Ақп 21, 2016 18:12 Asia/Almaty

Күнә – шаң-тозаңды көтеретін жел сынды. Ол адамның рухын жояды. Тек тақуалық пен пәктік қана бұл желге бөгет болатын мықты тау сынды. Олар адамның рухын құлдыраудан құтқарады.

Мүмін және пәк адамдар күнә жасатпай, барлық ғамалдарын бақылайтын қырағылықтың күзетшілері саналады.  Күнәнің салдарлары туралы ойлаған кезде олардың денелері түршігіп, өздеріне: «Еш уақытта иманымның үйін қиратпаймын! Еш уақытта күнәнің салдарынан Жаратушымның қолдауынан айрылып, тозаққа түспеймін!»- дейді. Бұл илаһи тақуалықтың өзі. Иә, иманды адам Алланы барлық жерде сезініп, өзін жағымсыз іс-әрекеттерден аулақс сақтайды. Бұл жолда оған Алла көмектеседі. Аятолла Хаменеи тақуалық пен пәктікті  әрқашан өзінің қорғаушысы санап, тақуалықтың әсері туралы: «Тақуа адам өмірдің  әртүрлі қиын кезеңдерінде өзін қорғай алады. Ал дінсіз адам қорғай алмайды. Егер адам өзінің рухын сақтап қала алса, яғни әрқашан өзі мен өзінің іс-әрекеттерін бақылауға ала алса, илаһи сынақтан аман-есен өтеді. Өйткені, тақуалық – өзін бақылауға алып, немқұрайдылық танытуға рұқсат бермеу. Адамның өзін бақылауға алуы деген көзі, тілі, құлағы, қолы мен жүрегін бақылауға алып, құмарлығына себеп болатын көріністер мен нәрселерге қарамауы, құлағымен ғайбат пен нәпсіге теріс әсер ететін музыканы тыңдамауы болып табылады. Тілді бақылау деген айтқысы келген әр нәрсені айта бермей, өтірік пен тіл тигізушілік және ғайбат пен бос сөздерден тартыну. Ислам революциясының қазіргі жетекшісі бұл туралы: «Адам айуандық сезімдерінің ықпалына түспей, жүрегінің  нәпсісіне бағынудан және қызғаншақтық пен біреуге жамандық тілеуден, күмәнданудан сақ болуға міндетті. Оның орнына  жүректі Аллаға жақындатып, Жаратушыны еске алып, илаһи әулиелер мен адамдарға махаббат білдіру керек. Адамның ойы мен ақылы да тақуалыққа, яғни ақылға бұрмалануға рұқсат етпей, қателіктер мен күмәндар мен ойланбай қадам басудан құтқарып, өмірде кемеңгерлікті сақтауға талпынғаны жөн. Сол себепті жүрек, ой мен ақылды тақуалық арқылы қорғауға болады»,- деді. Тақуалықтың дәмді жемісі – құлшылық пен ықылас. Бұл құнды гауһар тасқа ие  болу үшін көптеген талпыныс пен уақыт қажет. Алайда Алладан ұялып, өздерін күнәдан құтқаратын  адамдар шынайы имандылар. Олардың қатарына қосылу үшін шынайы талпыныс жасау қажет. Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша тақуалықтың бірнеше кезеңі бар. Сол себепті бұл жарқыраған меруертке бірден жету мүмкін емес. Хазірет тақуалыққа жетудің кезеңдері туралы: «Күнәдан алыстаңдар деп айту екінші кезеңге кіру үшін бірден барлық күнәлардан тартыну деген мағнаны білдірмейді. Жоқ, бұл да мүмкіндікке байланысты. Жігерімізді пайдаланып, күнә жасамауға талпынуымыз керек. Тақулықтың мағынасы осы. Намаз бен Құран оқу біздің рухымыздың рухани байлығын қамтамасыз етіп, қажетті тыныштықты орнатады»,- деді. Тақуалық мен пәктіктің шыңдарына жету үшін өмірдің басынан ойланып, жағдай жасау қажет. Діни тәрбие, адал ас пен сау ортада өмір сүру баланы иманға қарай жетелейтін негіздерге жатады. Бірақ тақуалыққа жететін ең жақсы кезең – жастық шақ. Жастың жүрегі хақты көбірек қабылдауға дайын. Аятолла Хаменеи бұл