Шіл 08, 2016 10:46 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 30

Біреуге бір нәрсе сыйлау (инфақ) – хазірет Әли (ғ.с.)-ның танымал сипаттарының бірі. Имам Әли (ғ.с.)-ның бұл сипаты туралы тарихта көптеген хикметке толы оқиғалар айтылған. Намаз кезінде мұқтаж адамға жүзігін сыйлау, мұқтаждардың арасына барып, түн қараңғысында оларға тамақ тарату және тағы да басқа көптеген істер имамның басқаларға инфақ етуінің үлгілері болып табылады.

Алла елшісі имам Әли (ғ.с.)-ның сипаттарын адамзаттың ақылынан жоғары деп санаған. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Имам Әли (ғ.с.) өмірінің басынан соңына дейін тек Алла туралы ойлап, Алланың жолын таңдады. Имам Әли (ғ.с.)-ның өмірі туралы қысқаша айтатын болсақ, ол әділет, рақымдылық, сабыр, ержүректіліктің, адам құқықтарын қорғау мен Жаратушыға ғибадат жасаушының көрінісі»,- деп айтқан болатын. Имам Әли (ғ.с.)-ның ахлақтық оң сипаттарының көптігі сондай, олардың әр біреуіне тоқталу үшін көп уақыт қажет. Ол кейде серіктерінің бірінің ренжіп жүргенін көрген кезде әзілмен олардың көңіл-күйін көтеруге тырысатын. Имам Әли (ғ.с.) бір кәпір мұсылман болған кезде шынайы қуанатын. Ол кедейлерге тамақ таратып, уайымға батқан жүректерді жұбататын, басқаның мәселелерін шешіп, жетім баланы қуантатын. Біреуге бір нәрсе сыйлау (инфақ) – хазірет Әли (ғ.с.)-ның танымал сипаттарының бірі. Имам Әли (ғ.с.)-ның бұл сипаты туралы тарихта  көптеген хикметке толы  оқиғалар айтылған. Намаз кезінде мұқтаж адамға жүзігін сыйлау, мұқтаждардың арасына барып, түн қараңғысында оларға тамақ тарату және тағы да басқа көптеген істер имамның басқаларға инфақ етуінің үлгілері болып табылады. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Имам Әли (ғ.с.)-ның қолындағы нәрсені басқаға сыйлауы туралы рауаяттың бірі «Белазар тарихы» және «Ахмад ерекшеліктері» деген кітаптарда айтылған.                                                                                                                                                                                                                                                                                Бұл рауаят пайғамбар дүниеден озған және хазіреттің бос уақыты  көбейіп, жерді абадтандырып, құдық қазумен айналысқан 25 жылдық уақытқа қатысты. Имам Әли (ғ.с.) өз қолымен көптеген жерді абадттандырды. Ол өзі қолына күрек, қайла алып, өз күшімен құдық қазып, жерді абадтандырып, көптеген кіріске де ие болды.  Бір жылы хазірет бидай, құрма және басқа жеміс егіп, жақсы өнім жинап, 40 мың динарға ие болды. Имам Әли (ғ.с.) бүкіл 40 мың динарын өзінің бір жылдық садақасы ретінде таратып, өмір сүретін басқа ақшасы қалмады. Табысын садақа қылып таратқан күні базарға барып, қылышын сатпақ болды. Адамдар имамды көріп: «Уа, имам Әли! Сіз бүгін 40 мың динарды садақа етіп таратып, енді қылышыңызды сатып тұрсыз ба?»- деп сұрағанда хазірет: «Егер кешкі тамағым болғанда қылышымды сатпайтын едім»,-деп жауап берген екен. Бұл аңыз емес, бұл шындық. Біз бен сіздер бұдан сабақ алуымыз  керек»,- деді. Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша, имам Әли (ғ.с.)-ның болмысының  негізін хазіреттің ықыласы анықтайды. Аятолланың пікірінше, имам Әли (ғ.с.) ғамалын тек Алланың ризалығы үшін және илаһи және ислами міндеттерге сай орындады. Ислам революциясының жетекшісі имам Әли (ғ.с.)-ның ықыласы туралы: «Имам Әли (ғ.с.) өз ықыласын Ислам дінін пайғамбардан қабылдаған балалық және жасөспірімдік кезеңінен көрсетті. Ол Алла үшін құрайыш ақсүйектерінің тыныштығының орнына он үш жыл бойы пайғамбардың қасында күрестерін жалғастырып, Алла елшісі Мединеден Меккеге қоныс аударған түні пайғамбардың орнына жатты. Имам Әли (ғ.