Маусым 29, 2016 13:48 Asia/Almaty
  • Рамазан керуенімен 18

Бүгінгі түн қасиетті рамазан айының 19-шы түні. Бұл түн Қадір түні болуы мүмкін.

Қадір түні Исламның қасиетті түндерінің бірі. Алла Тағала Құран Кәрімде бұл түнді қадірлеп, бұл түннің атымен «Қадір» сүресін жіберді. Жыл бойындағы барлық түндердің маңыздылығы бұл түнге жетпейді. Бұл түн Құран жіберілген, періште жерге түскен түн ретінде танымал. Қадір түніндегі ғибадат мың айдағы ғибадаттан артық. Бұл түнде адамның бір жылғы ырзығы, өмірі және басқа істерінің мөлшері анықталады. «Қадір» сөзінің лексикалық мағынасы мөлшерді, басты мәселені, заттардың саны мен арнайы тәсілін  анықтау болып табылады. Яғни, Қадір түні – адамның тағдырын анықтап, бағдарлама жоспарлайтын түн. Сол себепті мұндай түн Қадір түні деп аталады. Алла Тағала жыл бойында орындағысы келетін істерді сол түнде анықтайды. Өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, құлшылық пен бүлік, бақыт пен бақытсыздық, ырзықтың көбеюі мен азаюы, күнделікті тұрмыс және тағы басқалар.  Мұның барлығы «Духат» сүресінің 4-ші аятында айтылғандай «Осы түнде илаһи хикмет негіздері бойынша анықталады». Діни ғылымдар мен Құран ғұламалары және тәпсіршілері Қадір түнін анықтайтын әртүрлі дәлелдерге ие. Кейбіреулері рамазан айының 19-ші, басқалар 21-ші және 23-ші түндерді Қадір түні санайды. Сүннит мазхаб мұсылмандарының  пікірі бойынша қасиетті айдың 27-ші түні  Қадір түні болуы мүмкін.  Бұл түнде орын алған кейбір оқиғалар оның маңыздылығын арттырды. Рауаяттардың бірінде былай деп айтылған: Имам Әли (ғ.с.) қасиетті рамазан айының 19-шы түні қызы Умма Күлсімнің үйінде қонақта болады. Хазірет түнді ояу өткізіп, бөлмеден шығып, аспанға қарап: «Алламен ант етемін, өтірік айтпаймын және маған да өтірік айтылмаған. Бұл түнде маған шәһид болуым туралы уәде етілген»,- деді. Хазірет таңғы намазын оқу үшін мешітке барып, бейқамдарды намазға оятады. Имам Әли (ғ.с.) мешіттің михрабында намаз оқуға кірісті. Бірінші сәждесінен басын көтерген кезде Ибн Мүлджам қылышын көтеріп, имамның басынан ұрады. Сол кезде имам: «Алламен ант етемін, жеңілдедім»,- дейді. Бұл оқиға Қадір түнінің шиіттер үшін ерекше маңызды саналуында әсері бар. Олар бұл түні бірге жиналып, зікір айту, Құран оқу сынды ғамалдарын орындап, имам үшін аза тұтады. Алла елшісі шағбан айының соңындағы құтпасында қасиетті рамазан айының ерекшеліктері мен маңыздылығы туралы: «Иықтарың күнәларыңның салмағынан ауырлады. Оларды ұзақ сәжделермен жеңілдетіндер»,- де айтқан болатын. Мүміндер ғибадаттың тәтті дәмін татқан соң сәжде жасаған кездегі көңіл-күйдің ерекше өзгерісін байқайды. Олар сәждені Алланың алдында құлшылық  етіп, Оған жақындататын ғибадат деп санайды. Сәжде ұзақ болған сайын   Жаратушы мен пендесінің арасы жақындайды. Өйткені адам жерге жақындаған сайын Алллаға жақындайды. Рауаяттардың бірінде: «Шайтан ұзақ сәжделерге жиіркеніш білдіреді. Өйткені жел талдың жапырақтарын ұшыратындай ұзақ сәжделер күнәларды  жояды»,- деп айтылған.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           Алланың алдындағы ұзақ сәжделер хақ талап ететін пенделер үшін құнды әсерін тигізеді. Адамның ғибадат еткен кезеңі Жаратушыға жақындайтын  кезең болып табылады. Алла елшісі күндердің бірінде үйін жөндеп жүрген кезде бір адам сол жерден өтіп бара жатады. Ол пайғамбарға жақындап: «Иә, Алла елшісі мен құрылыс жұмыстарымен таныспын. Сізге көмектесуге рұқсат етіңіз»,- дегенде пайғамбар оған рұқсат етеді. Жұмыс аяқталған соң Алланың елшісі: «Жасаған жұмысың үшін бізден не тілейсің?»