батады ма? Пайда көрсе жақсы. Егер зиян көрсе одан артық болатын шығындардың алдын алып, бірте-бірте бұл жолды пайда түсетін жолға айналдыру керек. Имам Әли (ғ.с.) бұл салада: «Өз нәпсісін қадағалап, кемшіліктері мен күнәләрынан хабардар болған адам тәубеге келіп, кемшіліктерін өзгертуге талпынады»,- деген болатын. Сөздер мен ғамалдарға есеп жүргізу адамның ұқыптылығына себеп болады. Нақты есеп кезінде адам өзінің ғамалдары мен ниеттерін зерттеп, оның себептерін түсіне алады. Ғамалдарын есепке алатын адам егер қуанышқа бөленсе немесе уайым-қайғыға батса өзінің жағдайының себептерін зерттеуге кірісіп, өзінен: «Бұл жағдайымның негізгі себебі не болды?» деп сұрайды. Немесе бір мәселе туралы пікір айтқан болса, өзінен: «Пікірімді Алла үшін айттым ба әлде басқалардың назарын аударту үшін болды ма немесе ішкі тәкаппарлықты жасыру үшін айтылды ма?»- деп сұрайды. Қиямет күні періштелер адамдарға сұрақтар қояды. Бірақ бұл дүниеде адам өзі өзінен сұрайды.
Исламның ұлық пайғамбары насихаттарының бірінде өзінің адал серіктерінің бірі Абузарға: «Әй, Абузар, есеп алынбастан бұрын өзіңнің нәпсіңді есепке ал, өйткені бұл іс қияметтегі есептің жүгін жеңілдетеді. Сені бағалаудан бұрын өзіңді өзің бағалап, өзіңді еш нәрсе жасырын қалмайтын қиямет күніне дайында. Әй, Абузар, өзінің нәпсісін қадағаламаса ешбір адам адал саналмайды. Бұл қанша ішіп-жегені мен қанша киінгенді есептеуден қиын. Қолға түскен нәрсе харам ба, әлде халал жолмен келді ме? Әй, Абузар, илаһи заңдарға табанды болмаған және мүліктің қай жолдан келгеніне көңіл бөлмейтін адамды Алла үшін тозаққа қай жолдан кіргізетіні маңызды емес. («Васаел әл-Шие», 16-шы том). Іс-әрекеттің есебі арнайы бір уақытқа қатысты болмағанымен қасиетті рамазан айы бір жылдық іс-әрекетті есептеу үшін жақсы мұрсат. Хиджраның 6-шы ғасырының әйгілі ғұламасы, ахлақ саласының ұстазы Сейед бен Тавус: «Кейбіреулердің жылдары фарвардинмен басталады. Олар жылдары осы аймен басталатын тал-теректер сынды жаңа киім киюге талпынады. Шаруаның жылы күзден басталады. Өйткені ол бұл кезде егіннің кірісін есептейді. Өнім шығаратын зауыты бар саудагер өзінің жылының басын өзі белгілейді. Алайда құлшылық етушілер үшін жылдарының басы қасиетті рамазан айы саналады. Олар есеп жүргізіп, өткен рамазан айында қандай рухани деңгейде болды және биыл қай сатыға жеткенін анықтайды. Қасиетті рамазан айы Алланың достары үшін есеп жүргізетін ай»,- деп айтқан болатын. Қасиетті рамазан айы – Құранның көктемі және Алланың шексіз нығметтерінің айы. Оның күндері мүміндердің ғашық жүректеріне Ұлы Аллаға жақындауларынан хабар береді. Бұл айда мұсылмандардың жігері нығайып, ішкі буындары босайды. Яғни, ораза тұтатын адам тек ішіп, жеуден ғана тартынбайды. Ол өзінің нәпсісімен күресіп, өзінің талаптарына қарсы табандылық білдіреді.
Кристиан Бекер рамазан айын өзінің жігерін тәрбиелейтін мұрсат және ораза тұтуды жағымды іс деп түсінген жаңадан мұсылман болған адам. Ол: «Қасиетті рамазан айында әрқашан ерекше көңіл-күйге ие боламын. Өйткені қасиетті Құран Исламның ұлық пайғамбарына бірінші рет осы айда жіберілді. Пайғамбар: «Рамазан келіп, ораза тұтатын мұсылмандардың алдарынан жәннәттің есіктері ашылып, тозақтың есіктері жабылады»,- деп айтқан болатын. Осылайша, рамазан мен оразаны екі рухани қалқан деп айтуға болады. Бұл мәселеден хабардар болу менің күшімді екі есе арттырады»,- деп айтады. Ол өзінің бұл айда ораза тұту мүмкіндігін Алланың көмегі деп санап: «Рамазан айының негіздері мен ережелері күн сайын маған тәжірибе сыйлады. Ауызашар сайын мен өзімді жеңіске жеткен адам сезіндім. Сөйтіп Исламның маңызды екі негізін түсіндім. Жаратушымыз Исламның ұлық пайғамбары тарапынан: «Егер пенде Маған қарай бір қадам басса, Мен оған қарай он қадам алға басамын»,- деді. Бұл сөздердің сыры біздің бір қадам жасауымыздың жеткілікті екендігінде, ал келесі қадамдарымыз үшін Алланың бізге көмекке келетіндігіне қатысты. Рамазанның соңында адамның күші азаяды. Бірақ бұл отыз күн жылдам өтеді. Мен бұл айдың соңында тазарғанымды сеземін. Аллаға жақындағандай боламын»,- деді. Адам ораза тұтып, ішіп, жеуден тартыну және басқа да ғамалдарымен шын мәнінде нәпсісімен күресіп, рухы мен жанын тілектерінің билігінен алыстатады.