Шіл 05, 2016 16:36 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 26

Исламның ұлық пайғамбарының үкімет басшылығының келесі маңызды мәселесі адамдардың рухани және ахлақи дамуы болды.

Ағаштар бүршік атып, әдемі де таңдай қақтыратын гүлдерге айналуы үшін жаңбырды қажет етеді. Алла елшісінің беғсаты көктемнің жаңбыры сынды тамырларға дем беріп, теңдессіз адами және ахлақи қоғамның пайда болуына себеп болады. Пайғамбардың илаһи арнайы  міндетін орындауы иман мен адамгершілік бұлақтарын сарқыратып, адамдардың мақсатты әрі құнды өмірдің жаңа кезеңімен танысуларына ұластырады. Мейірімді тұлға – Алланың елшісі  пайғамбарлық міндетіне уаһи қаласы Мединеде таңдалып, 13 жыл бойы сол қалада кәпірлердің айыптаулары мен азап-қорлықтарына төзімділік танытты. Хазірет реніш білдірген сөздерінің бірінде: «Ешбір пайғамбар өз міндетін орындаған кезде мен сияқты азап-қорлық көрген жоқ»,- деген болатын. Бірақ талпыныстар нәтижеге жетіп, жоғары құндылықтар көрініс тауып, Ислам тарих бойында жақсылық пен иманның үлгісі болған ұлы адамдарды тәрбиеледі.  Хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.) көптеген қиындықтарға төзімділік танытқан соң өз сахабаларымен Ясребке  (қазіргі Медине қаласы)  қоныс аударды. Исламның әтірінің иісі кең тараған және көптеген мұсылмандары бар Медине қаласы пайғамбар мен мұхаджерлерді құшақ жайып, қарсы алды.  Медине тұрғындары  Меккенің мұхаджерлерін үйлеріне шақырып, жақсы қарсы алды. Олар  пайғамбар мен қасындағылары өздерінің үйлеріне тоқтайды деп үміттенді. Ислам пайғамбары Мединеде орналасқан соң исламдық үкіметтің негіздерін қалады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           Хазірет тауһид пен әділетке сай үкімет құрып, әлемдіктерге әділет пен тыныштыққа сүйенген үкіметтің үлгісін  ұсынды. Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Исламның ұлық пайғамбарының үкіметін армандағы үкімет деп санап: «Армандаған үкімет Ислам дінінің арқасында құрылды. Егер қысқаша айтсақ, адамзат зұлымдық, надандық және кемсітушілікке шырмалған болатын. Сол кездегі дүниежүзінің алпауыт үкіметтері, мейлі ол Иранның үкіметі болсын, мейлі императорлық Римнің үкіметі болсын, халықтық үкімет емес, ақсүйектердің үкіметі, қылышпен билейтін, надан  және бұзақы үкімет болды. Араб түбегіндегі үкіметтер сынды кішірек үкіметтер де одан да жаман еді. Осындай жағдайда Алланың елшісінің арқасында Жаратушының көмегімен Исламның нұры мен халықтың күресі басында Араб түбегіне, кейін бірте-бірте кеңейіп, барлық жерге таралды. Исламның ұлық пайғамбары дүниеден озған кезде бұл үкімет тарих бойында бүкіл адамзаттың үлгісіне айналды»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында пайғамбар үкіметінің ерекшеліктеріне тоқталып: «Пайғамбардың үкіметі зұлымдыққа емес, әділетке сүйенді. Шірк пен адамдардың арасына іріткі салудың орнына тауһид пен Жаратушыға ғибадат жасауға, надандықтың орнына ілім мен білімге, кек алудың орнына махаббат, достық қарым-қатынастар, келісімге келу мен ымырашылыққа сүйенді, яғни бұл сырты да, іші де кемел үкімет болды»,- деді. Иран Ислам революциясының жетекшісі  мұндай үкіметте тәрбиеленетін адамның тақуа, пәк, қырағы, білімді, белсенді, көңілді және кемелдікке жетуді мақсат ететін адам болып қалыптасатынын айтты.  Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша, Исламның ұлық пайғамбарының  өмірінің әр сәті – ғибрат. Барлық адам қай міндетте болса да бұл ұлы тұлғаның өмірі мен ғамалдарын үлгі тұта алады. Саясаткерлер әсіресе пайғамбардың  өмірі мен саяси көзқарастырын айна сынды өздерінің алдарына қойып, өз іс-әрекеттерін хазіреттің билік ғамалдарымен ұқсастыруға талпыныс жасаулары қажет. Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында Исламның ұлық пайғамбарының үкіметтік ахлағын: «Хазірет халықтың арасында Алланың қарапайым пенделері сынды тамақтанып, Алланың басқа пенделері сынды отырды. Ол әділ әрі қырағы болды.  