Шіл 06, 2016 16:14 Asia/Almaty
  •  Ұлы тұлғаның алдында 27

Жоғары және жағымды ахлақ  барлық жүректерді өзіне тартып, нәтижесінде жүректер махаббатқа толады. Жақсы ахлақтың  жарқыраған нұры әлемді жақсылықпен  толтырады. Исламның ұлық пайғамбары  хазірет Мұхамад-Мұстафа (с.ғ.с.) өзінің мінез-құлқы  және мейірімділігімен көптеген жүректерді өзіне бұрып, оларға өмірдің дұрыс жолын көрсетті.

Қатыгездік жайлаған Хиджаз жеріндегі пайғамбардың достығы мен мейірімділігі көптеген халықтың топ-тобымен Исламға бет бұруына себеп болды. Әрине әрқашан шайттаның әскерінің қатарына кіретін тасжүректер кездеседі. Исламның ұлық пайғамбарының кезінде пайғамбар мен мұсылмандарға азап-қорлық көрсеткен кәпірлер мен қара ниетті адамдар болды. Ол кез келген мұрсатты исламның жаңадан көктеп келе жатқан көшетіне  соққы беру үшін пайдаланып, әрқашан Алланың елшісі және мұсылмандармен соғысуға дайын болды. Пайғамбар да тасжүрек дұшпандарға қатаң әрі кесімді жауап қайтарды. Пайғамбардың өмірбаянын зерттеген кезде хазіреттің кәпірлер, мұнафықтер және келісімді бұзушы жүттермен соғысқанын көреміз.  Хазірет исламды жою мақсатында қастық ойлағандармен соғысуға мәжбүр болды. «Бақаре» сүресінің 193-ші аятында: «Олармен бұзақылық қалмай, дін Аллаға тән болғанға дейін соғысыңдар. Егер олар тыйылса, дұшпандық залымдарға ғана»,- деп айтылған. Осы ретте Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи исламның дұшпандары және пайғамбардың оларға қатынасы туралы: «Пайғамбар негізгі бес дұшпанның исламдық қоғамға қатер тудырып отырғанын  көрді: бірінші дұшпан – кішкентай әрі маңызды емес. Бірақ одан бейқам қалуға  болмайды. Олар – Мединенің айналасындағы жартылай жабайы тайпалар. Мединеден он, он бес, жиырма фарсах жерде бүкіл өмірлерін соғыс пен қантөгіс, таран-тараж және бір-біріне шабуыл жасаумен өткізген жартылай жабайы тайпалар  орналасқан. Пайғамбар олардың өзгеріп, дұрыс жолға нұсқалатындарымен келісімге отырды. Оларға міндетті түрде мұсылман болыңдар деген жоқ. Олардың ішінде кәпірлер де, мүшіріктер де болды. Олармен шабуыл жасамау туралы келісімге келді. Пайғамбар өзінің уәдесі мен келісіміне тұрақты болды. Хазірет сенім артуға келмейтіндердің соңынан өзі жүрді. Өйткені олар өзгерістерді қабылдайтындай болмады. Пайғамбар оларды тауып,  орындарына отырғызды»,- деген. Екінші дұшпаны – Исламға зардап келтіруді көздеді, олар  Меккеде орналасып,  қауіп-қатер  тудырды. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Тәкаппар, күш-қуатты ақсүйектер тобы бірігіп, Меккені биледі. Олардың арасында өзара қайшылықтар болды. Бірақ пайғамбарға қарсы істе бір-бірімен бірігеді. Пайғамбар негізгі қатердің солардан келетінін білді. Дәл солай болды. Пайғамбар енді бұдан көбірек күтіп отырса, олардың мұрсатты пайдаланатындықтарын түсініп, өзі оларға қарай бет алды, бірақ Меккеге қарай жүрмеді. Олардың керуен жолдары Мединеге жақын жерден өтетін. Пайғамбар оларға қарсы шабуыл бастады. Бадр соғысы сол шабуылдардың ең маңыздысы болды. Олар да ырымшылдықпен хазіретке қарсы соғысқа шықты. Шамамен 4-5 жылға дейін жағдай осындай болып қала берді. Пайғамбар оларды жайына қалдырмады. Олар  жаңадан бас көтеріп келе жатқан исламдық жүйені өздері үшін қатер санап, оның тамырын