- деп сұрады. Әлгі адам: «Жәннәтті тілеймін»,- дейді. Хазірет бір сәт басын жерге түсіріп, оның тілегін қабылдайды. Ер адам қуанып, пайғамбардан кетіп бара жатқан кезде хазірет: «Алланың пендесі, сені бізді ұзақ сәжделеріңмен есіне ал»,- дейді. Сәжде – Аллаға құлшылық етудің ең жақсы белгісі. Сәжде сырт көзге адам жерге еңкейіп, маңдайын  жерге қойған кезде орындалады. Алайда шын мәнінде маңдайды жерге қою Аллаға құлшылық етуді қабылдау болып табылады. Хазірет Әли (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде: «Сырт көзге сәжде жүректің қарапайымдылығы және ықыласпен дене мүшелерінің жеті жерін жерге тигізу. Бірақ нәпсілік тұрғыдан жүректі пәни  дүниеден алыстатып, бүкіл жігермен мәңгілікке қарай бет бұрып, тәкаппарлық сезімдерден құтылып, дүниеқұмарлықтан бас тартып, набави ахлаққа жетуге талпыну болып табылады. («Мизан әл-Хикмат», 4-ші том). Рамазан кешірімділік сұрап, тәубеге келу, сонымен қатар Аллаға қарай оралатын ай. Өз өмірлерінде күнә жасаған адамдар оразаның көмегімен жандарын тазартып, ішкі болмыстарының пәктігі туралы ойланып, Ұлы Алладан кешірім сұрай алады. Исламның ұлық пайғамбарының пәк әулетінің имамдары бұл айда күнәләрдің кешірілетіндігі туралы айтқан болатын. Бұл күмәндерге ие болып, өз нәпсілеріне бағынған адамдар үшін жақсы хабар. Әрине бұл қасиетті рамазан айында өкініп, күні бойы Жаратушы үшін ораза тұтып, өткен істері үшін тәубе етіп, Одан кешірім сұраған адам  Жаратушының кешіріміне ие болады. Өмірін Аллаға құлшылық етумен өткізген бір ер адам болыпты. Өмір бойында ол ешкімге жақсылық жасамаған екен. Сол себепті Алланың адал адамдары оны еске алмай, оған жиіркеніштерін білдірген екен.  Күндердің бірінде ажал келіп, ол өлім періштесінің торына түседі. Ер адам өмірінің соңына жеткенін және оның бос өткенін  түсініп, өз і-әрекеттері мен істеріне шолу жасап, есіне алып, жүрегін қуантатындай ешбір істің тіркелмегенін, керісінше қараңғылыққа шырмалағанына көзі жетеді. Сол кезде ол: «Уа, бұл дүние мен ақыреттің иелері, ақыреті мен бұл дүниесі жоқ адамдарға рақымдылық етіңдер»,- дейді. Ол бұл сөзін айта салысымен жарық дүниемен қоштасады. Бұл ердің өлгені туралы хабар қалаға тарап, халық мұны естіп, қуанышқа бөленді.  Оның сүйегін қоқыстың арсына апарып тастайды.Түнде қаланың ақсақалдарының бірі түс көріп: «Неге пәлен адамның сүйегін қоқыстың арасына тастадындар? Сен оны шығарып, ғұсыл құйындырып, үсітне кебінін кигізіп, жаназасын шығарып, әулиелер мен адал адамдардың қабіріне жерлеу жұмыстарын қадағалауға міндеттісің» деген дауысты естиді. Ғалым ұйқысынан оянып: «Иә, Алла! Ол жаман адам болды әрі бүлікші ретінде танымал. Оның Алланың алдында қабыл болуына қандай ісі себеп болды.  Неге бұл істі орындауға мен міндеттелдім?»- деп сұрайды. «Оған ажал жетіп, ол өзінің соңы келгенін түсінген кезде біздің алдымызда жылады. Оның шын жүректен шыққан көз жасы біздің рақымдылығымызға себеп болды. Оған рақымдылығымызды білдіріп, күнәларын кешіріп, азаптан құтқардық»- деген жауап алды. Алла елшісінің рауаяттарының бірінен: «Қасиетті рамазан айының түндері  күнәларды кешіреді. Оның соңғы түндері  бүкіл айдағы мөлшерде тозақтан алыстатады. Қасиетті рамазан айында ораза тұтқан адам харамнан алыстап,  жәннәтті жақындатады»,- деп оқимыз. 

Тегтер