Маусым 29, 2016 13:44 Asia/Almaty
  • Қасиетті рамазан айының дұғалары 17

Рамазан айының он жетінші күнінің дұғасы:

 

 Уа, Алла!

Осы күні маған ізгі ғамалдарға қарай жол нұсқап, арман-тілектерімді орында. Уа, Алла! Сенің дәргаһыңа баруға қатысты мұқтаждығым мен армандарым тәпсірлеу мен сауалды қажет етпейді, уа, әлемдіктердің жүректеріндегіден хабардар данагөй! Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пен оның әулетін жарылқай гөр!

Қасиетті рамазан айының 17-ші күні Алладан ізгі ғамалдарға қарай жол нұсқауды сұраймыз. Ізгі ғамалдар ақыл мен шариғатқа сай ғамалдар. Олардың мақсаты Алланың ризалығына ие болу, ал нәтижесі сындарлы өзгерістерге жету. Дұғаның бұл бөлімінде Жаратушыдан  бізді ізгі ғамалдарға қарай нұсқауды сұраймыз, өйткені олардың негізі ізгі. Біз бұл дұғада бізді болмысыздағы ізгі ғамалға жеткізуді өтінеміз. Дұғаның жалғасында арман-тілектерімізді орындауды сұраймыз. Армандар мен тілектердің арасында айырмашылық бар. Армандау – жетуі оңай емес қажетті немесе қажетті емес нәрсені талап ету. Тілек –адамға қажетті нәрсе. Адам бұл күні Алладан тіпті оған жету қиын армандарға да жеткізуді сұрайды. Алла Тағала пенделерінің барлық жағдайларынан хабардар. Ол жүректерде жасырын қалған нәрселерді біледі. Исламның ұлық пайғамбары: «Күн сайын маған салауат айтатын әр адамның алдынан Алла Тағала денсаулықтың есігін ашып, рухани және материалдық тілектерін орындап, Маған салауат айтқаны үшін  оның бұл дүние мен ақыретін қамтамасыз етеді»,- деген. Сол себепті қасиетті рамазан айының он жетінші күнінің дұғасын рақым хабарын жеткізуші хазірет Мұхаммад Мұстафаға салауат айтып, Алладан дұғаларымыздың қабыл болуын сұраймыз.