Шіл 10, 2016 16:38 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 34

Хазірет Әли (ғ.с.) – оның тереңдігіне жетуге адамзаттың ақылы мен білімі жетпейтін терең мұхит. Аятолла Хаменеидің қуаттауы бойынша, хазірет Әли (ғ.с.) барлық теңдессіз қасиеттерімен Исламның ұлық пайғамбарының кішкентай ғана үлгісі болды.

Үшінші халифа Осман дүниеден озып, мұсылмандар хазірет Әли (ғ.с.)-ға адал болуға ант берген соң ол үкіметтің билігін өз міндетіне алды. Сол кезде қайшылықтардың толқыны артып, кейбіреулер өткен үкіметтердің кезінде байыған жағдайда хазірет Әли (ғ.с.)-ның билік басына келуімен хазіреттің әділет таразысына түсіп, жазаланадудан алаңдады. Сондықтан олар басынан бастап, имам Әли (ғ.с.)-мен қарсыласуды бастады. Кек пен қызғаныш және қол жеткізген жағдайларынан айырылудан  қорқып, қарсылық дабылын соққан келесі топ та болды. Алайда оған бият етушілер толық қолдау уәдесімен үкіметті имам Әли (ғ.с.)-ның қолына тапсырды. Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша имам Әли (ғ.с.)-ның үкіметінің маңызды әрі мықты негіздері көптеген факторларға ие. Солардың ең маңыздысы Алланың дініне және оның иқамасына табанды болу саналады. Илаһи дінді тарату имам Әли (ғ.с.) үшін басты мәселе болды. Имам Әли (ғ.с.) еш уақытта және ешбір жерде бұл ісін тоқтатпады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

