Маусым 29, 2016 13:59 Asia/Almaty
  • Хазірет Әли (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы

Хиджри қамаридің 40-шы жылының рамазан айының 21-ші жұлдызында талпыныс, жиһад, ғибадат және көптеген қиындықтарға толы 63 жылдық ғұмырынан кейін хазірет Әли (ғ.с.) шәһид болды.

Бұл күннен екі күн бұрын тасжүрек Ибн Мүлджам өзінің улы қылышымен мешіттің михрабында намаз оқып жатқан кезде хазіретті жарақаттады. Терең жараны көрген дәрігер мұсылмандардың халифасының емделіп, жазылатындығына үміттің жоқ екенін айтты. Алайда бұған дейін де имам Әли (ғ.с.) сан рет шәһид болатын күйге жеткен болатын. Сол себепті мұндай жағдай хазіретке таныс еді.  Имам шәһид боларынан бұрын: «Өлім мен үшін күтпеген қонақ емес. Мені мен өлім біраздан кейін суға жеткен шөлдеген адам және жоғалтқан құнды нәрсесін біраздан кейін тапқан адам сынды»,- деп айтқан болатын. Имам Әли (ғ.с.)-ның өлімнен қорықпауы және шәһид болуды қалауы хазіреттің Жаратушысына деген иманы мен терең наным-сенімінен тамырланды. Негізінде бұл дүниеде Алла Тағала қалағандай өмір сүрген адамдар ақыреті үшін қажетті қор  жинап, өлімнен қорықпақ түгілі Жаратушысымен кездесу үшін өмірден озуға асығады. Хазірет Әли (ғ.с.) өзінің берекелі өмірінде әрқашан өлім мен шәһид болудан қорықпайтынын көрсетті. Исламның ұлық пайғамбары Меккеден Мәдинеге хиджрат еткен күні имам Әли (ғ.с.) пайғамбардың орнына жатқан кезде өмірінің қатерде екенін жақсы білді. Бірақ ол үшін Алланың ризалығы мен Исламның ұлық пайғамбарының өмірін сақтап қалу маңызды болды. Хазірет Әли (ғ.с.)-ның бұл жанкештілігінен кейін түсірілген «Бақаре»  сүресінің  207-ші аятында Алла Тағала: «Адамдардан Алланың ризалығын іздеп жанын сататындар да бар. Алла (Т.) құлдарына тым жұмсақ»,- деп айтқан болатын. Ухуд соғысында құрайыш мүшіріктерінің жан-жақты шабуылына себеп болған кейбір мұсылмандардың бейқамдығынан кейін муджахед мұсылмандардың көбі, солардың арасында пайғамбардың көкесі Хамзе шәһид болды. Мұндай жағдайда  тек азғантай мұсылмандар, әсіресе имам Әли (ғ.с.) дұшпанның рақымсыз шабуылдарына қарамастан Алланың елшісінің жанын қорғады. Сол кезде Алланың періштесі Жебрейілдің: «Әли сынды жанкешті және оның зулфақор қылышы сынды қылыш жоқ»,- деген даусы естілді. Соғыстан кейін хазірет Әли (ғ.с.) шамамен 70 мұсылманның шәһид болғанын көріп, өзінің көптеген жарақат алып, шәһид болмағанына алаңдаушылық танытып, уайымға батты. Имамның мұндай көңілін көрген пайғамбар: «Сен түбінде шәһид боласың»,- деп хабарлады. Біраз уақыттан кейін Алланың жолында шәһид болу туралы ойлар болмысынан кетпей жүрген имам Әли (ғ.с.) Алла елшісінің уәдесін есіне түсірді. Пайғамбар өзінің мейірімділігімен: «Иә, солай болады. Бірақ сол кезде сенің сабырлығың мен табандылығың қанай болады?»- деп сұрады. Имам Әли (ғ.с.): «Бұл сабыр сақтайтын жағдай емес, бұл ризашылық білдіретін хабар»,-деп жауап берді. Ол шәһид болуатындығынан екі күн бұрын намаз оқып жатқан кезде жарақат алғанда: «Алламен ант етемін, жеңілдедім»,- деді. Хазірет Әли (ғ.с.) Алланың жолында шәһид болуды бақытқа жету деп санады. Сондықтан ол өлімнен қорықпайтын. Хазірет Әли (ғ.с.)-ның өлім туралы жалғыз алаңдаушылығы сол кездегі дін мен Исламның тікелей рәсімдері мен Хақтың жолына қатысты болды. Өйткені пайғамбардың кйбір сахабалары хазіреттің кезінде жанкешті және муджахед болғандарымен хазіреттен кейін басқа жолға түсті. