Шіл 06, 2016 16:10 Asia/Almaty
  • Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 16

АҚШ-да ең кедей болудың деңгейі тауарлардың немесе жалпы қызметтің болмауына байланысты емес, бұл мемлекетте де дамушы елдердегі сияқты адамдардың күйзелістері мен наразылықтарына, үмітсіздіктеріне байланысты.

 «Барша адамдар ақ нәсілділердің көбінің, әсіресе өмірде табыстыларының Трамптың жақтастары болып, оның сайлау кампанияларына  қатысуын түсінуге талпыныс жасауда. Керісінше, қара нәсілділер мен АҚШ-тың басқа да аз санды халықтары Хиллари Клинтонның жақтастары болуда. Яғни, АҚШ қоғамында ақ нәсілділер мен қара нәсілділерінің (және басқа ұлттардың) орташа және кедей өмір сүретін таптары арасында терең жік байқалуда. Менің зерттеулерім бұл жікке тек кірістер мен мұрсаттардың ғана қатысты емес, адамдардың үміттері мен армандарының да қатысты екенін көрсетеді. АҚШ-да ең кедей болудың деңгейі тауарлардың немесе жалпы қызметтің болмауына байланысты емес, бұл мемлекетте  де дамушы елдер сынды адамдардың күйзелістер, наразылығы мен үмітсіздігіне байланысты. Бірақ таңғалдыратын жайт, ең үлкен қысымды ежелден оларға қарсы кемсітушілік жасалып келе жатқан аз санды таптар емес, кедей  және кедей болуға жақын ақ нәсілділер көріп отыр». Бұл сөздер Брукинг зерттеу институты (Brookings Institution) жазушыларының бірі Кэрол Грэхэмның АҚШ қоғамындағы кедейшіліктің жағдайы, әсіресе қара және ақ нәсілді кедейлерінің жағдайларын салыстыруға арналған мәлімдемесінде жазылған. АҚШ-та кедейшілік бүгін үлкен қоғамдық дағдарысқа айналып отыр. Әрине бұл дағдарыс бір түнде пайда болған құбылыс емес. Оның тамыры соғысқұмар капиталистік жүйемен қоректенеді. АҚШ әрқашан басқа өнеркәсіптік мемлекетермен салыстырғанда кең ауқымды кедейшілікпен кезіккен болатын. Мәселен, өткен ғасырдың 90-шы жылдарының ортасында АҚШ-тағы кедейшіліктің мөлшері Скандинавия елдерінен екі есе, Жапониядағы кедейшіліктен үштен  бір есе жоғары болды. АҚШ байлығының 42 пайызынан астамы бұл ел капиталистерінің  тек бір пайызының бақылауында. АҚШ-тың 14 бай азаматы бір триллион доллардан артық байлыққа, орта есеппен алғанда олардың әрқайсы үш жарым  миллиард доллар кіріске ие. Өткен онжылдықтарда АҚШ экономикасы кедейшіліктің рекордына жетіп, әрбір алты америкалықтың біреуі қазір кедейшілікте өмір сүреді. Экономикалық тоқыраудан бұрын бұл елде 30 миллион кедей болса,  осы кезде олардың саны 46 миллионнан асып, жаңа  рекордқа жетті. Өткен он жылда АҚШ халқы кедейшілікке байланысты жанұяларының ыдырауының куәсі болды. Халық үйлерінен айырылып, толық емес, жалғызбасты ата-анадан тұратын жанұялардың саны көбейді. Олардың көбінде жанұяның қажеттіліктерін әйелдер қамтамасыз ететін болды. Мұндай жанұяларда балалардың көбі мектептерде білім алу қиындықтарымен, студенттер оқуларының қаржысын қамтамасыз ете алмай, үлкен қарыздармен бетпе-бет келді. АҚШ халқының тұрмысы 90-шы жылдарға қарағанда 70 пайызға төмендеді. Алайда америкалықтардың кедейшілігі тұрмыс  мәселелерінен терең болып отыр. Азық-түлік қауіпсіздігінің жоқтығы АҚШ халқының кедейшілігінің тереңдігін көрсететін ең айқын фактор болып табылады. Осы күндері 46 миллионнан астам америкалық азық-түлік көмегін алады. Өткен 4 жылда бұл мөлшер артып, осы кезде бұл үдеріс жалғасуда. АҚШ халқының көбі өмір сүру үміті мен өмір сүруге деген ынтадан айырылған. Үкіметтің азық-түлік көмегін алатындардың ішінен білімді, мамандықтары бар адамдарды да көруге болады. Оқыған білімі бар адамдардың сөздерінен олардың тұрмыстарының ауыр болып, үмітсіздікке ұрынып, уайым-қайғыға батқандары белгілі болып отыр. Шын мәнінде психикалық және қоғамдық тұстарға ие кедейшіліктің жаңа толқыны таралуда. Мұндай жағдайда АҚШ өз халқының байлығын әлемнің әртүрлі жерлеріндегі сионистер туралы ойлап, соғыс, бомбалары мен қырып-жоюға жұмсайды. Кедейшілік артып, үкіметтің бақылауының әлсіреуі елдің экономикалық қауіпсіздігінің төмендеуіне соқтырды. Адам ұрлау, бұзақылық пен есірткі тарату, ұрлықпен айналысатын ұйымдастырылған топтардың әрекеттері көбейді. Жұмыссыз қалғандардың көбі осы топтарға кіріп, кейбір уақытта бұл топтардың қатыгездіктерімен кезігіп, көз жұмды.  