Маусым 29, 2016 13:33 Asia/Almaty
  • Қасиетті рамазан айының дұғалары 15

Рамазан айының он бесінші күнінің дұғасы:

Уа, Алла!

Бұл күні маған қарапайым пенделеріңнің мойынсұнуын нәсіп етіп, Өзіңе қарай жүрегімді аша гөр, уа, тақуаларға пана беруші!

Қасиетті рамазан айының он бесінші күнінің дұғасын «бұл күні маған қарапайым пенделеріңнің мойынсұнушылығын нәсіп ет» деп сұраумен бастаймыз. Алла Тағала «Мүмінүн» сүресінің 2-ші аятында қарапайымдылықты мұсылмандардың ерекшеліктерінің бірі деп атаған. Мұсылманның сырт көзге көрінетін мүшелерімен бірге жүрегі Алланы жақсы сезеді. Дұғаның жағасында Алладан бізді қарапайым және Аллаға құлшылық ететін адамдардың қатарына қосуды сұраймыз. Исламның ұлық пайғамбары: «Алла қалаған  адамының жүрегіне нұр жіберіп,    оның рухын кеңейтеді. Оның белгісі адамның мәңгілік өмірге назар аударып, дүниенің мүлкінен алыстап,  өлімге дайындалуы»,- деп айтқан болатын. («Маджма әл-Баиан», 4-ші том»). «Анғам» сүресінің 125-ші аятынан: «Сонда Алла кімді тура жолға салуды қаласа, Ислам үшін оның көңілін кеңітеді»,- деп оқимыз. Қарапайымдылық – тақуа мүміндердің  айқын қасиеттерінің бірі. Имам Әли (ғ.с.) иманды мүміннің белгілері туралы: «Діндарлық тұрғысынан күшті, жұмсақ мінез әрі терең ойға ие; иманды, білімді меңгеруде талапты. Ұстамды мінезге ие, сондай-ақ, ғибадатында сабырлы, қиындықтарда шыдамды, халал кәсіпті мақсат етіп,  дұрыс жолға нұсқау жолында көңілді, дүниеқұмарлықтан бойын аулақ салушы»,- деп айтқан болатын. Ұлы тұлғаның сөзіне көңіл бөліп, қарапайым адамның шыншыл адам екенін түсінеміз. Ол күні-түні Жаратушыны ұмытпай, есіне алады.  Сондықтан бұл күні біз де Алладан шыншылдар мен тақуаларға жіберетін нұр сыйлауды сұраймыз.