Маусым 29, 2016 13:54 Asia/Almaty
  • Рамазан керуенімен 19

Қасиетті рамазан  айында соңғы күндері ерекше маңыздылыққа ие. Олардың ерекшеліктері және сол күндерге тән арнайы ғамалдар мен дұғалар туралы пәк имамдардың рауаяттарында айтылған.

Исламның ұлық пайғамбары қасиетті рамазан айы туралы: «Қасиетті рамазан айы басы рақымдылығы, ортасы кешірімділігі сондай-ақ, соңы дұғалардың орындалуы және тозақтан алыстатуымен танымал болған ай»,- деп айтқан болатын. Яғни, бірінші он күн илаһи рақымдылық пен мейірімділік жауған кезең; қасиетті айдың ортасы тәубе ету, кешірім сұрау және күнәлар кешірілетін күндер, сонымен бірге үшінші он күні дұға тілеп, олар орындалатын уақыт. Сол себепті Исламның ұлық пайғамбары айдың соңғы он күні барлық өмірлік тілектерінен алыстап, мешітке барып, ораза тұтты. Хазірет мешітте тұтқан оразалары туралы: «Рамазан айында мешітте тұтылған он күн оразаның құндылығы екі есе үлкен және екі кіші қажылықтың құнына ие»,- деген болатын. Пайғамбар басында рамазан айының бірінші он күнін, содан соң екінші онкүндігін, сондай-ақ, соңғы онкүндігін мешітте ораза тұтуға арнаған. Нәтижесінде өмірінің соңына дейін мешітте ораза тұтуды қасиетті айдың соңғы он күні орындайтын болды. Қасиетті рамазан айының соңғы он күні келісімен пайғамбар уақытын толығымен құлшылықпен айналысуды мақсат етіп, өзіне дайындалған көлеңке мекенде ғибадатына кірісетін. Имам Садық (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде: «Рамазанның 19-ші түні мөлшерді анықтайтын, 21-ші түні оны растайтын, 23-ші түні бір жылдық мөлшерлерге қол қойылатын түн»,- деп айтылған. Яғни ғибадаттардың нәтижелері рамазан айының соңында анықталады. Сол себепті жас пен қарт, әйел мен ер өнімдерін жинайтын кезде жиналуы керек. Исламның ұлық пайғамбары соңғы он күнді маңыздырақ санайтын. Әрине рамазан айның барлық күндері маңызды, алайда соңғы он күні сый алатын кезең. Сол себепті бейқам қалмаған жөн. Қасиетті рамазан айының соңғы он күні оқылатын дұғалардың бірі шейх Колейнидің имам Садық (ғ.с.)-ның кітабында айтылған дұғасы саналады. Рауаяттар бойынша ол рамазан айының соңғы он күнінің әр түнінде оқылады. «Рамазан айы өтіп, түннен кейін таңның атуы, басқа жақтан күнәләр өтіп, жұмыстың нәтижесі қалып, мені азаптауыңа байланысты Өзіңнің болмысыңның ұлылығын пана тұтамын». («Усуль Кафи», 4-ші том). Сонымен бірге келесі дұғада: «Иә, Алла! Өткен рамазаннан қалған құқықтарымды орында және жасамаған істерім үшін кешір. Бізді бұл айда рақымдылыққа бөленетіндердің қатарына қоса гөр». Исламның ұлық пайғамбары шағбан айының соңғы жұмасында қасиетті рамазан айының ұлылығына тоқталып: «Уа, халайық! Бұл қасиетті айда мұстахаб намаз оқыған әр адамды әлемнің Жаратушысы оны оттан алыстататындардың қатарына тіркейді. Рамазан айында уәжіп намаздарын оқыған әр адам үшін рамазаннан басқа айларда оқылған уәжіп намаздың жетпіс сауабын жазады»,- деді. Мүмін адам уәжіп намаздардағы Алламен сырласудың тәтті дәмін татқан кезде Онымен көбірек қарым-қатынас орнату үшін мұстахаб ғамалдарын орындауды бастайды. Имам Реза (ғ.с.): «Нәпіл намаздарды жақсы орындаңдар. Олардың Ұлы Алланың алдында үлкен сый екенін ұмытпаңдар»,- деп айтқан болатын. («Бихар әл-Анвар», 87-ші том). Нәпіл намаздардың арасында түнгі намаз ерекше маңыздылыққа ие. Құран Кәрім ғибадат жасап, ояу өткізген түн туралы ерекше назар аудартып: «Түнгі ұйқыдан оянып, Жаратушыларын алаңдап әрі үмітпен шақырып, Оның берген ырзығымен басқалармен бөлісеміз»,- деген.  («Сәжде» сүресі, 16-шы аят). Имам Бақер (ғ.с.): «Бұл аяттағы мүміндер намаз оқу үшін жылы төсектерінен тұрып, түнді ояу өткізетіндер»,- деп айтқан болатын. Құран түнді ғибадатта өткізетіндердің сыйы туралы: «Ешбір адам жасаған істері үшін қандай маңызды сыйға ие болатындықтарын білмейді»,- деп айтқан болатын. («Сәжде» сүресі, 17-ші аят). Қасиетті хадисте нәпіл намаздар туралы Алла Тағала: «Менің пендем оған уәжіп еткенімнен артық еш нәрсе ұсынйбады. Ол нәпіл намаздарымен менің махаббатыма қарай бет бұрды. Мен де оны жақсы көремін. Оны жақсы көріп, ол тыңдаған кезде оның құлағы, ол көрген кезде, оның жанары, ол ұрған кезде оның қолымын; ол Менің алдымда дұға тілеген кезде дұғаларын орындаймын» деп уәде берген»,- дейді. («Усуль Кафи», 2-ші том). Ахлақ ғылымы саласының ғұламалары бұл хадисты әртүрлі жақтан сараптады.  «Бихар әл-Анвар» кітабінің иесі: «Иманды пенде ахлаққа шынайы назар аударып, Алла ол үшін сондай жақын болып, ол өзінің жігері мен шешімін ұмытып, нәпсілік талаптарынан бас тартып, тек Алла жақсы көретін нәрсені ғана көріп, тек Алла риза болатын нәрсені ғана естіп, Аллаға жақындайтын ғмалдарды ғана орындайды, сондай-ақ, тек Алла нұсқаған жолмен ғана жүреді»,- деп жазған. Бірнеше жылдан бері қасиетті рамазан айы жаздың ыстық күндеріне түсіп, күндердің ұзақ әрі ыстық болуы мен ыстыққа қатысты шөлге байланысты ораза тұту қиын болуда. Мұсылмандар өмір сүретін кейбір елдердегі  температура 45 дәрежеден жоғары болып отыр. Бірақ бұл мәселелердің ешбіреуі  мұсылмандарды ораза тұтудан бас тартқызбады. Күннің ыстығында ораза тұтып, жұмыс істеу Хедаятолла мен Мұхаммед сынды адамдар сақтаған сабырды талап етеді. Хедаятолла наубайханада еңбек ететін 29 жастағы жігіт. Ол: «Тандыр пештің оты бетке қарай лаулап, киімге тиген кезде ораза тұту өте ауыр. Алайда оразаның берекесі де ауыр жағдайда арта түседі»,-деді. Мұхаммад 36 жастағы  ер адам. Ол жұмыс істеп тұрған кезде оған таянуға болмайды.  Оның пешінің дәрежесі 1500-ден жоғары  болады.   Мұхаммад: «Мұндай жоғары дәрежесі бар пештің қасында тұрған  кезде су ішкің келеді. Мұндай жағдайда сені ораза тұтуға жігерлендіретін нәрсе Алланның ауыр жағдайға қарамастан ораза тұтып отырғаныңды көреді деген сенімің болады»,- дейді. Ғимараттардың бірінің құрылыс жүріп жатқан кезде Асад ұста  қауіпсіздік шараларын сақтап, арнайы аяқ киім мен қолғап киіп, ыстық темірлердің үстінен жүріп, темірді балқытуменайналысады. Ыстық күннің астында Асад ұстаның жұмыс орны темірдің ысуына байланысты адамның басы айналатындай ыстық болады. Бірақ ол ыстыққа назар аудармастан жұмысын жалғастыруда. Ол осындай ыстық жағдайда ораза тұтып: «Жұмыс істеп, ораза тұту қиын, алайда мүмкін іс. Оразаға төзімділік білдіру Алла тарапынан жіберілген  мейірімділік. Нәтижесінде пенде істегісі келген ісін орындайды»,- дейді. Мұндай талпыныстар мен рамазан айының көңіл-күйі бұл ыстық күндердегі ораза тұтудың Исламның ұлық пайғамбарының «Ыстық күндері ораза тұту –джиһад» деген хадисын еске салады.  Ирандық философ Ғұламхосейн Ибрахими Динани   бұл туралы: «Жазда ораза тұту оңай емес. Бірақ бұл қиындыққа шыдамдылық білдіру адамның кемелдікк жетуіне себеп болады. Сол себепті рамазан айындағы намаз бен ораза сырт көзге қиындық тудырады. Бірақ қиындықтарға төзіп, адам бақытына жақындайды»,- деді.