Маусым 29, 2016 14:02 Asia/Almaty
  • Қасиетті рамазан айының дұғалары 21

Рамазан айының жиырма бірінші күнінің дұғасы:

 

Уа, Алла!

Осы күні мені Өзіңнің ризашылығыңа бөлейтін жолға нұсқа. Жолыма шайтанды жолатпай, мені тыныштық табатын мекен – жәннатқа орналастыр, уа, ізденімпаздардың қажеттіліктерін орындаушы!

 Қасиетті рамазан айының жиырма бірінші күні Алладан бұл айда «Өзіңнің ризашылығыңа бөлейтін жолға нұсқа» деп сұраймыз. Сөйтіп Оның ризалығына ие болатын деңгейге жетеміз. Алланың ризалығының ең жоғары мекені – жәннәт. Бұл жер дүниеде Жаратушының ризалығына ие болғандардың кіретін мекені. Жәннәтқа кіретіндер Алла олардан разы болып, өздерін қабылдағандары үшін қуанышқа батып, еш нәрсемен салыстыруға болмайтын ләззатқа бөленеді. Тозаққа түсетіндер отқа түсіп, дене мүшелері азап-қорлық көрумен бірге бәрінен ауыр тиетін Жаратушының ашу-ызасымен бетпе-бет келеді. Бүгінгі дұғаның жалғасында Алладан бізге шайтанды жолатпауды сұраймыз. Алла Тағала «Исра» сүресінің 65-ші аятында: «Ол (шайтан) тек оған жол бергендер мен Оған (Аллаға) шірк білдіргендерді билейді. (Яғни Алланың бұйырықтарының орнына шайтанды сайлағандарды билейді)»,- деп айтады. Кейбіреулер шайтан оңай түрде өзінің торына түсіре алады деп ойлайды. Бұл жаңсақ пікір. Адам шайтанға жол бермесе ол адмға әсер ететіндей күшке ие емес.  Адам жәннәтқа кіру үшін Алланың бұйрықтарын орындауға міндетті. Сол сбеепті қасиетті рамазан айының жиырма бірінші күнінің дұғасында бізді тақуалар мен жәннәттан орын алатындардың қатарына орналастыруды сұраймыз.

Тегтер