туралы жастарға олардың әкелері сынды насихат айтып: «Өздеріңнің пәк әрі нұрлы жүректеріңді қадірлеңдер. Жастық шақтың ерекшелігі – осы. Жүректерің пәк. Осынау пәк әрі мөлдір жүректеріңді ұлы, дана және көркем қайнар, яғни Алла Тағалаға жақындатыңдар. Бұл жол шариғатта айтылған әрі ауыр жұмыс емес»,- деп қуаттады. Ислам революциясының жетекшісі насихаттарын жалғастырып, тақуалыққа жетудің кезеңдерін үйретіп: «Біріншіден, күнәдан тартыныңдар. Мұны айту оңай, орындау қиын. Бірақ орындау қажет. Өтірік айтпау, қиянат жасамау, әртүрлі күмәндар мен шаһуаттардан алыстау, күнә жасамау ең маңызды әрекеттердің қатарына жатады. Күнәдан тартынған соң уәжіптерді орындау қажет. Ең маңызды уәжіптердің біріне намаз оқу жатады. Адамның барлық ғамалы намазбен байланысты. Намазды уақытылы оқыңдар. Ықыласпен, шын жүрекпен оқыңдар. Яғни, тыңдаушымен сырласып тұрғандарыңды біліңдер. Егер өздеріңді жаттықтыра алсаңдар, егер көңіл тоқтата алсаңдар, өмірлеріңнің соңына дейін өздеріңмен қалады. Егер өздеріңді қазір үйрете алмасандар 20 жылдан кейін қиын болады. Одан кейінгі 20 жылда одан сайын қиындай түседі. Осы кезден ғибадат жасап, намаз оқыған кезде көңіл тоқтатуды үйреніңдер. Сол кезде намаз сендерді кәпірлік пен бұзақылықтан шығаратын ғибадат болып, сендерді әрқашан күнә жасаудан тыятын болады. Адамның жүрегінің оған күнделікті «күнә жасама, күнә жасама» деп қайталағаны қандай жақсы.Тақуалық адамның тек ішкі болмысына ғана қатысты емес, сонымен қатар ол адамды қоғамдық, экономикалық, мәдени және саяси салалардағы мәселелермен бетпе-бет келуге дайындайды. Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы: «Шын жүректен шыққан иман мен діни иман сындарлы қозғалыстарға үлкен әсер етеді. Батыс пен үстемшілдердің жылдар бойы жүргізген үгіт-насихаттарына, яғни дін қоғамдағы адамдардың оқшауланып, дүниеден алыстауына себеп болады деп қуаттауларына керісінше Ислам діні адамды оқшауландырмайды. Ислам діні – даму мен жаңғырудың факторы»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі өз сөзінде маңызды жайтқа тоқталып: «Тақуалық – шариғаттың тек сыртқы белгілерін ғана сақтау емес, ол одан ауқымдырақ түсінік. Тақуа деп айтқан кезде көбінсе адамның ойына пәктік туралы ой келеді. Яғни, шариғаттың сыртқа көрінетін, соның ішінде тыйым салынған нәрселерінен алыстап, уәжіптерін орындап, намаз оқып, ораза тұтып, өтірік айтпауымыз қажет. Әрине мұның барлығы маңызды. Алайда тақуалықтың біз көбінесе оларға немқұрайдылық білдіретін басқа да тұрғылары бар. Имам Саджад (ғ.с.) «Макарем әл-Ахлақ» атты қасиетті дұғасында Алла Тағаладан: «Уа, Алла! Маған пәктердің киімін кигіз»,- деп сұрайды. Пәктердің киімі деген не? Пәктердің киімі, яғни әділет тарату, ашу-ызаны басу, қоғамдағы  адамдар арасындағы қайшылықтардың өртін өшіру. Мұның барлығы тақуалықтың сипаты. Өздеріңнен болып табылатын, бірақ бөлектенген адамдарды қайтаруға талпыныңдар. Бұл «Сахифе Саджади» дұғасының жиырмасыншы «Макарем әл-Ахлақ»   дұғасында айтылған жайттардың бірі. Қайшылық тудырып, өсек таратып, біреуді біреуге арандатудың орнына болмысын өзгертіп, мүмін, мұсылман бауырлардың арасын біріктіру тақуалыққа жатады.

Тегтер