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) өзінің қадірлі күйу баласына сенім артты. Күндердің бірінде Исламның ұлық пайғамбары өзінің құтпасында қасиетті рамазан айының ерекшеліктері туралы баяндаған кезде хазірет Әли (ғ.с.) орнынан тұрып: «Уа, Алланың елшісі, бұл айдағы ең жақсы ғамалдар не?»- деп сұрады. Пайғамбар: «Тақуа болып, харам нәрселерден алыстау»,- деді. Бірақ пайғамбар имам Әли (ғ.с.)-ды көріп тұрып бір оқиғаны еске алып, жылай бастады. Имам Алла елшісінен көс жасының себебін сұрағанда хазірет оған: «Иә, Әли!  Менің жылауымның себебі сол айда саған жасалатын құрметсіздік пен зұлымдыққа қатысты. Намаз оқып тұрған кезіңде өткен және келешек ұрпақтардың ең абыройсызы сенің басыңнан қылышпен ұрып, сақалың аққан қанған боялады»,- деді. Имам Әли (ғ.с.) ешбір күйзеліссіз: «Сол кезде менің Ислам дінім сақталады ма?»- деп сұрады. Алла елшісі: «Иә, ол кезде дінің аман қалады»,- деп жауап беріп, көркем әрі терең ойға ие сөзбен имам Әли (ғ.с.)-ды өзінің орынбасары деп атады. Исламның ұлық пайғамбарының шәһид болу туралы көптеген хабарларына байланысты хазірет Әли (ғ.с.) әрқашан Алланың жолындағы өлімді күтіп, тіпті өмірінің соңғы күндерінде бұл ұзаққа созылған күту соңына жететіндей ғамал етті. Хазірет Әли (ғ.с.) шәһид болып, Алланың елшісінің қасына баруды асыға күткенімен өзінің күнделікті істерін толық орындап, Алланың ризалығына ие болуды еш уақытта ұмытпады. Имам Әли (ғ.с.) бұл туралы «Дүниелік істеріне жалқаулық білдірген адам ақыреті үшін одан бетер енжар болады» деген пікірін білдірген. Имам Әли (ғ.с.) еңбекқор және үлкен талпыныс жасаған адам болды. Ол көп жерлерді абадтандырып, көптеген құдық қазды. Сүннит ғалым Ибн Әбил Хадид хазірет Әли (ғ.с.) туралы: «Ол өз қолымен еңбек етіп, әрақашан егін егіп, оны суарумен айналысып, жерге құрманың сүйегін егіп, сол жерді абадтандырыпп кедейлерге тапсыратын»,- деп жазды.  Хазірет сонымен бірге көптеген құдық қазып, оларды кедейлердің ықтиярына берді. Ол қолына түскен пайдасын кедейлерге сыйлап, ақыреті үшін қор жинады. Имам Әли (ғ.с.)-ның құлшылық етіп, илаһи бұйрықтарды орындауы   шамамен бес жылға созылған халифаты кезінде ерекше байқалды. Хазірет халифатты  мұқтаждардың құқықтарын қайтарып, әділет орнату үшін қажетті діни міндет ретінде қабылдап, бүкіл талпыныстарын осы жолға жұмылдырды. Бұл қасиетті мақсаттарға жетуді көздеу өз мүдделерін қатерге тірелуде деп ойлағандардың хазірет Әли (ғ.с.)-ға қарсы көтерілуіне себеп болып, қоғамда әділет пен исламдық құндылықтардың орнатылуына кедергі тудырды. Бірақ әрқашан илаһи бұйрықтарды орындау мен Алланың ризалығына ие  болуды басты мәселе деп санайтын хазірет шәһид болудан қорықпай, артық талап ететіндер мен тек өз бастарыың қамын ойлайтын надандарға қарсы көтерілді. Соңында діннің ақиқаты мен имам Әли (ғ.с.)-ның деңгейін түсінуге қабілеттері болмаған надандардың бірі хазіретті мешіттің михрабында шәһид етті. Имам Әли (ғ.с.)-ның даналығы мен дәрежесі туралы мұсылман және мұсылман емес ғалымдар қызық әрі құнды сөздер айтқан болатын. Алайда хазіреттің үлкен ұлы имам  Хасан (ғ.с.)-ның айтқаны тыңдауға тұрарлық. Хазірет Әли (ғ.с.)-ды жерлеген соң имам Хасан (ғ.с.) халықтың арасына келіп, мінберге шығып, көзінің жасы тоқтамай: «Өткен түні Исламның тұлғаларының ішінде Алланың елшісінен басқа одан ешкім алға шықпаған азамат дүниеден озды. Ол Исламның ұлық пайғамбарының қасында  жиһад жасап, пайғамбардың туын көтерді. Жебірейіл мен Микаил оны қолдады. Ол Алла елшісіне Құран жіберілген және хазірет Иса бен Мәриәм аспанға көтерілген түні шәһид болды» деді.

Тегтер