Ұлы тұлғаның алдында 31
Хазірет Әли (ғ.с.) жасөспірім кезеңнен өтіп, Ислам дініне иман келтіріп, Алла елшісінің қасында көптеген қиындықтарға төзімділік білдіріп, сабырлы, мүмін және ер жүрек жас жігітке айналды.
Адамдар теңдессіз тұлғалармен танысып, олардан үлгі алып, жоғары деңгейге жете алады. Хазірет Әли (ғ.с.) – болмысында ерекшеліктер мен кемел сипаттар жинақталған теңдессіз тұлға. Әр адам кемелдікке жету үшін хазіретті үлгі етіп таңдай алады. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи имам Әли (ғ.с.)-ның өмірінің әртүрлі кезеңінің әрбіреуін үлгі боларлық санап: «Имам Әли (ғ.с.) өмірінің барлық кезеңдерінде үлгі. 10, 12, 13-14 жастағы жасөспірім имамды өзіне үлгі ете алады. Неге? Өйткені ол 10-11 жасында исламды түсініп, қабылдап, пайғамбардың жолына түсті. Бұл өте маңызды. 10-11 жастағы бала барлық дұшпандардың арасынан шындықты ажыратып, оған табандылық танытты»,- деді. Хазірет Әли (ғ.с.) жасөспірім кезеңнен өтіп, Ислам дініне иман келтіріп, Алла елшісінің қасында көптеген қиындықтарға төзімділік білдіріп, сабырлы, мүмін және ер жүрек жас жігітке айналды. Аятолла Хаменеи жиырма-отыз жастағы жастарға хазіреттің жастық шағынан үлгі алуға кеңес береді. Өйткені имамның жастық шағы жастар үшін дәрістер мен ғибраттарға толы. Ол бұл туралы: «Имам Әли (ғ.с.) пайғамбар Меккеден Мединеге қоныс аударған кезде 23 жасында осы үлкен хиджраттың міндетін өз мойнына алды. Пайғамбар оған Меккеге ертіп әкелуге ең жақын адамдарын тапсырып, Меккедегі халықтың аманаттарын таратуға сенім артты. Ол пайғамбардың тапсырмаларын орындап, Мединеде хазіретке қосылды. Дұшпан пайғамбардың үйіне шабуыл жасап, хазіретті қылышпен бөлшектеп тастамақ болған түнде имам Әли (ғ.с.) пайғамбардың төсегіне жатып, өз жанын қатерге тікті. Бұл адамның болмысы мен ұлылығына көңіл бөліп, оны үлгі тұтыңдар»,- деді. Имам хазірет Әли (ғ.с.) туралы: «Ол жас кезінде өте әділ адам болды. Жастық шағында Исламның шындығын бүкіл болмысымен түсініп, тура жолдан иненің ұшындай мөлшерде де ауытқымады. Ол иманы, қарапайымдылығы және көптеген талпыныстарымен бірге әр сәтті білімін арттыруға пайдаланды. Оның ілімі мен ғамалы бірге жүрді. Ол Алла елшісінің артынан еріп, илаһи және хазіреттің бұйрықтарына бағынды» деді. Аятолла Хаменеи имам Әли (ғ.с.)-ның жастық шағын мәңгілік үлгі санап, оны жастарға өз өмірлеріне үлгі етуге кеңес беріп: «Пайғамбар Мединеде үкімет құрған кезде имам Әли (ғ.с.) он жылдың ішінде, яғни 23 жастан 33 жасына дейін пайғамбар қиындықпен кезіккен кезде хазіреттің қасында болған бірінші адам болды»,- деді. Алла елшісі дүниеден озып, халифат оның қолына тимегеннен кейін ол ислам мен мұсылмандардың бірлігін сақтап қалу үшін жиырма бес жыл бойы сабыр сақтады. Имам Әли (ғ.с.) 57-58 жасқа толған кезде халық оған иман келтіріп, олардың тілек-талаптарына байланысты хазірет басынан өзінің құқығы болған халифат пен басшылықты қабылдады. Ислам революциясының жетекшісі имам Әли (ғ.