Шіл 08, 2016 10:57 Asia/Almaty
  •  Ұлы тұлғаның алдында 32

Имам Әли (ғ.с.)-ды Исламның ұлық пайғамбарының орынбасары етіп айқындаған Ғадир оқиғасына шолу жасаймыз. Ғадир оқиғасы тарихи құжат болып, шиіттер және сүнниттер тарапынан расталған.

Ғадир күні хазірет Әли (ғ.с.) Алла тарапынан ресми түрде Исламның ұлық пайғамбарынан кейін мұсылмандар халифатының басшысы болып сайланды. Ғадир туралы көптеген тарихи құжаттар бар. Олардың барлығында имам Әли (ғ.с.)-ның Алла елшісінің орынбасары ретінде сайланғаны туралы күмән тумайды. Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Ғадир оқиғасының ұлылығы туралы: «Ғадир оқиғасы – Ислам тарихындағы өте маңызды оқиға. Біріншіден, бұл оқиғаның негізі маңызды әрі таңғалдырарлықтай, өйткені «мені өзінің басшысы деп санайтын адам үшін Әли де оның басшысы» деген сөз тек шиіттер ғана айтатын сөз емес. Мұны барша қабылдайды. Бұл сөзден мін тапқысы келетіндер сөздің айтылғанына күмәнденбейді, олар бұл сөйлемді тәпсірлеп өздерінше түсіндіргілері келеді. Оқиғаның негізі – тарихи және исламдық мәселе»,- деді. Алла Тағала Алла елшісінің дүниеден озуынан шамамен 70 күн бұрын хазірет соңғы қажылығынан оралып келе жатқан кезде: «Уа, Пайғамбар! Раббың тарапынан түсірілгенді жалғастыр. Егер оны істемесең, елшілік міндетіңді жалғастырмаған боласың»,- деген аят түсірді. («Мәиде», 67-ші аят). Діни жетекші бұл туралы: «Бұл сөз Исламның рухы мен шынайы мазмұнының Ғадир оқиғасында қалыптасқанын, оның илаһи ресалат болғанын білдіреді. Ғадир Хомда Алла елшісі халықты тоқтатып, қажылар керуенін жинап, бұл мәселені айтқан кезде: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ, сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым» («Мәиде», 3-ші аят),- деген аят жіберілді. Исламның ұлық пайғамбарының беғсатымен илаһи дін кемелденіп, адамзат бүкіл ақиқатты баяндады. Алла елшісінен кейін хазірет Әли (ғ.с.)-ның пайғамбардың орынбасары болып жариялануы  шын мәнінде велаяттың басталуы және пайғамбар жолының жалғасуы болып табылады. Ислам діні даму үшін бұл дінді сақтап,  Алла елшісі сынды келешек ұрпақтарға жеткізетін жол нұсқаушыны қажет етеді. Исламдық сенімдер бойынша, дүние еш уақытта мұндай басшысыз қалмайды. Алла елшісінің ұрпағынан шыққан  құтқарушы имам Мәһди (ғ.с.) туралы сенім исламдық тағылымдардан тамырланады. Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша, Ғадир мәселесінде набоваттың жалғасы ретінде танымал болған велаяттың негіздері баяндалған. Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында: «Исламдық үкімет саясаттан бөлек емес. Хазірет Әли (ғ.с.)-ның қоғамның басшысы болып сайлануы үкіметті хазіретке тапсыру қажет дегенді білдіреді. Имам Әли (ғ.с.)-ға Алла тарапынан тапсырылған велаят саяси велаят болды. Алла Тағала имам Әли (ғ.с.)-ды Исламға пайғамбардың арқасында әкелді, яғни бұл Алланың Ислам үмбетінің үкіметі мен велаятын  жоғары мәселе санайтынын көрсетеді. Ғадир мәселесі Исламның кемел, келешекті ойлайтын дін екенін көрсетеді»,- деді. Бұл жерде «Неліктен мұндай маңызды  мәселе имам Әли (ғ.