Пайғамбардың Мединеге кіргені туралы тарихты оқыңдар... Тарихтың бұл кезеңінен таңғалдыратын хикметті байқауға болады. Хазіреттің келесі ерекшеліктерінің бірі келісімге табанды болуы саналады. Ол еш уақытта берген уәдесін бұзбаған. Құрайыштар уәделерін бұзғанымен, ол бұзбаған. Яһудилер сан рет уәделерін бұзғанымен, хазірет бұзған емес.  Сондай-ақ, ол сырға берік адам еді»,- деп сипаттайды. Аятолла Хаменеи Исламның ұлық пайғамбарының  ғамалдарындағы маңызды ерекшеліктердің бірі ретінде хазіреттің дұшпандарды бірдей деп санамауына назар аудартады. Аятолла бұл туралы: «Кейбір дұшпандардың дұшпандығы терең болды. Пайғамбар егер олар тарапынан кең ауқымды қатерді көрмесе, олармен ісі болмайтын. Кейбір қауіпті дұшпандарды пайғамбар бақылауға алатын. Мысал ретінде  пайғамбарға  қастандық жасаған мұнафық Абдолла бен Убайды атауға болады. Пайғамбар оны бақылауға алғанымен онымен ісі болмады. Ол пайғамбардың өмірінің соңына дейін  болды. Пайғамбар дүниеден озардан біраз уақыт бұрын Абдолла бен Убай қайтыс болады. Бірақ пайғамбар оған төзімділік танытты. Исламдық үкімет пен исламдық жүйе мен исламдық қоғам мұндай дұшпандардан тыныштық көрмеді. Пайғамбар қатер тудыратын дұшпандарға қатаң болатын»,- деп баса айтты. Аятолла Хаменеи Исламның ұлық пайғамбарының үкіметтік ахлағын: «Хазірет дұшпанның күдік-күмәндеріне қырағы, мүміндердің алдында қарапайым, Алланың бұйрықтарының алдында бағынушы болып, мұсылмандардың мүдделері үшін әрекет жасауға  асықты»,- деп қуаттады. Исламның ұлық пайғамбарының үкімет басшылығының келесі маңызды мәселесі адамдардың  рухани және ахлақи дамуы болды. Аятолла Хаменеи бұл туралы қызық жайтке тоқталады. Исламның ұлық пайғамбарының үкіметті басқаруы тек заңдар мен ахкам үйретумен шектелмеді. Хазірет адамдарға  хикмет үйретіп, көздерін шындық әлеміне қарай ашты. Он жыл бойы пайғамбар саясат пен билік арқылы исламдық қоғамның жерлерін қорғап, Исламды таратып, Мәдиненің сыртындағы топтарға бірте-бірте Исламның нұрлы сахнасы мен исламдық тағылымдардың саясына  кіруге мұрсат тудырды. Сонымен қатар адамдардың әр біреуінің тәрбиесіне көңіл бөлді»,- деді. Әрине Алланың жаратылыстарының ең пәк әрі ең жоғары жаратылысы – адам адамзат қоғамының билігін өз міндетіне алса және ол үшін тек Алланың ризалығына ие болу  маңызды болса, оның іс-әрекеттері осы негіздерге сүйенетін болады. Сондықтан мұндай үкіметтен адамгершілік пен ахлақтың ең көркем көріністерін көруге болады. Қоғам әділет пен ахлақтың әтіріне бөленіп, адамдар өз құқықтарына жетіп, сол кезде олар үшін рухани дамуға мүмкіндік туады. Үкіметті адал адамдар басқарған кезде зұлымдық мен зорлықтың орнына  әділет орнатылады. Исламның ұлық пайғамбарының  үкіметтік критерийлері  рухани, саяси, әлеуметтік, мәдени және экономикалық тұрғыларға қатысты болып, әр ғасырдағы   қоғамдар үшін үлгі бола алады. Иран Ислам революциясының қазіргі жетекшісі   исламның ұлық пайғамбары туралы: «Исламның  ұлық  пайғамбарын жаратылған әлемдегі ең жарқыраған жұлдыз деп атауға болады. ... Неліктен күн деп атамай, жарқыраған жұлдыз  дейіміз?  Өйткені, күн – белгілі аспан денесі, нұрлы. Алайда өздеріңіз көретін жұлдыздар  бір галактиканы құрады. Яғни, бұл галактикаға мыңдаған жұлдыздар мен күн кіреді.  Пайғамбардың ұлылығы галактиға тең. Ол мыңдаған жерде жарқырайды. Ұлық пайғамбардың болмысында ілім ахлақпен, үкімет хикметпен, Аллаға ғибадат ету жаратылысқа қызмет етумен, жиһад рақымдылықпен, Аллаға деген махаббат жаратылысқа деген махаббатпен, ғиззат қарапайымдылықпен, адамдарға адал болу саяси шиеліністермен, Алланы ұмытпау бейбітшілік пен физикалық саулық туралы ойланумен бірге жүреді. Хазіреттің болмысында дүние мен ақырет, илаһи жоғары мақсаттар  адамзаттың мақсаттарымен  бірге болды. Ол – кемел үлгі. Алла Тағала жаратылған әлемде  одан кемелді басқа адамды жаратқан жоқ.  Ол хабар әкелуші, ескерту жасаушы, бүкіл адамзат пен бүкіл тарих үшін куә әрі бақылаушы, адамзатты Аллаға қарай шақырушы және адамдардың  жолына жарық беретін шырақ»,- деп келісті  айтқан болатын. «Ахзаб» сүресінің 45-46-шы аяттарында: «Әй, Пайғамбар! Сөз жоқ, сені бір куә әрі қуантушы, ескертуші етіп жібердік. Алла жаққа, Оның нұсқауымен шақырушы бір нұрлы шырақ түрінде жібердік» деп айтылған.