с.) өмірінің маңызды кезеңіне тоқталып, оны «сабақ пен ғибратқа толы» деп сипаттап: «Имам Әли (ғ.с.)-ның орта жастағы және қарттық кезеңі де қиын әрі таңғалдырарлық сынақтардан тұрады. Солардың барлығынан сабыр айқын байқалады. Имам Әли (ғ.с.) құқығының зая болғанын сезген кезде көтеріліс жасады. Ол ешкімнен қорықпаған адам болған. Ол өзі алға қадам басса, халықтың оның соңынан еретінін білген адам. Имам Әли (ғ.с.) исламның мүддесін өзінің заңды құқығынан жоғары санады. Имам Әли (ғ.с.)-ның өзі: «Бір топ адамның Исламнан бет бұрып, халықты хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның дінін жоюға шақыруын көргенде қорқатынмын. Егер мен Ислам мен мұсылмандарға көмектеспесем, діннің негізіне нұқсан келеді. Бұл мен үшін басшы болғанымнан маңыздырақ. Дүние бірнеше күндік және бұлт сынды өтпелі. Сондықтан бұл кезеңде мен халықпен, мұсылмандармен бірге болдым. Жалғандық жойылып, Алланың сөзінің ұлылығы айқындалды» деген. Имам Әли (ғ.с.) Исламның мүддесін бүкіл болмысымен сақтайтын. Осындай жағдайда илаһи тағдырмен оның қолына үкімет билігі мен саясат түсті. Халық жиналып, хазіреттен билікті қолына алуды талап етті. Ол айбындылығымен сахнаға шығып, еш нәрседен қорықпады. Бұл – имам Әли (ғ.с.), бұл кемел үлгі»,- деп қуаттады. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бұл жерде маңызды мәселеге тоқталады. Бірақ имамның қарапайымдылығы билікті қолына алғаннан кейін де өзгермеді, оның қарапайымдылығының бір бөлшегі де кемімеді. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Имам Әли (ғ.с.)-ның билігінде Шығыстан Мысырға, Африкаға дейін таралған үлкен аумақта орналасқан елдер болды. Барлық исламдық үкіметтер имамға бағынды. Ол ұлы әрі күшті басшы болды. Ол осындай байтақ әрі бай елге ие бола тұра мұқтаж адам сынды өмір сүріп, қарапайым киініп, қара бидайдың нанын талғажау етті. Ол материалдық ләззаттардан тартынып, қасындағылар мен өз заманындағы үкімет басындағыларға: «Сендер былай өмір сүре алмайсыңдар, ешкім өмір сүре алмайды»,- деген. Шын мәнінде имам Әли (ғ.с.)-ның өзінің билігі кезінде кедей, мұқтаж адам сынды өмір сүргені таңғалдырады. Аятолла Хаменеи имам Әли (ғ.с.)-ның рухани көрінісін тек хазіреттің өзіне ғана лайықты санап: «Осы уақытқа дейін әлемде ешбір басшы және саясаткер имам Әли (ғ.с.) сынды өмір сүре алған жоқ және келешекте де өмір сүре алмайды»,- деді. Қорыта айтқанда, имам Әли (ғ.с.)-ның өмірі бір кемел мұсылманның және кемел адамның өмірі саналады деп айтуға болады. Аятолла Хаменеи имам Әли (ғ.с.)-ды исламдық тәрбиенің жоғары үлгісі деп атап: «Имам Әли (ғ.с.) сарбаздық кезең мен жалғыз қалған және басшы болған кезеңнен өтті. Мұның әрбіреуі исламдық үмбет үшін үлкен ғибрат болды. Егер біз бүгін осы сабақтарға сай ғамал етсек, біздің алдымыздан тура және кемел жол ашылады»,- деді.