с.)-ның пайғамбардың орнына жатуы шынайы жанкешті адамның ісі, яғни ол өзін өлімге қиды. Қараңғы түн, қарулы, қатігез дұшпан сол төсекте жатқан пайғамбарды өлтіру туралы шешім қабылдап, дайындалды. Имам Әли (ғ.с.) сол түні пайғамбардан: «Егер мен сіздің орныңызға жатсам, сіз аман қаласыз ба?»- деп сұрағанда пайғамбар: «Иә»,- деп жауап берді. Имам «Ондай болса, мен сіздің орныңызға жатамын»,- деді. Адамдар мұндай жағдайда мұрсатты пайдаланып, өздерін құтқарады. Бірақ ол тек пайғамбарды құтқару туралы ғана ойлады»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында хазірет Әли (ғ.с.)-ның ықыласының келесі жарқыраған жайтына тоқталып: «Пайғамбарлар қатысқан соғыстарда, мәселен Ухуд соғысында азғана адам ғана қалып, басқалары қашып кеткен кезде  имам Әли (ғ.с.) пайғамбарды қорғады. Хандақ соғысында барлығы Амру бен Абдиуадпен күресуден қашқан кезде де имам өз еркімен алға шықты. Хейбар оқиғасында, сонымен қатар пайғамбар дүниеден озған соң пайғамбардың орынбасарын сайлау кезінде де, екінші халифадан кейін құрылған кеңесте де, яғни осы айтылған барлық оқиғаларда имам Әли (ғ.с.) тек илаһи ризалық туралы ойлап, ислам мен мұсылмандарға пайдалы болатын жолды таңдады. Халифатты қабылдаған кезде, халифаттан алыс болған 25 жылдың ішінде, халифалармен ынтымақтастық жасауында, ислам үшін жасаған жұмыстарында, жиһад майданында, еңбек пен күрес және исламдық жүйеге қызмет етуінде, қоғамның адамдарын оқыту және тәрбиелеу жұмыстарында, халифаттығы кезінде әртүрлі топтармен қарым-қатынас орнатуында және тағы да басқа да жайттарда Әли бен Абиталеп Алла қабылдап, өзінің елшісі ретінде сайлаған пайғамбардың адал серігі болды. Мұның барлығын сіз бен біз имам Әли (ғ.с.)-нан үйреніп, ғамал етуіміз қажет»,- деді. Хазірет Әли (ғ.с.)-ның болмысында жинақталған барлық адами сипаттармен бірге хазіреттің өміріндегі ең маңызды сипаты әділет талап етуі болды. Діни жетекші: «Барлық пайғамбарлар әділет орнатып, халықты Аллаға жақындату үшін жіберілді. Халықтың арасындағы міндетін орындау – мұсылман басшылардың міндеті»,- деді. Ислам революциясының жетекшісінің пікірінше, егер имам Әли (ғ.с.)-ның  өмірі мен шамамен 25 жылдық үкіметінің оқиғаларына шолу жасасақ сол кезеңде туындаған кейбір мәселелер хазіреттің әділет талап етуінен пайда болғанын көрсетеді.  Аятолла Хаменеи имам Әли (ғ.с.)-ның әділет талап етуінің көркем көріністері туралы былай деп айтады: «Залыммен ымыраға келмеу, жәбір көргендерге тілеулестік білдіру және жәбір көргенге залымнан құқын алуға көмектесу –  имамның өмірінен, сөздері мен «Наһдж ул-Балағе» кітабынан анық байқалатын нәрселері. Имам Әли (ғ.с.)-ның: «Алламен ант етемін, халыққа зұлымдық жасап, бұл дүниедегі құнсыз мүлікті тартып алған жағдайда  қияметте Алла мен Оның елшісін көргеннен гөрі мен үшін тікендердің үстінде түнді ұйықтамай өткізгенім артық»,- деген сөзіне назар аударыңыздар. Яғни, имам Әли бұл сөзі арқылы өмірдің ең ауыр жағдайларында да ешбір зұлымдыққа бармайтынын қуаттады.  Бұл – имам Әли (ғ.с.)-ның әділетінің белгісі». Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында: «Имам Әли (ғ.с.) міндетін (халифатты) қабылдаған сәттен ғибадат жасап отырған михрабта басы жрылғанға дейін бір күн және бір сағат та исламның қалыптасқан негіздерінен бас тартқан емес. Күдік-күмән, алаңдаушылық, қорқыныш, осалдық ол үшін кедергі болмады. Имам Әли (ғ.с.) еш уақытта әділетті ұмытпады. Серіктері одан теріс айналып, оған қарсы соғыстар ұйымдастырылды. Кешегі күнге дейін оны мадақтағандар оның әділетін көрген кезде оның  дұшпандарына айналды. Дұшпандарының табалауы оған әсер етпеді. Ол жолын жалғастырып, осы жолда шәһид болды.

Тегтер