 Ислам революциясының жетекшісі: «Соғыстың ортасында қақтығыс қызып жатқан кезде бір адам имам Әли (ғ.с.)-ның қасына жақындап тауһид туралы сұрақ қойды. Ол: «Құл һуа аллаһу аһад» деген сөйлемде «аһад» деген сөздің мағынасы не?»- деп сұрады. Бұл тіпті негізгі мәселе болмады. Ол Алланың болмысы туралы сұрамады. Бір жанама сұрақ қойды. Имам Әли (ғ.с.)-ның қасындағылар: «Қазір сұрақ қоятын уақыт па?!»- деп наразылық білдіргенде хазірет: «Рұқсат етіңдер, мен жауабын берейін, біз дәл осы мәселе үшін соғысып жатырмыз»,- деді. Яғни, имам Әли (ғ.с.)-ның соғысы, саясаты, тұрғылары, оның үкіметінде қабылданған барлық негізгі мәселелер Алланың дінін таратуды мақсат етті»,- деді. Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісінің  көзқарасы бойынша имам Әли (ғ.с.) үкіметінің екінші маңызды негізі әділет орнату және әділет талап ету саласындағы жігері  болып табылады. Әділет саласында имам Әли (ғ.с.)-ның мақсаты абсолютты әділет орнату болды. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Абсолютты әділет, яғни имам Әли (ғ.с.) ешбір жеке мүддесін және өзіне қатысты ешбір саясатты әділеттен жоғары санамады. Ол әділетті барша үшін және барлық салаларда орнатқысы келді»,- деді. Хазірет Әли (ғ.с.) қоғамда экономикалық, саяси, қоғамдық және ахлақи әділет қалыптастыруы көздеді. Имам Әли (ғ.с.)-ның көзқарасы бойынша  әділет мәселесі, сондай-ақ зұлымдық пен зорлық-зомбылықтан алыстау  нәпсілік мәселе болмады. Ол құтпаларының бірінде: «Маған  жеңіске жетуім үшін басқарып отырған исламдық үмбетіме күш көрсетіп, зорлық-зомбылық жаса деп бұйырса, Алламен ант етемін, түн мен күн ауысып, жұлдыздар түнде шығып, күндіз көрінбей тұрғанда, еш уақытта мұндай істі жасамаймын!»- деді. («Наһдж ул-Балағе», 126-ші құтпа). Бұл көркем сөз туралы аятолла Хаменеи: «Қараңдар, сендер саясат, ғылыми сайыс пен  сайлау майданында, соғыста жеңіске жетесіңдер, бірақ ол үшін зорлық-зомбылық  жасау қажет емес. Мұндай жағдайда нені таңдаймыз? Имам Әли (ғ.с.) мұндай жеңісті қаламайтынын айтты: «Мен сәтсіздікке ұшырасам да, зұлымдық жасамаймын». Имам Әли (ғ.с.)-ның әділеті туралы естіген барлық сөздердің негізі имамның абсолютты әділеті  болып табылады»,- деді. Имам Әли (ғ.с.)-ның өімірінде әділет орнату зұлымдыққа қарсылықты білдіреді. Мұның мағынасы зұлымдық жойылған кезде әділеттің хош иісі таралады. Аятолла Хаменеидің пікірінше, кемсітушіліктің кез келген түрі, яғни  ахкамды немесе заңды іске асыру саласындағы кемсітушілік үлкен зұлымдық саналады. Хазірет Әли (ғ.с.) кемсітушілікті жою үшін әділетті тең орындады, яғни өзінің жақын серіктерін басқалардан артық санамад, тіпті қажет жерде    оларға да шектеу қоятын. Ислам революциясының жетекшісі: «Имам Әли (ғ.с.)-ның  бес жылдық үкіметі ислам тарихының өте қысқа мерзімі.  Бұл мерзім қысқа болғанымен  маңызды болды. Өйткені бұл уақытта имам Әли (ғ.с.) әділетті іс жүзінде көрсетті. Бұл беттің жоғары жеріне жазып, әрқашан қайталап отыратын мысал болды. Имам Әли (ғ.с.) еш уақытта әділет жолынан артқа шегінбеді»,- деп қуаттады. Хазірет Әли (ғ.с.) үкіметінің келесі ерекшелігі тақуалық болды. Ислам революциясының жетекшісі шынайы тақуалық туралы: «Тақуалық деген адамның еш уақытта шындық жолынан бұрмаланбауы. Яғни, адам әрқашан абай болуы керек. Ақшаны жұмсағанда абай болуы керек, адамдардың абыройына нұқсан келтіруге және іс-әрекеттер жасаған кезде абай болуы керек. Сөйлеген кезде шындыққа қарсы сөйлеуден абай болған жөн. «Наһдж ул-Балағеге» назар аударсаңыздар, басынан соңына дейін тақуа болуға жігерлендіреді»,- деді. Аятолла Хаменеидің пікірінше, тақуа болу өте маңызды. Егер адм тақуа болмаса, Алланың дініне иман келтіре алмайды. Имам Әли (ғ.с.) – тақуа адамның үлгісі. Ислам революциясының жетекшісі тақуалық туралы сөзін жалғастырып: «Адамның күнәға ластануы – жаман ауру. Адамның жүрегінің күнәға ластануы оған шындықты түсінуге кедергі болады»,- деді.  Хазірет Әли (ғ.с.) өз үкіметінің Алланың дініне табанды болу, әділет және илаһи тақуалықты сақтау сынды маңызды негіздері  бойынша теңдессіз үлгі болды. Ол жарқыраған күн сынды барлық замандардың мұсылман басшылары үшін үлгі бола алады. Ислам революциясының жетекшісі хазірет үкіметінің ерекшеліктерін теңдессіз деп санайды.  Жағымпаздықтан алыстау, халықтың мүлкін қорғау және оны адамның жеке мүддесіне қолданбау мен хазіреттің үкіметінің басқа ерекшеліктері баршаға үлгі болып қалады. Ислам революциясының жетекшісі хазірет Әли (ғ.с.)-ның қызметкерлеріне жасаған ескертулері туралы: «Имам үкіметінің қызметкерлерінің бірі Ашас бег Қейске: «Басшылық сен үшін су мен нан емес, басшылық – саған тапсырылған аманат. Халыққа үстемдік жасама және орындай алатындығыңа сенімді болмасаң, үлкен істі бастама. Алланың нығметтері сенің ықтиярында, сен Оның қазынасын қорғаушыларының бірісің..»,- деген. Аятолла Хаменеи: «Исламдық жүйеде  жауапкершілік міндетін жоғары мақсаттар жолында орындайтын адамдарға тапсырылады» деп, хазірет Әли (ғ.с.)-ның үкіметінің негіздеріне сілтеме жасап: «Басшы үкіметті кірісі, тұрмысын жақсарту мен байлығын арттырудың құралы етпеуі керек»,- деп қуаттады. Хазірет Әли (ғ.с.) илаһи үкімет қалыптастыруға және илаһи ахкамды орындайтын  мұсылмандар қоғамын шынайы діни қоғамға қарай жігерлендіруге талпынды. Бірақ оның жолында көптеген дұшпандар болды. Олар имам Әли (ғ.с.)-ға көп қиындық тудырды.

Тегтер