Ұлы тұлғаның алдында 29
Имам Әли (ғ.с.) – теңдессіз тұлға. Алла елшісі оны алты жасында Абиталептің үйінен өз үйіне әкелді. Сөйтіп илаһи тағдырдың арқасында Әли (ғ.с.) бала кезінен пайғамбардың тәрбиесінде өсті
Ислам дінінің жақтастары үшін ең ардақты және ең жақын имамдардың бірі имам Әли (ғ.с.) болып табылады. Аятолла Хаменеи хазірет Әли (ғ.с.)-ның жоғары беделі мен дәрежесі туралы: «Имам Әли (ғ.с.) болмысы туған күнінен шәһид болғанына дейін теңдессіз тұлға болды. Ол не оған дейін, не одан кейін ешбір адам дүниеге келмеген мекенде, яғни Қағбаның ішінде дүниеге келді. Сондай-ақ мешітте, намаз оқитын михрабта шәһид болды. Осы екі күннің арасындағы имам Әли (ғ.с.)-ның бүкіл өмірі Алла жолындағы жиһад пен сабыр сақтау, қырағылық пен Алланың ризалығына ие болу болды»,- деп сипаттады. Имам Әли (ғ.с.) – теңдессіз тұлға. Алла елшісі оны алты жасында Абиталептің үйінен өз үйіне әкелді. Сөйтіп илаһи тағдырдың арқасында Әли (ғ.с.) бала кезінен пайғамбардың тәрбиесінде өсті. Ол пайғамбардың үйнде тәрбиеленіп, жоғары мақсаттарға жетті. Пайғамбарға уаһи түскен маңызды кезеңде имам Әли (ғ.с.) Хира тауында хазіреттің қасында болған жалғыз адам еді. Иран Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы: «Имам Әли (ғ.с.) жасөспірім және жастық шағының алғашқы кезеңінде беғсат оқиғасы орын алып және оған қатысты пайғамбар әртүрлі мәселелермен бетпе-бет келген уақытта әрдайым пайғамбардың қасында болып, бүкіл оқиғаларды пайғамбармен бірге бастан өткерді. Беғсаттың бірінші күні – Алла елшісінің пайғамбарлық міндеті жарияланған күннен шабуылдар мен қиындықтар басталды. Имам Әли (ғ.с.) өзінің 192-ші құтпасында: «Мен анасынан қалмайтын қозы сынды Алла елшісінен қалмай, хазіреттен үлгі алдым. Алла елшісі күн сайын ғамалы және ахлағымен маған жаңа сабақ пен білім үйретіп, менен соларға сай ғамал етуді талап етті... Алла елшісі жылдың бір мезгілін Хира тауында өткізетін. Мен сол жерге барып, оны көретін едім. Адамдары мұсылман болған жалғыз үй біздің үй болды: пайғамбар, Хадидже және мен. Пайғамбардың нұрын көріп, набаваттың жүрекке қонымды әтірін сездім»,- деген болатын. Имам Әли (ғ.с.) бала кезінен пайғамбарға иман келтіріп, пайғамбармен намаз оқып, хазіретпен бірге джиһад жасап, әділет орнатып, Алланың Ислам дінін қорғауға талпынды. Өмірінің әртүрлі кезеңдердегі имам Әли (ғ.с.)-ның батылдығы мен жомарттығы туралы естіген боларсыздар. Тарихта имам Әли (ғ.с.)-ның арнайы ғибадаттары, Алланың алдындағы қарапайымдылығы, Хейбар соғысындағы ержүректігі мен қылышының күші, хақты иелеріне жеткізуі және құдырет иелері мен зорлық-зомбылықтың алдына тізе бүкпеуі туралы айтылған. Адамның батылдығы туралы сипатту үшін оның ешбір соғыста дұшпанға арқасын көрсетпегені туралы айту жеткілікті. Ол еш уақытта дұшпанға оның ту сыртынан шабуыл жасамаған және оны жараламаған. Имам Әли (ғ.с.) мұндай батылдығымен бірге, әсіресе жетімдерге өте мейірімді болды. Ол пайғамбардан кейін жомарттық пен ержүректіліктің теңдессіз үлгісіне айналды. Иран Ислам революциясының жетекшісі хазірет Әли (ғ.с.)-ның таңырқататын ерекшеліктері туралы: «Имам Әли (ғ.с.)-ның болмысының тереңділігі мұхиттың тереңділігінің өзі сынды. Ол құпия көздермен байланысты. Оны илаһи тұлғалар ғана түсінеді. Біздің көретініміз тек сыртқы белгілер. Біз имам Әли (ғ.с.)-ның батылдығын, ғибадат жасауын, жомарттығын, илаһи бұйрықтарға табандылығын, жиһады мен жанкештілігін, уақыт пен адамдарды қадірлей білуін, рақымдылығын, әлсіздерге деген мейірімділігін, үстемшілер мен билік басындағылардан қорықпауын, халықтың арасында әділет орнатқысы келгенін және зорлық-зомбылықпен күрескенін көреміз. Мұның барлығы терең мұхиттың тек беткі жағы ғана. Оның сыртқы белгілерінің өзі қандай әдемі! Адам аталған барлық ерекшеліктер мен сипаттарға ие басқа кімді таба алады?! Имам Әли (ғ.