Маусым 29, 2016 13:51 Asia/Almaty
  • Қасиетті рамазан айының дұғалары 19

Рамазан айының он тоғызыншы күнінің дұғасы:

 

Уа, Алла!

Бұл күннің берекесінен маған молынан нәсіп етіп, Өзіңнің ризашылығыңа жетер жолымды жеңілдет. Бұл күннің жақсылықтарын қабылдаудан бізді мақұрым етпе, уа, хаққа жол нұсқаушы!

  Қасиетті рамазан айының он тоғызыншы күні Алладан бұл айдағы берекелерді көбейтуді сұраймыз. Бұл күндері пайдалануға болатын Алланың берекелерінің бірі Құран оқу саналады. Өйткені қасиетті Құран осы айда жіберілгендіктен оны оқу көптеген сый мен сауабқа ие. Алла Тағала «Бақаре» сүресінің 185-ші аятында: «Рамазан айы сондай бір ай. Ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді»,- деп айтылған. Сондықтан бұл айда Құран мен илаһи заңдар анықталған. Құранның аяттары туралы ойланып, кемелдікке жетіп, рухани деңгейді көтеруге болады. Мұның барлығы бұл айдың берекелерінің қатарын құрайды. Көбінде адам жақсылық жасағысы келген кезде шайтан әртүрлі жолдармен оған кедергі жасауға кіріседі. Өткен күндердің дұғаларында айтылғандай адам әрбір ниет еткен ғамалы үшін Алладан көмек алуы тиіс. Сол кезде ойындағы жақсылығын іске асыра алады. Егер Жаратушы оған көмектеспесе ол еш уақытта жақсылық жасай алмайды. Сол себепті бұл күні Алладан жақсылық жасауымызды жеңілдетіп, Оның арқасында  жоғары деңгейге жеткізуді өтінеміз. Адам өміріндегі жасаған күнәләрына байланысты Алланың алдында қабыл болатын кейбір жақсылықтарын іске асыра алмайды. Өйткені, күнә – пенденің өзі мен Жаратушының ортасындағы перде. Осыған орай бұл күні Алладан бізді күнәдән алыстатып, жақсылықтарын қабылдаудан бізді мақұрым етпе деп сұраймыз.

Тегтер