Ұлы тұлғаның алдында 10
Алламен әрқашан сұхбаттасып, сырласып, оған үміт артып, одан сұрауға болады.
Иран Ислам революциясының қазіргі жетекшісі аятолла Хаменеи өзінің жүрекке қонымды сөздерінің бірінде: «Алла Тағала өзі мен сенің араңа делдал тағайындамады, қашықтық орнатпады және қарым-қатынас орнатуға тыйым салмады. Жаратушымен сұхбаттасып, қажеттіліктеріңізді айта бастағаннан-ақ Ұлы Алла сіздердің дауыстарыңыз бен өтінішітеріңізді естиді»,- деді. Дұға – яғни, Алланы шақыру. Дұғаны әр тілде айтуға болады. Адам материалдық өмір мен психикалық қысымдардың толқынына түсіп, кейбір уақытта өзін жалғыз сезінеді. Сөйтіп, жүрегі Раббымызбен сырласпай тынышталмайды. Ислам революциясының жетекшісі осы ретте: «Қанша сырласқыларың келсе Алламен сонша сырласыңдар. Бұл – дұға. Не айтқыларың келсе де оған айтыңдар. Кейбір уақытта адам еш нәрсе қаламай-ақ, тек оған махаббатын білдіру үшін онымен сұхбаттасады. Адамның қалауы да әртүрлі. Кейде Жаратушыдан ризашылық сұрайды немесе оның кешіруін өтінеді. Бұл қалаудың бір түрі. Кейбір кезде материалдық көмек сұрайды. Мұндай дұғаға да ешбір тыйым салынбаған. Алладан әр нәрсені әр тілде сұрауға болады. Алламен қарым-қатынас орнату адамның оған қатысты құлшылық сезімін тудырады»,- деді. Күнәһар болсаң да, мүмін болсаң да шын жүрегіңмен Жаратушының алдында қарапайым бол. Алланы бүкіл болмысыңмен сезініп, содан соң айтқың келгеніңді айт. Алла Тағала ең жақсы тыңдаушы және ең жақсы дос. Әрине әр адамның қажеттіліктері әртүрлі. Сол себепті олардың Аллаға айтатын тілектері де бірдей емес. Мистиктер дана Алланың алдында өздерін кішік санап, Жаратушымен терең білімдер туралы сұхбаттасады. Сол себепті олардың жүрегінен ең көркем дұғалар шығып, олар құлшылықтарын ең көркем сөздермен білдіреді. Бұл тұлғалардың көшбасшысы Исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің пәк әулеті болып табылады. Олар ең әсерлі әрі ең сындарлы дұғаларды баяндаған. Олардан кейін Алланың жолына түскен мистиктер мен адал адамдар орналасады. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Ең жақсы дұға болып, Жаратушыға ғашық болып, адамның қажеттіліктерінен хабардар түрде айтылған дұға саналады. Мұны тек Алланың елшісі мен хазіреттің әулетінен байқауға болады. Құдайға шүкір, бізге пайғамбар әулетінен Аллаға махаббат білдірген көптеген дұғалар жетті. Олар Оның мағрифаты мен кемелдігі туралы баяндап, адамдарды ластықтардан тазартады»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі пайғамбар әулеті мен илаһи тұлғалардың дұғаларын ең жақсы дұға деп атап: «Пәк имамдардан жеткен дұғалардың берекесінің біріне олардың илаһи ілімге толы болуы жатады. «Сахифе Саджадие», «Комейіл», «Монаджоте шабоние», «Абу Хамзе Сомалидің дұғасы» және тағы да басқа дұғалар илаһи ілімге толы. Егер кімде-кім оларды оқып түсінгісі келсе Алламен қарым-қатынас орнатуымен бірге бұл дұғалардағы ілімнің үлкен бөлімін меңгереді. Мен жастарға бұл дұғаларға көңіл бөлуді насихат етемін»,- деді.