с.) осындай болды. Мұның барлығы мұсылмандардың тарихында тіркелген, тіпті дұшпандардың өзі мұның барлығын мойындаған»,- деді. Діни жетекші сөзінің жалғасында, тіпті имам Әли (ғ.с.)-ның қас дұшпаны Муавиенің имамның ерекшеліктерін мойындағанына тоқталып: «Муавиенің отырысында бір адам имам Әли (ғ.с.) туралы сөйледі. Сонда Муавие ызаланып, имам Әли (ғ.с.)-ды мадақтайтын сөз айтты. Имам Әли (ғ.с.) шәһид болған соң Муавиенің алдына жұмыспен келген хазіреттің әр серігінен Муавие имам Әли (ғ.с.) туралы айтып беруді сұрайтын. Олар айтатын. Рауаяттардың бірінде Муавиенің кейде жылағаны туралы айтылған. Таңғаларлық жайт! Шын мәнінде Муавиенің имам Әли (ғ.с.)-ға дұшпандық танытқаны ешкімге жасырын емес»,- деді. Бұл ұлы тұлғаны танып, білуіміз керек. Имам Әли (ғ.с.)-ды танудың ең жақсы жолы «Наһдж ул-Балағені» оқып-зерттеу болып табылады. Бұл кітапта имам Әли (ғ.с.)-ның кейбір сөздері, құтпалары мен хикметтері жинақталған. Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша, хазіреттің сөздерін оқуымызбен бірге бұл тұлғаның өмірбаянымен толық танысуымыз қажет. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Имам Әли (ғ.с.) өмірі басынан аяғына дейін – сабақ»,- деп қуаттайды. Ислам революциясының жетекшісі имам Әли (ғ.с.)-ның ерекшеліктерін баяндап, хазіреттің қырағылығы мен қырағы ету сынды екі сипатын қазіргі ғасырдың тапшылығын сезіп отырған сипаттар деп санап, бұл екі ерекшелікті мұсылмандардың қазіргі қоғамына қажетті ерекшелік деп атады. Аятолла Хаменеи: «Бір адам және бір басшының барлық жақсы сипаттарын адамдар имам Әли (ғ.с.)-ның болмысында қалыптасқанын көреді. Осы кезде қырағылық пен бұл ерекшелікті қажет ететін адамды қырағы ету мәселесі ең маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Яғни, кеңістікті айқындау керек. Барлық кезеңдерде бұл шексіз батылдық. Бұл үлкен жанкештілік халықты қырағы ету мен ойларын тереңдетіп, иман туралы ойлануға қызмет етті»,- деді. Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында имам Әли (ғ.с.)-ның адамдарды қырағылыққа баулуына тоқталып: «Сеффейн соғысында екінші жақ жеңілетінін сезген кезде соғысты тоқтату үшін құрандарды найзаларына көтерді. Сол кезде бір топ адам келіп, имам Әли (ғ.с.)-ды қоршап, соғысты тоқтатуға қысым көрсетті. Олар Құранды пайдаланды. Бұл таңғалдыратын іс болды. Имам Әли (ғ.с.) серіктеріне: «Сендер қателесіп тұрсындар, сендер оларды танымайсындар. Олар бүгін Құранды пайдаланды, бірақ шын мәнінде Құранға сенбейді. Мен оларды танимын, мен олардың балалық кезеңдерін де, үлкен кездерін де көргем»,- деген болатын. Имам Әли (ғ.с.) ерекшеліктері туралы көптеген мәліметтер бар. Бірақ Алла елшісі ол туралы: «Алла Тағала Әли бауырымның бойында әр адамда кездесе бермейтін ерекшеліктерді қалыптастырды. Исламның ұлық пайғамбары имам Әли (ғ.с.)-ның сипаттарын адамзат үшін баяндап, хазіретің ерекшеліктерін адамзат үшін түсінікті етті. Осыған орай аятолла Хаменеи «Имам Әли (ғ.с.) туралы көп сөз айтылды, бірақ осы кезге дейін барлық шындық айтылмады. Осы кезге дейін имам Әли (ғ.с.)-ның ерекшеліктері айтылған сөздер мен жазылған қаламдар имамның барлық ерекшеліктерін баяндай алмады. Имам Әли (ғ.с.) бала кезінен шәһид болғанға дейін Алла үшін және Алланың жолында қадам басқан, бір сәтке де күмәнденбеген адам»,- деп қуаттады. Ислам дінінің жақтастары үшін ең ардақты және ең жақын имамдардың бірі имам Әли (ғ.с.) болып табылады. Аятолла Хаменеи хазірет Әли (ғ.с.)-ның жоғары беделі мен дәрежесі туралы: «Им