Шіл 10, 2016 16:34 Asia/Almaty
  •  Ұлы тұлғаның алдында 33

Исламның ұлық пайғамбарының қайтыс болуынан кейін имам Әли (ғ.с.) мұсылмандар қоғамының өзгеріп бара жатқанын көргенімен бұрмаланушылықтардың алдын алатын күшке ие болмады. Имам Әли (ғ.с.) сол кездегі өзінің ішкі жағдайын: «Көзімді тор басып, тамағыма тікен қадалғандай сезіндім»,- деп сипаттаған.

Иран Ислам революциясының қазіргі жетекшісі аятолла Хаменеидің пікірінше, имам Әли (ғ.с.)-ның өміріндегі ең ауыр әрі ең ащы күндер Алланың елшісі дүниеден озғаннан кейін келді. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Менің ойымша имам Әли (ғ.с.)-ның өміріндегі ең ауыр кезең пайғамбар қайтыс болғаннан кейін басталды. Бұл кезеңде бүліктің ұшқыны көздерді жауып, тіпті дұрыс қадам басқылары келгендердің өздері қадам баса алмады. Мұндай жағдайда имам Әли (ғ.с.) ең үлкен сынақтан өтті. Пайғамбар қайтыс болған кезде имам Әли (ғ.с.) хазіретті жерлеумен айналысты. Ол ислам дүниесінің билігінің тағдырын шешетін бір топтың Сақифеде жиналуы мүмкін деп ойламаған. Имам Әли (ғ.с.) үшін бұл мәселе болған жоқ. Ол  үшін айтылмаған  нәрсенің оған қатысты болуы мәселе болды»,- деді. Діни жетекші сөзінің жалғасында имам Әли (ғ.с.)-ның үш халифаның билігі кезеңдеріндегі жұмыстарына тоқталды. Бірінші халифаның сайлануынан көп ұзамай араб тайпаларының кейбіреулері исламнан бет бұрып, пайғамбар мен мұсылман басшысының болмауын сылтауратып, соғыс ашты. Бұл ағым «редде», яғни «кейбір мұсылмандардың діннен безуі» деп аталып, «редде соғыстары» басталды. Аятолла Хаменеи бұл кезеңдегі имам Әли (ғ.с.)-ның  рөлі туралы: «Мұндай жағдайды көрген имам Әли (ғ.с.) үшін енді араласпай отыратын уақыт қалмады. Ол хазірет майданға шығып, үкіметті қорғау қажет деп: «Халифат мәселесі көтеріліп, Әбубәкір мұсылмандардың халифасы болғаннан кейін шетке шықтым. Бірақ кейбір адамдардың исламнан безіп, Ислам дінін жойғысы келетінін көріп, сахнаға оралдым»,- деді. Имам Әли (ғ.с.) белсенді түрде майданға шығып, барлық қоғамдық маңызды жұмыстарға қатысты. Хазіреттің өзі үш халифаның 25 жылдық билігі кезіндегі белсенділігін уәзірлік деп бағалаған. Осмаз келгеннен кейін халық имам Әли (ғ.с.)-ды халифатқа сайлаған кезде: «Мен әмір болғанымнан гөрі бұрынғыдай уәзір болғаным жақсырақ. Мен уәзір болып қала берейін»,- деді. Яғни, ол өзінің 25 жылдық жағдайын уәзірлік санады. Ол жылдар бойы  билік басындағы халифалар мен басқаларға көмектескен»,- деді. Бірақ бүлік пен бүлікшілер тоқтамай, қайшылықтар күннен күнге арта түсті. Алла елшісі дүниеден озғаннан кейінгі үшінші халифа Османның өліміне дейін бүлікшілер жалғанды шындық етіп көрсетіп, Құран аяттарын өз мүдделеріне қарай тәпсірлеу мүмкіндігіне ие болды. Олар жалғандықты шындық ретінде көрсеткендері соншама, тіпті кейбір уақытта ғалымдардың өздеріне де жалғандық пен шындықты ажырату ауыр болды. Аятолла Хаменеи әр революцияның ауыр кезеңі деп, шындықты жалғандықтан ажыратып, шындық жолын табу қиындаған жағдайды, бүлік тудыратын ортаны ластанған орта деп атады.  Кейде адам ластаған ортаға түсіп, тіпті шындықты ажырата алмай қалады.  