Қасиетті рамазан айының дұғалары 18
Рамазан айының он сегізінші күнінің дұғасы:
Уа, Алла!
Осы күні мені таңсәрідегі берекеңнен хабардар етіп, жүрегімді жарқыраған нұрыңмен нұрландырып, дене мүшелерімнің барлығын өз нұрыңның әсеріне бөле, уа әділ жүректерге жарық сыйлаушы!
Қасиетті рамазан айының 18-ші күні Алладан «Осы күні мені таңсәрідегі берекеңнен хабардар ет» деп сұраймыз. Қасиетті рамазан айының таңсәрісі ерекше жоғары құндылықтарға ие. Таңсәрі – түнді күнмен байланыстыратын сәт. Бұл кез аспан мен жердегі періштелер бір-бірімен қарым-қатынас орнататын уақыт. Барлық айлардың таңсәрісі бар. Олардың барлығы маңызды. Алайда қасиетті рамазан айының таңсәрілері ерекше берекеге ие. Дұғаның жалғасында Алладан жүрегімізді жарқыраған нұрымен нұрландыруды сұраймыз. Түннің ортасында ұйқыдан тұрып, ғибадат етіп, Жаратушысымен сырласатын адам жүрегінен бейқамдықтың пердесін алып тастап, жүрегіне илаһи нұрды түсіріп, иманның нұры оның жүрегіне әсер етеді. Хазірет Иса өз халқына: «Сіздерге ақиқатты айтайын: түнді ғибадатта өткізетіндер қандай бақытты... Олар әрқашан жарқыраған нұрға бөленетіндер. Өйткені түннің қараңғылығында оянады»,- деген. Қасиетті рамазан айының 18-ші күнінің дұғасының жалғасында Алладан дене мүшелеріміздің барлығын Өз нұрыңның әсеріне бөле деп өтінеміз. Адам таңертең ерте тұратын және түнін ғибадатта өткізетін болса иманның нұры оның жүрегіне түседі. Сондықтан адамның бүкіл дене мүшесі Аллаға бағынып, Оның бұйрықтарын орындап, екінші кезеңде адам кемелдікке жетуге талпынады. Бүгінгі дұғаның соңында Алладан мәңгілік нұрға бөлендіріп, қасиетті рамазан айының таңсәрісінде жүректеріміз бен басқа да дене мүшелерімізге әсер ете гөр деп тілейміз.