Дұға – мүміндерді құтқаратын және мұқтаж адам өзіне пана іздеп, жүгінетін құрал. Сондай-ақ, әлсіз адам мен ілім мен құдырет иесі арасындағы көпір. Адам Алламен рухани қарым-қатынас орнатып, өзінің қажеттіліктері туралы Жаратушыға айтпаса, өмірде жолынан адасып, сергелдеңге түседі. Дұға тілеп, Алладан көмек сұрау адамды менмендік пен тәкаппарлықтан алыстатып, құлшылық ету сезімін өрістетеді. Тіпті Алладан сұрауды өздері үшін кішірею санайтын тәкаппар адамдар ғибадаттың ләззатының дәмін тата алмайды. Олар өздерін «жоғары мәртебелі құдай» санаған тәкаппар Перғауын мен Намруд сынды шексіз күш-қуатқа иеміз деп ойлайды. Менмендік пен өзін басқалардан артық санау адамды жақсылыққа әкелмейді. Аятолла Хаменеи бұл маңызды мәселеге тоқталып: «Дұға – Алланың алдында құлшылық етудің көрінісі. Дұға адамның иманын нығайтады. Алланың алдында құлшылық ету және Оған бағыну илаһи пайғамбарлардың тәрбиелері мен талпыныстарының мақсаты болды. Адамның адамгершілігі мен жеке және қоғамдық деңгейде жасайтын жақсылықтарының факторы Жаратушыға құлшылық етуі саналады. Оған менмендік, тәкаппарлық және тек өзін жақсы көру сезімі қарсы тұрады. Әлемдегі барлық соғыстар мен қырып-жоюшылық және зұлымдық пен қатыгездіктің, сондай-ақ, тарих бойында орын алған барлық апаттардың тамыры менмендік пен тәкаппарлық және өзін адамдардан артық көрушілік пен бұзақылықта жатыр. Имандылық – менмендік пен тәкаппарлыққа қарсы қасиет. Егер менмендік пен тәкаппарлық Алланың алдында көрсетілсе, онда адамның өзін Жаратушыға қарсы қойғаны. Мұның нәтижесі адамды тағұтқа табынуға жеткізеді»,- деді. Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше, тағұт деген тек патшалар ғана емес. Әр адам өзінің болмысында бір тағұтты, бір пұтты тәрбиелеуі мүмкін. Бұл пұт – Алланың алдында тәкаппарлық пен менмендік көрсету. Олар адамды Жаратушыға бағынудан алыстатады. Аятолла Хаменеи: «Дұға бұлардың барлығына қарсы тұрады. Дұға жасап, өзіміздің болмысымызда қарапайымдылықты тәрбиелеу арқылы менмендігімізді жоямыз. Нәтижесінде жаратылған әлем мен адамдардың өмір сүретін ортасы және табиғат құқықтарының бұзылуынан аман қалады... Аллаға бағыну мен Оның алдында қарапайым болу адамдардың бір-бірінің алдында қарапайым болуымен бір емес. Бұл Жаратушының абсолюттік жақсылығын, абсолюттік сұлулығын, абсолюттік артықшылығын көрсетеді»,- деп айтқан. Дұға тілеп, Жаратушыдан сұраған кезде қарапайым болу әдептіліктің белгісі және дұғаның орындалуын жылдамдатады. Алладан міндесіп талап ететін адамдар құлшылық етудін әдептерін білмейді. Шын мәнінде дұға тілеуші адам белгілі әдептерді сақтауы керек. Ислам революциясының жетекшісі дұға тілеудің кейбір әдептері туралы: «Рауаяттарда дұға тілеп, қалауларыңды сұраған кезде оларды көп деп санамаңдар делінген. Яғни, қалаған әр нәрсені сұрауға рұқсат. Алла Тағала орындайды. Сұрағаным көп, орындалу үшін азырақ сұрайын деп ойламаңдар. Алладан үлкен тілектерді сұраңдар. Ол қабыл етіп, орындайды. Үміттеріңді үзбеңдер және бұл жолды Алла мен пенделерінің арасындағы құрал ретінде қалыптастырыңдар. Дұға тілеген соң асықпаңдар. Егер сұраған нәрселерің ойлаған уақыттарыңда орындалмаса, Жаратушы дұғаларымды қабыл етпеді деп айтпаңдар. Әр нәрсе өзінің ең жақсы уақытында орындалады»,- деді. Дұғаның қабыл болуы жүрекке байланысты. Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы: «Дұғаның қабыл болуының шарттарының бірі оны шын жүректен мағнасына назар аударып, баяндау жатады. Өйткені кейбір уақытта адам ойланбастан «Иә, Алла бізді кешіп», «Иә, Алла, бізге ырзық бер» және «Иә, Алла, қарыздарымызды өте» деп айта береді. Адам бұл дұғаларын он жыл қайталайды, бірақ олар орындалмайды. Сол себепті шынайы сұрау қажет. Алладан қайта-қайта сұрау керек, сол кезде Алла Тағала дұғаларды қабыл етеді»,- деп айтады.