Исламның ұлық пайғамбары қайтыс болғаннан кейінгі бұрмалаушылықтар көбейген 25 жылдық ластанған кеңістікте кейбір адамдар  өз-өздеріне оралып, дұрыс жолға нұсқаушы имам Әли (ғ.с.)-ға келді. Олар имамнан мұсылмандардың басшылығын өз қолына алуды сұрады. Ол басында қабылдамады, бірақ мұсылмандардың тілектеріне байланысты қоғамның басшылығын қабылдады. Аятолла Хаменеи имам Әли (ғ.с.)-ның халифат кезеңін оған дейінгі басшылардың кезінде   шындық пен жалғандық араласып, бүліктің кеңінен таралуына байланысты ауыр кезең деп сипаттайды. Өйткені бұл кезеңде адамдардың көбі шындықты жалғандықтан ажырату күші мен қырағылығынан айырылған болатын. Шын мәнінде имам Әли (ғ.с.)-ға таңылған үш ішкі соғыстың себебі де  кейбір мұсылмандардың бейқамдығы мен қапылдығы болды. Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы: «Имам Әли (ғ.с.) «Наһдж ул-Балағенің 50 құтпасында бұл туралы: «Егер жалғандық пен шындық араласпағанда, жалғандық шындық болып көрінбейтін еді. Егер шындық жалғандықпен араласпай, бөлек болғанда дұшпандардың тілін қысқартатын еді. Алайда шындық пен жалғандықтың бір бөлімі араласып, шайтан өз достарына таңырқай қарайды. Тек Жаратушының  мейірімділігі мен рақымдылығына иелер ғана құтқарылады»,- деген»,- деп еске салады. Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше, Алла елшісінің өмір сүрген кезінде барлық нәрсе анық болған. Кәпірлер, мүшіріктер, Меккенің тұрғындары, сонымен бірге Мединеде өмір сүрген қастандық жасаушы еврейлер мен олардың қастандықтарын таныған Медине тұрғындары бір жақтан және мұсылмандар басқа жақтан. Аятолла Хаменеи Алла елшісінің кезеңінің айқын болуын қуаттап: «Мұндай кезеңде иманды қорғау да оңай. Бірақ имам Әли (ғ.с.)-ның кезеңінде оған қарсы шыққандар кімдер?» деп сауал қойып, пайғамбардың кезінде жарқыраған, бірақ пайғамбар дүниеден озғанан кейін шындық жолында қала алмай, хазіретке қарсы шыққан бірнеше сахабаны атайды. Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасынша сол кездегі бүліктердің әртүрлі себептері болды. Олардың бірі исламдық жерлердің кең көлемі мен соның нәтижесінде халық мүлкінің көбейіп, қоғамның экономикалық дамуы болды. Екінші халифа Омардың кезінде және исламдық жеңістердің басталуымен халықтың экономикалық жағдайы бірден ерекше көтерілді. Дүниеқұмарлық пен дүниеқоңыздық басталып, бірте-бірте исламдық қоғамда бай таптар пайда болды. Олар пайғамбардан дүниеқұмарлықтан тартыну туралы естігендерімен халықтың мүлкінен ерекше ұпайға ие болуды талап етті. Бұл бұрманушылықтар мен бүліктердің бірінші көріністері болды.  Аятолла Хаменеи: «Исламның ұлық пайғамбарының кезінде ислам таралған жерлердің көлемі аз болды. Мүлік пен байлық кәпірлердің қолында болды. Нәтижесінде мұсылмандар кедейлікте өмір сүріп, олардың арасында дүниеқұмарлық пен байлық жинау тарамаған болатын. Бірақ пайғамбар дүниеден озғаннан кейін  дін мен ахлақтан алыстау, жанжал мен өтірік таратып, шындық майданындағы адамдарға тіл тигізу бүлік тудырудың келесі тамырлары болды. Сонымен бірге мансап пен билік талап ету де бүліктің келесі себепшісі болды. Мансап мен басшылық талап ету – бүлік тудырудың келесі себебі»,- деді.