Әйелдер мен қыздар, әсіресе аз санды топтардың әйелдері мен қыздары күнделікті өмірлерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жезөкшелікпен айналысатындардың қатарына қосылып, кедей таптардың арасында гигиеналық қиындық тудыруда. Студент қыздардың арасында да жезөкшелердің арасына қосылатындар көп кездеседі. Бұл кедей таптардың арасында келешекке ең үміттілер болып қара нәсілділер саналады. Бұл мәселе Gallup ұйымының сауалнамасында анықталды. Бұл сауалнама бойынша кедей ақ нәсілділер ең көп күйзеліске ұшырап, ол аурудың бір түріне айналған. Тұрмысы жоғары адамдардың келешекке деген үміттері де  көбірек байқалып, олар келешектері үшін қор жинауға талпынады. Оларға керісінше, үмітсіз адамдар келешектері туралы ойламайды.  Айта кететін жайт, АҚШ кедейлері жұмыс тұрмысты жақсарта алады деп ойлайтын Латын Америкасындағы кедейлер сынды ойламайды, олардың сөздерінен үмітсіздік анық байқалады. Ақ нәсілділермен салыстырғанда қара нәсілділердің келешектен үміттенуін қалай түсіндіруге болады? Мичиган университетінің зерттеушісі Джерми Джексон сынды кейбір зерттеушілер қара нәсілділердің үміттерін олардың жағдайға  оралымдық танытуы және біртұтас болуымен байланыстырады. Зерттеулер де мұны растайды. Мүмкін, АҚШ-тың тегі афрамерикалық азаматы Барак Обаманың Ақ Үйді басқару міндетіне ие болуы да қара нәсілділердің рухына әсер еткен  болар. Мүмкін, қара нәсілділерге қарсы Балтимор, Фергюсон және басқа штаттардағы нәсілшілдіктер мен еңбекақы, білім алу және басқа салалардағы кемсітушіліктерге қарамастан қара нәсілділердің дамуының тоқтамағаны да өз әсерін тигізген болар. Андре Черлиннің биылғы жылғы зерттеулері бойынша, қара нәсілділер өздерін олардан нашар жағдайда өмір сүрген ата-аналарымен салыстырады. Ал орташа немесе кедей өмір сүретін ақ нәсілділер көбінесе өздерінің ата-аналарына қарағанда нашар әрі үмітсіздеу өмір сүретіндіктерін байқайды. Осы саладағы 2015-ші жылғы «Associated press» газетінің зерттеулері бойынша, сауатсыз ақ нәсілділердің арасында қара нәсілділер мен тегі испаниялық азаматтармен салыстырғанда есірткіге құмарлық, өздеріне қол жұмсау және басқа да себептерден өлімнің артуы байқалады. Бүгін тақырыптың келесі мәселесі ретінде кірістердің жоғары және төмен деңгейі арасындағы қашықтықтың артуына тоқталуға болады. «Gallup» ұйымының мәліметтері бойынша, ауылдар мен қалалардың айналасында өмір сүретін адамдар қала тұрғындарымен салыстырғанда кірістері туралы көбірек алаңдап, көбірек күйзеліске түседі. Америкалықтарды тұрмыстың жақсаруы, тең мүмкіндіктер мен тұрақты демократия туралы армандары кірістің теңсіздігі, орта тапқа қысым көрсету, еңбекақылардың  азаюы және квалификациясы төмен жұмысшылардың қауіпсіздігінің төмендеуі  мен өлім деңгейінің артуы сынды мәселелер дағдарысқа тіреді. Кэрол Грэхэм өзінің мәлімдемесінің соңында: «Бұл қиындықтың тереңдігі АҚШ-та таңғалдырарлықтай. Егер бұл мәліметтер біз үшін пайда әкелмесе де Дональд Трамптың дуал салу, саудаға тыйым салу және қоғамда қайшылықтарды арттыру уәделерінің қатерін жеткізеді. Бұл бізді оятатын қоңырау болсын. Бұл мәселені шешу үшін медицина, білім мен тәрбие салаларына көбірек ұзақ мерзімді инвестиция салу қажет. Сонымен бірге халықтың  үмітін арттыратын әртүрлі қоғамдық көмектермен бірге кедей мен байдың арасындағы қашықтық  азайып, кедей адам үшін табысқа жетіп, тұрмысын жақсарту тек бір арман болып қалмауы керек. Сондай-ақ нәтижесінде ішкі өнім шығару арқылы тұрмысты жақсарту саясаткерлердің жұмыс жобаларында қарастырылуы керек»,- деп жазды.