Маусым 29, 2016 13:56 Asia/Almaty
  • Қасиетті рамазан айының дұғалары 20

Рамазан айының жиырмасыншы күнінің дұғасы:

 

 Уа, Алла!

Осы күні менің алдымнан жәннәттың есігін ашып, тозақ отының есігін жаба гөр!

Осы күні қасиетті Кітабыңды оқуға көмек бер, уа, мүміндердің жүректеріне тыныштық сыйлаушы!

Қасиетті рамазан айының жиырмасыншы күні Алладан жәннәттың есігін аша гөр деп сұраймыз. Әрине бұл дұға орындалу үшін өмірі бойында жасаған күнәләрды кешіруді сұрап, тәубе ету, сонымен бірге жақсылық жасау қажет. Өйткені жәннәт жақсылық пен қайырымдылық жасамаған күнәһар үшін харам болып табылады. Жәннәттің есігі күнә жасамаған адамның алдынан ашылады. Тозақтың есіктері адамның алдынан ол Алла мен Оның елшісінің бұйрықтарына бағынған кезде ғана жабылады. Өйткені тозақтың оты Алла мен Оның елшісіне бағынбаған адамдарға арналған. Сол себепті бұл күні Алладан «алдымнан жәннәттың есігін ашып, тозақ отының есігін жаба гөр!» сұраймыз. Шын мәнінде біздің былай тілеуіміз кешірім сұраудың бір түрі. Өйткені, адам күнәға ластанған кезде жәннәтқа кіре алмайды. Құран Кәрім жіберілген қасиетті рамазан айы Қүран оқып, оның аяттары туралы ойлану үшін жақсы мұрсат. Құран Кәрім әлемнің Жаратушысының сөзі болғандықтан ерекше әсер етеді. Имам Садық (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірі бойынша тіпті Құранға қараудың өзі ғибадат саналады». («Усул Кафи», 2-ші том). Исламның ұлық пайғамбарының әйгілі хадистерінің бірінде: «Үйлеріңді Құран оқып, нұрландырындар. Өйткені Құран естілетін әр үйде жақсылық көбейеді. Аспанның жұлдыздары дүниені нұрландырғаны сынды мұндай үйлер аспан тұрғындары үшін нұрланады»,- деп айтылған. Сол себепті қасиетті рамазан айының жиырмасыншы күнінің дұғасында Алладан қасиетті Кітабыңды оқуға және оған сай ғамал етуге көмек бере гөр деп сұраймыз.

Тегтер