Жетекшілік хадисі 80
Дүниеқоңыздық, яғни адамның қолында барынан артық дүние- мүлікке құмар болу. Бір нәрсеге құмар болу көбінесе жағымсыз сипат болып саналады. Бұл сөзді естіген кезде адамның мүлік, байлық, мансап және басқа да материалдық нәрселерге құмар болуы еске түседі. Бірақ кейде бұл сөз мадақтауға лайық жайттарды қолданылады. Яғни, жағымсыз сипат емес, керісінше жағымды саналады.
Құран Кәрімде Исламның ұлық пайғамбарының ерекшеліктерінің бірі халықты дұрыс жолға нұсқап, оларды адастыратын жолдан құтқару деп аталып: «Расында сендерге іштеріңнен ардақты бір Пайғамбар келді. Оған қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүміндерге өте жұмсақ, ерекше мейірімді»,- деп айтады. («Тәубе» сүресі 128-ші аят). Егер материалдық істерде құмар болу жағымсыз саналса, рухани және ақыретке байланысты істерде құмарлық жағымды болып табылады. Имам Әли (ғ.с.): «Егер сен саған кепілдік берілген нәрсеге, яғни ырзығыңа жетуге құмар болсаң, саған уәжіп етілген нәрселерді орындауға да ынтық бол»,- деп айтқан болатын. Шын мәнінде құмарлықтың екі түрі болады: материалдық және дүниелік істерге қатысты айыпталатын құмарлық пен көбінесе рухани және ақырет істеріне қатысты жағымды әрі мадақталатын ынтықтық. Дүниенің байлығы мен билік пен құдыретке ие болуға қатысты құмарлық ахлақтық жағымсыз қылық саналады. Алайда жанашырлық сезіммен басқаға көмек көрсетуді, адамдардың мәселелерін шешіп, оларды құтқаруды көздейтін ынтықтық жағымды және мадақталатын іс. Мұндай ынтықтық жаман әрі жағымсыз саналмағанымен қатар ахлақтық жағымды ерекшелік болып саналады. Атасы Алланың елшісі сынды халықты дұрыс жолға нұсқап, құтқарған имам Реза (ғ.с.) өз достары мен жақтастарын мадаққа ие ынтықтыққа шақырып: «Мүміндердің тілектерін орындап, оларды қуантып, макруһ пен жаман нәрселерді жоюға ынтық болыңдар»,- деген. («Бихар әл-Анвар», 78-ші том). Бұл хадисте имам Реза (ғ.с.) халықтан ынтық болуды сұрайды. Бірақ өзі үшін байлық жинауға емес, мүміндерге көмектесіп, олардың мәселелерін шешуге ынтық болуға шақырады. Қасиетті Ислам діні дүниелік өмірге құмарлықты айыптап, білім меңгеру саласындағы ынтықтықты қуаттайды. Өйткені қолда бар нәрсені қанағат етудің ғылыми құлдыраудың негізгі себебі деп санайды. Пайғамбардың әйгілі рауаяттарының бірінде: «Білім меңгеру – әр мұсылман үшін уәжіп. Алла Тағала білім алғысы келетіндерді жақсы көреді»,- деп айтылған. Ислам дінінде білім алуға ынталы болу мадақталады. Имам Әли (ғ.с.) «Наһдж ул-Балағенің» 193-ші құтпасында тақуа адамдардың белгісі туралы: «Олардың (тақуалардың) белгілеріне дінге иман келтіріп, білім алуға ынталы болуы жатады»,- деген. Имам Садық (ғ.с.) де өзінің құнды хадистерінің бірінде ілім мен білім меңгеруге ынталы болуды мүміннің белгілерінің бірі деп атап: «Мүмін өз дінінде күшті және дінді түсінуге ынталы»,- деген. («Усул Кафи», 3-ші том). Ынтықтың жағымды болуы жақсылық жасауға байланысты. Жақсылық жасауға ынталы болуды барша қолдайды. Қасиетті Ислам дінінде жақсылық жасауға ынтық болу өте маңызды болғандықтан Исламның ұлық пайғамбары оны тәубеге келіп, Алла тарапына оралудың белгілерінің бірі санап: «Тәубе етудің төрт белгісі бар: Алла үшін ақ нитпен ғамал ету, жалғандықтан алыстау, шындыққа табанды болу және жақсылық жасауға ынтық болу»,- деген болатын. Сондықтан адам жоғары мақсаттарына жетуге құмар болса, жағымды болуымен бірге Алланың ерекше пенделерінің қатарында саналады. Ол илаһи жолда қадам басып, өз ақылымен ілім мен дұрыс білімге жетіп, жақсылық жасап, алға ілгерілеуге асығатын болса, тура жолға нұсқалады. Әр адам тақуалық пен ізгі іс жасау жолында алға түсіп, басқаларға үлгі және иманына табанды болуға талпынуы керек. Имам Бақер (ғ.с.) сау сайысқа құмар болуды маңызды деп атап: «Жоғары деңгейге жетуді көздейтін сайыстан жақсы нәрсе жоқ»,- деген.