құртқысы келді. Ухуд және басқа да орын алған   көптеген соғыстар осы салада болды. Олардың пайғамбармен соғысқан соңғы соғысы Хандақ соғысы болды. Мүшіріктер мен дұшпандар бар күштерін жинап, басқалардан көмек алып: «Барып, пайғамбар мен оған жақын  200-300-500 жақтастарын өлтіріп, Мединені талан-таражға салып, көңілімізді толтырып, ораламыз. Олардан ешбір белгі дер қалмайды»,- десті. Олар Мединеге жетерден бұрын пайғамбар мәселені түсініп, қаланың айналасына «хандақ», яғни ор қазды. Осылайша, Мединенің бір жағы қауіпсіз болды. Оның айналасына көлденеңінен шамамен 4 метр ор қазылды. Бұл соғыста кәпір «хандақты»-орды көріп, өте алмайтынын түсінді. Дұшпан сәтсіздікке ұшырап, үмітсізденіп, кейінге қайтуға мәжбүр болды»,- деді. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) Хандақ соғысынан бір жылдан кейін қажылық жасау үшін Меккеге баратын мақсаты туралы хабарлады. Ислам революциясының қазіргі жетекшісі Исламның жарқыраған тарихының бұл кезеңін: «Худайбие оқиғасы сол кезеңде  орын алған  өте маңызыд оқиғалардың бірі болды. Пайғамбар «умра»-кіші қажылығын орындау үшін Меккеге қарай бет алды. Олар соғысқа тыйым салынған айда пайғамбардың Меккеге келе жатқаны туралы хабардар болды. Олар да соғысқа тыйым салынған  харам айын құрметтейтін.  Олар не істеуі керек? Жолды ашық қоюы керек пе?  Мұндай жағдайда не істейді, оған қарсы қалай шығады?... Меккенің кәпірлері алға шығып, пайғамбарға Меккеге кіруге рұқсат етпеу және егер сылтау тапса, барлығын қыру туралы шешім қабылдады. Бірақ пайғамбар терең ойымен олар отырып, онымен биыл қайтып, келесі жылы келіп, умрасын орындау туралы келісімге қол қоятындай жағдай тудырды. Нәтижесінде аймақтың барлық жеріндегі бейбітшілік пайғамбардың үгіт-насихаттарына жол ашты. Бұл Худайбие бейбітшілігі деп аталды. Құран Кәрім бұл бейбітшілікті жеңіс деп атап, «Фатх» сүресінің 1-ші аятында: «(Мұхаммад с.ғ.с.) Сөзсіз, сені ашық жеңіске ие қылдық»,- деді.  Келесі жылы пайғамбар «умраға» барды. Мүшіріктердің болжауына керісінше хазіреттің беделі күннен күнге арта түсті. Келесі, яғни сегізінші жылы пайғамбар Меккені жеңіп алды. Бұл ірі жеңіс болды әрі хазіреттің күш-қуатын көрсетті. Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша, пайғамбар бұл дұшпанына қатысты да сабыр мен төзімділік  танытып, тіпті бір қадам артқа шегінбей, қатынас орнатып, күн сайын  және сәт сайын алға ілгеріледі.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             Діни жетекші сөзінің жалғасында үшінші дұшпанға тоқталып: «Үшінші дұшпандар – жүттер, яғни Мединеде пайғамбармен бірге өмір сүреміз деп келген, бірақ қарсы шығу мен қиратудан бас тартпаған сенімсіз бөгделер болды. Егер шолу жасайтын болсақ, «Бақаре» сүресі мен Құранның кейбір басқа сүрелерінің  маңызды бөлімдері пайғамбардың жүттерге қарсы мәдени соғысына арналған»,- деді. Аятолла Хаменеи бұл дұшпандарды «ұйымдастырылған және халықты үмітсіздендіріп, бір-біріне қарсы айдап салған қастық жасаушылар» деп таныстырып: «Пайғамбар мүмкіндігінше олармен ымыраға келді. Бірақ олардың ымыраға келмейтіндіктерін көріп, жазалады. Пайғамбар олармен себепсіз күреспеді. Жүттердің үш тайпасының әр біреуі әрекет танытты. Пайғамбар оларды өздерінің әрекеттеріне