Жетекшілік хадисі 84
Жомарттық – илаһи сипаттардың бірі. Жомарт адам илаһи ахлақтың көрінісі. Сондықтан ол Аллаға жақын болады.
Исламның ұлық пайғамбары: «Жомарт адам Аллаға, халыққа және жәннәтқа жақын»,- деген («Бихар әл-Анвар», 68-ші том). Жомарт адам қолында бар мүлкін илаһи мейірімділік және илаһи нығмет санап, өз мүлкімен басқалармен оңай бөліседі. Ол өз мүлкін Жаратушының сыйы, жақсылық пен қайырымдылықты оның мейрімділігі деп біледі. Имам Садық (ғ.с.) жомарттықтың маңыздылығы мен құндылығы туралы: «Жомарттық – пайғамбарлардың сипаттарының бірі, иманның тірегі. Адам жомарт болмаса, иманды болмайды. Сондай-ақ, адамның иманы болмаса, жомарт болмайды. Өйткені, жомарттық – иманның нұрының ұшқыны. Мұны түсінген адам үшін оның басқаға сыйлаған мүлкі маңызды емес»,- деген болатын. («Бихар әл-Анвар», 68-ші том). Имам Әли (ғ.с.) да жомарттықты адамның жаны мен рухын безендіретін тақуалық сынды қасиет санаған. Тақуалық мүміннің ең жақсы сипаты. Хазірет өзінің сахабаларының біріне: «Өзіңді жомарттық және иманмен безендір. Бұл екеуі мүмінің ең жақсы сипаттарының қатарына жатады»,- деп кеңес берген. Жомарттық пен қайырымдылық адамның шексіз рақымдылығын түсінуге себеп болады. Исламның ұлық пайғамбары: «Қиямет күні ер адамды ертіп әкеліп, оған: «Қалағаныңды айт»,- деп бұйырылғанда ол: «Уа, Алла! Мені жаратып, дұрыс жолға нұсқадың, ырзығымды беріп, мейірімділік таныттың. Бүгін өзіңнің рақымдылығыңды көрсеттің»,- дегенде Алла Тағала: «Пендем рас айтады, ол жәннәтқа барады»,- дейді. Имам Садық (ғ.с.) серіктерінің бірінен: «Сені Алла мен жәннәтқа жақындатып, тозақтан алыстататын құралмен таныстырайын ба?»- деп сұрайды. Сонда серігі: «Иә» -деп жауап береді. Хазірет оған: «Ол – жомарттық»,- деген. Алла Тағала оның жолында өз мүлкін жұмсайтын адамға қиындықтар туғанда төзімділік танытуды жеңілдетеді. «Ләйл» сүресінің 5-10-шы аяттарынан: «Ал енді әлдекім (Алла жолында) берсе, тақуалық қылса, жақсылықты дұрыс деп білсе, сонда оның жолын оңайластырамыз. Ал енді әлдекім сараңдық істесе, елемесе, жақсылықты жасынға шығарса, сонда оның ауырлыққа ұшырауын оңайластырамыз»,- деп оқимыз. Осы аяттарға сәйкем Алла Тағала жомарт адамдардың жолын жеңілдетеді. Жомарт адамның ахлағын жақсартып, хош иісті гүл сынды әрбір адамды өзіне тартады. Имам Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Жомарттық – ахлақтың көркемдігі»,- деген.
Исламның ұлық пайғамбары жомарттықтың маңыздылығына байланысты оған көңіл бөлуді насихаттады. Имам Әли (ғ.с.) махаббатың жүректерді қызықтырудағы терең әсері мен халықтың жомарт адамдарға бет бұруы туралы: «Ешбір нәрсе жомарттық, ымыраға келу мен тілеулестік сынды махаббатқа ие болмайды»,- деген. Жомарттық илаһи азаптан құтқарады немесе жазаларды жеңілдетеді. Алла елшісі Хатам Таидің баласы Удаиге: «Жомарттық сынды көркем сипатыңның арқасында тозақ азабынан құтқарылдың»,- деген. Жомарттық адамды Жаратушыға жақындатады. Рауаяттардың бірінде күндердің бірінде Йеменнің бірнеше адамының пайғамбардың қасына келе жатқаны айтылған. Олардың арасында көп сөйлейтін ер адам болды. Ол пайғамбардың ашуына тиетін сөздер айтты. Сол кезде Жебірейіл келіп: «Алла Тағала бұл адамның жомарт екендігі туралы сәлем жолдады»,- деді. Исламның ұлық пайғамбары ашуын басып, басын көтеріп: «Егер Жебірейіл келіп, сенің жомарт екеніңді хабарламағанда, сені қуып жіберейін деп едім»,- дейді. Ер адам: «Сенің Құдайын жомарттарды жақсы көреді ме?»- деп сұрайды. Хазірет: «Иә»,- деп жазап береді. Ер адам: «Ондай болса, Алладан басқа Құдайдың жоқ екендігіне куәлік етемін. Сонымен бірге уа, Мұхаммад, сенің Алланың елшісі екендігіңе куәлік етемін. Сені сайлаған Құдаймен ант етемін, жомарт болдым және еш уақытта ешбір адамға өз байлығымды аямадым»,- деді.