Ақп 21, 2016 17:57 Asia/Almaty

Алла Тағаламен сырласу, оның өзінен сұрап, оған бет бұру және рухани кеңістікте Жаратушыны бүкіл болмыспен сезіну Аллаға иман келтірген, әсіресе мүміндердің сан рет бастан өткерген сәттер болып табылады.

Мүмін және Жаратушыға жүрегімен берілген адамдар мадақтау, зікір айту, дұға мен намаз арқылы Оған жақындай түседі. Алайда Жаратушыға жақындататын құралдардың арасында намаздың әсері мен орыны ерекше. Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи намазды көркем сипаттап, оның рухани әсерін теңдессіз деп атап: «Адам мен Алланың арасындағы қарым-қатынас үшін намаздан  мықты әрі тұрақты құрал жоқ»,- деді. Ислам революциясының  жетекшісі намазды жүрек, тіл және ғамалдың арасындағы үйлестіруші деп бағалайды. Оның пікірінше, «Намаз – Алланы еске алатын ең таза әрі ең кемел үлгі». Ислам революциясының  жетекшісі аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша, намаз – ең үлкен илаһи нығметтердің бірі және діннің мықты негізі. Сол себепті халықтың өмірінде ең маңызды орынға ие болуы керек. Осыған орай аятолла Хаменеи намаздың ерекше маңыздылығына сеніп, күнделікті ғамалдары мен жұмыстары қаншалықты маңызды болғанымен істерін намазын дер уақытында  оқитындай етіп жобалайды. Діни жетекшінің пікірінше, «Алланың  дінінің аясындағы адамның пәк өмірі адамдар Алланы еске алып, Оның көмегімен бұзақылықтың барлық түрімен күресіп, өздерінің болмыстарының іші мен сыртындағы барлық пұттар мен шайтандардан құтылған жағдайда мүмкін болады. Алланы еске алу және онымен тұрақты қарым-қатынас тек намаздың берекесінің арқасында ғана орнатылады. Хазірет намаз оқитын адамдар Алланы еске алатын зікірлерге көбірек көңіл бөлсе, қараңғылық, менмендік, тәкаппарлық, қара ниет, басқаларға шабуыл жасау, көре алмаушылық пен қызғаныш азайып, өмірде шыншылдықтың нұры көбірек жарқырайтын болады деп санайды. Ислам революциясы жетекшісіның көзқарасы бойынша адамзаттың ащы оқиғаларының себебі Аллаға немқұрайдылық таныту мен жеке бастық мүдделермен шектелуде. Сол себепті ол кісі: «Намаз адамды бұл зұлым сипаттардан босатып, шаһуатын басып, ашу-ызасын жойып, жоғары шындық пен баршаға жол көрсететін жолға қарай нұсқайды»,- деді. Аятолла Хаменеи намаздың келесі қасиеті ретінде оның ескертушілік сипатына назар аударады. Оның пікірінше, адам өзінің  жеке және қоғамдық өмірінде қиындықтар мен ауыртпалықтардың әсерінен Алладан алыстайды. Кейбір уақытта нәпсісінің әсеріне түсіп, ойын-сауықтар мен атаққұмарлыққа салынып, Жаратушысынан алыстайды. Аятолла Хаменеи: «Барлық жағдайда адамды жәннәтқа жақындататын ғамал – намаз»,- дейді. Намаз – Алла тарапынан адамға жіберілген  нығмет. Алла Тағала адамға арнайы құндылық сыйлап, оған Өзімен сырласатын  мүмкіндік берді. Сондықтан  адамның өзінің жоғары  құндылықтарына көңіл бөлмей, өзін бұл үлкен нығметтен мақұрым еткені дұрыс емес. Ислам революциясының  жетекшісі намаздың адамға тигізетін әсері туралы: «Намаз оқып, тыныштыққа бөленесіңдер, Алаңдаушылық пен абыржулардан арыласыңдар. Алламен сырласқан кезде өздеріңді тазартып, ластықтардан алыстайсыңдар»,- деп қуаттайды. Ислам революциясының  жетекшісі намазды шипа беретін дауа деп атады. Бұл дауа адамға жігер беріп, немқұрайдылық пен осалдық танытқан кезде оның құлағына ескерту қоңырауын соғады. Сол себепті еш уақытта намазды тастап кетуге болмайды. Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы: «Намаз – шипа сыйлайтын сусын, оның дәмін жүрек пен жанды беріп барып, тату керек»,- деп қуаттайды. Алайда дер уақытында және мағынасы туралы ойланып, шын жүректен оқтған намаз әсерлі болмақ. Аятолла Хаменеи намазхан намазға тұрғанда Алланың алдында тұрып онымен сырласып тұрғандай оқуы керек дейді. Хазірет мұндай сапалы намаз туралы: «Мағынасына көңіл бөлініп, Алланы шынайы еске алуға себеп болып, адам Жаратушымен сөйлесіп, оған жүрегін тапсырған және исламдық тағылымдар негізінде оқылған намаз адамды алаңдаушылық, мақсатсыздық пен осалдықтан босатып, өмірдің көкжиектерін айқындап,  оған жігер мен мақсат сыйлап, жүрегін бұрмаланушылық пен күнәлардан, сондай-ақ жамандықтардан құтқарады. Сол себепті намаз барлық жағдайларда, тіпті соғыс майданы мен өмірдің ең ауыр сынақтарында да маңыздылығын жоғалтпайды. Адам әрқашан намазды қажет етеді. Қатерлі сәттерде намаз оқудың әсері өте маңызды. Мағынасына көңіл бөлініп, ықыласпен оқыған намаз тек намаз оқыған адамға ғана емес, сондай-ақ оның айналасындағыларға да әсерін тигізеді. Аятолла Хаменеи: «Ықыласпен оқылған намаз біріншіден, намаз оушының  жүрегі мен жанында, содан соң бірте-бірте оның өмір сүретін ортасында шынайы жәннәтты қалыптастырады. Сол себепті илаһи діндерде  намаз оқу діндарлықтың ең негізгі шарты және иманның ең айқын әрі ең ортақ  белгісі саналады. Ислам дініндегі намаз намаздардың ең көркемі»,- деп санайды. Ия, намаз тек жеке адамды ғана емес, сонымен қатар оның айналасын Алланың хош иісіне толтырады. Қоғамда шынайы намазхандардың саны артқан сайын  бұл қоғамның кеңістігі рухани жұпар иіске тола түсіп, жүректер илаһи ризалыққа ие болуды мақсат ететін болады. Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша, намаздың орындалуы –адал адамдар үкіметінің  алғашқы белгісі. Адал адамдардың үкіметінде  намаз оқу ең маңызды рөлге ие және үкімет намаздың негіздеріне берік. Сол себепті исламдық қоғамда адамдар намаз оқылатын мекендерге асығып, сол жерлерден пана табады. Ислам революциясының жетекшісі жыл сайын Иранда өтетін намазға арналған басқосуға жолдаған жолдауларының бірінде баршаны Құранның аятына назар аудартып: «Илаһи үкімет орнатылған жерде мүміндер мен Алланың пенделерінің мойнына міндет жүктеледі»,- деді. Құран намаздың иқамасына ерекше көңіл бөліп: «Егер оларды жер жүзіне орналастырсақ; олар, намазды орындар, зекет берер, сондай-ақ дұрысқа қосып, бұрыстан тосар еді. Негізінде істердің соңы Аллаға тән»,- дейді. («Хадж», 41-ші аят). Егер халықтың арасында намаз оқу маңызды болмағанда, сондай-ақ, исламдық жүйенің үлкен мақсаттарын алға жылжытудың  мықты негізі болмағанда намаздың маңыздылығы мұншалықты қуатталмаған болар еді. Шындық намаздың өзінің тәрбиелік рөлі және мүміндердің жүректерінде тыныштық орнату әсері арқылы намаз оқушыға тәуекел, тақуалық және ықылас рухын сыйлап, оның өзі мен басқалардың күнәдан алыстауына себеп болатын рухани кеңістік қалыптастыратындығын және өзінің әртүрлі сабақтарымен жеке адам мен қоғамды басқаруда негізгі рөл атқаратынын көрсетеді. Аятолла Хаменеи  ғибадаттардың, әсіресе намаздың жеке адам мен қоғамға тигізетін әсеріне назар аударып: «Ғибадаттың арқасында біздің қолымызға түсетін нәрсе өте құнды әрі өте көп. Бізге намаз, ораза және басқа ғибадаттарды сыйлап, оларды пайдалануға мүмкіндік берген Аллаға шүкіршілік білдіреміз»,- деді.

Тегтер