с.) сынды тұлғаға тапсырылды?» деген сұрақ туады. Ислам революциясының жетекшісі бұл сұраққа: «Алла елшісі иман, ахлақ, революцияшыл, әскери және әртүрлі таптармен қарым-қатынас орнату тұрғысынан теңдессіз болған тұлғаны сайлап, халықты оған бағынуға міндеттеді. Бұл пайғамбардың өзі шығарған ойы емес, бұл пайғамбардың басқа сөздері мен нұсқаулары сынды бұл илаһи нұсқау, илаһи бұйрық және илаһи сайлау болды.  Ғадир Хом – имам Әли (ғ.с.)-ның ерекшеліктері мен кемелдігінің нәтижесі. Имам Әли (ғ.с.) – тақуалық пен дінге табандылықтың, Алладан басқаға бағынбаудың және оның жолынан бұрмаланбаудың, ғылым, ақыл және сабырлық пен жігердің көрінісі»,- деп қуаттады. Ғадир Хом оқиғасына  жүз мыңнан астам мұсылман  қатысып, Алла елшісінің хазірет Әли (ғ.с.)-ның  орынбасарлығы туралы құтпасы олардың құлақтарына жеткенімен, олар пайғамбар дүниеден озған соң имам Әли (ғ.с.)-ды жалғыз қалдырып, басқалардың халифатын қабылдады. Үкімет пен халифатты өзінің нәпсілік қалауларына жету үшін емес, исламдық қоғамның мәселелерін шешіп, халықты кемелдікке жеткізу үшін қолайлы мұрсат санаған имам Әли (ғ.с.) басында  халыққа ақыл-кеңесін айтып, Ғадир Хом оқиғасын еске салды, бірақ өзіне қысым көрсетіліп, исламның негіздерінің жойылатынын сезген кезде өз құқығынан бас тартты. Сөйтіп, өзінің айтуы бойынша, аспанның жолдарын жердің жолдарынан артық санап,  мұсылмандарды бақыт, кемелдік және рухани кеңістікке жетелей алатын имам Әли (ғ.с.) жиырма бес жыл бойы халифат пен халықты басқару құқығынан бас тартты. Аятолла Хаменеи хазірет Әли (ғ.с.)-ның билікке ие болу құқығынан бас тартқаны туралы баяндап, исламның саясатындағы негізгі мәселелерге тоқталып: «Исламда халықтың дауысына ерекше көңіл бөлінеді. Басшыны сайлауға және оның жұмыстарына қатысты халықтың дауысы қабылданады. Осыған орай,  имам Әли (ғ.с.) пайғамбар тарапынан басшы болып сайлануына және мұның өзінің құқығы болуына қарамастан, халықтың дауысына келген кезде, оны басымды санады. Исламдық жүйеде бият ету билікті растау үшін қажет шарт болып табылады. Егер халық басшыға бият етпесе, оны қабылдамағаны. Мұндай басшы үйінде қамалып қалатын болады. Үкімет  пен басшылық халықтың дауысын қажет етеді немесе билік ету халықтың бият етуіне байланысты деп айтуға болады»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында Исламның бастапқы күндеріне сілтеме жасап: «Осман өлтірілген соң халық  имам Әли (ғ.с.)-ның үйінің айналасына жиналған кезде хазірет: «Сендер кімсіндер? Сендердің дауыстарыңның қандай әсері бар?»- демей: «Халифатқа басшылық етуге менен басқаны шақыруларыңды сұраймын»,- деді. Халифатты қабылдамағысы келмей оларға: «Басқа адамды табыңдар»,- деді. Яғни, халыққа «Сендердің жігерлерің мен сендердің қалауларың тағдырды шешеді» деді. Негізінде, бияттың негізі – қабылданған негіз. Ислам дінінде халық  заңдылықтың бір негізі. Исламда саяси жүйе халықтың дауысы және қалауымен бірге тақуалық пен әділет деген негіздерге де табанды қалады. Егер үкіметке сайланатын адам тақуа және әділ болмаса, Ислам көзқарасы бойынша мұндай үкімет заңсыз саналады»,- деді.

Тегтер