сай жазалады. Біріншісі Бани Қиянқа тайпасы болды. Олар пайғамбарға сатқындық жасады. Пайғамбар оларды жер аудартып, аймақтан шығарып жіберді. Олардың барлық жерлері мұсылмандарға қалды. Екіншісі Бани Назир тайпасы еді. Олар да сатқындыққа барған болатын. Пайғамбар оларға: «Керек заттарыңды алып, кетіңдер»,- деді. Олар да кетуге мәжбүр болды. Үшінші тайпа Бани Қаризе тайпасы болды. Пайғамбар оларға Мединеде қалуға рұқсат берді, олармен «Хандақ» соғысы аяқталғанша дұшпандарды өмір сүретін жерлерінен  Мединеге кіруге рұқсат бермеу туралы келісімге отырды. Бірақ олар уәделерін бұзып, дұшпанмен бірге пайғамбарға қарсы шабуыл жасауға келісті. Пайғамбарға олардың мұндай шешімі туралы хабар жетіп, хазірет қырағылық танытып, жүттердің тайпасы мен құрайыштардың арасында келісім бұзылатындай жағдай туырды. Бұл оқиға тарихта тіркелген. Пайғамбар олар мен құрайыштардың  арасындағы қарым-қатынастарға күмәнданды.  Пайғамбардың саяси шебер соғыс айлаларының бірі дәл осы жерде көрінді. Құрайыш пен одақтастары сәтсіздікке ұшырап, Хандақтан бөлініп, Меккеге қарай кетскен соң, пайғамбар Мединеге оралды. Сол оралған күні қайтып барып, оларды қоршап алды. Олардың арасында  25 күн қоршау мен қақтығыс болды. Пайғамбар олардың соғысқа шыққан барлық ерлерін өлтірді, өйткені олардың қиянаттары үлкен әрі олар өзгермейтін адамдар болды. Пайғамбар оларға қатысты осындай шешім қабылдады. Ислам революциясының жетекшісі төртінші дұшпан деп мұнафықтарды таныстырады. Мұнафықтар деп тек тілімен ғана иман келтіріп, ішкі болмыстарымен иман  келтірмеген жаман және дұшпанмен ынтымақтастық етуге дайын  адамдар  аталады. Аятолла Хаменеи:  «Зарар мешітінің оқиғасында олар исламдық жүйенің сыртынан орталық ашып, яғни Рим аймағындағы адаммен қарым-қатынас орнатып, Римнан пайғамбарға қарсы әскери жинауға дайындалды. Пайғамбар оларға қарсы шығып, олардың мешітін қиратты. Пайғамбар: «Бұл мешіт емес. Бұл мешітке, Аллаға және халыққа қарсы қастық»,- деді. Бұл мешіт – мұнафықтардың бір тобы өздерін әшкерелеген, Мединеден кетіп, әскерилерін жинаған мекен. Өйткені пайғамбар олармен күресіп, «егер жақындасандар, қарсы шығып, олармен соғысамын» деп айтқан. Әрине мұнафықтер мәдиненің ішінде де болған. Бірақ олардың пайғамбар және исламдық қоғаммен ісі болмағанша, олармен де ешкімнің ісі болмады. Пайғамбар тіпті өз ғамалдарымен олардың көбін ұялтқысы келді. Аятолла Хаменеи бесінші дұшпанды ең қатерлі дұшпан деп таныстырады. Ол: «Алайда Исламның ұлық пайғамбарының бесінші  дұшпаны әр мұсылманның ішіндегідұшпан . Бұл басқа барлық дұшпандардан қатерлілеу. Бұл дұшпан біздің болмысымызда да бар, нәпсілік қалаулар, менмендіктер, бұрмаланулар мен адасуға қарай бет бұру мен күдік-күмәндер. Олар үшін жағдайды адамның өзі тудырады. Пайғамбар бұл дұшпанмен де шынайы күресті. Әрине бұл дұшпанмен қылышпен күресуге болмайды. Онымен  тәрбие, тазару, тағылым және ескерту арқылы күресу қажет. Халық соғыстан оралған кезде пайғамбар: «Сендер кішірек жиһадтан оралдындар, енді үлкенірек жиһадқа кірісіңдер»,- деді. Халық: «Уа, Алла елшісі! Үлкенірек жиһад деген не? Біз жиһадымызды жақсы орындадық. Бұдан үлкендеу қандай жиһад бар?»- деп сұрайды. Пайғамбар: «Өз нәпсіреіңмен күресу»,- деп жауап береді.