Ақп 21, 2016 18:25 Asia/Almaty

Кемел дінді таңдап, оның тағылымдарына сай ғамал ету адамдардың өмірлерінің қажеттіліктерінің бірі болып саналады.

 Алланы еске алып, өмір сүру адам үшін сөзбен сипаттауға келмейтін ләззат сыйлайды. Ислам дінінің тағылымдары адамға құлшылық пен адал өмір сүрудің ләззатын сыйлап, бақыт пен кемелдікке жеткізеді. Исламның көзқарасы бойынша діндар адам оқшауланып, қоғамнан алыстамайды. Керісінше, дамып, қоғамның саяси және мәдени қозғалыстарында маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, сау серуен мен спортты ұмытпайды. Исламның пікірінше, мүмін өзінің материалдық және рухани өмірі үшін үлкен мақсаттарды анықтап, илаһи тура жол – Сират жолынан ауытқымайды. Ислам діні өз жақтастарын өмірлерінің барлық салаларында дұрыс жолға нұсқап, өмір сүру үшін толық бағдарлама ұсынады. Ислам революциясының жетекшісі: «Ислам өмірдің барлық тұрғыларын қамтып, адамның өмірінің көптеген жұмыстарының әр бөлімі үшін шешім жолдарын ұсынады»,- деді. Қасиетті Ислам діні басқа діндердің арасында тек өзіне лайық ерекшеліктерге ие. Көптеген зерттеулер бұл діннің ерекшеліктерін анықтады. Мәселен, кемеңгерлік пен білім алуға насихаттау қасиетті діннің маңызды ерекшеліктеріне жатады. Бұл дінде ақылды адам үшін жол ашық. Ислам әрдайым өз жақтастарын әртүрлі істер туралы ойлануға жігерлендіреді. Басқа діндер мен мектептерде мұндай ерекшелік жоқ. Мәселен, қазіргі христиандар білімдерінің таяздығынан «үштік» мәселесін шеше алмай, хазірет Исаны  Құдай санап, дінді ақыл мен кемеңгерліктен алыстатты. Американың жаңадан мұсылман болған философы профессор Мұхаммад Легенхаузен: «Ислам дінінде басқа нәрселерден көбірек көзге түсіп, қызықтырған мәселе бұл діннің адамның сұрақтарын қолдауы болды. Сонымен бірге бұл дін діни тағылымдарды көбірек зерттеу жүргізуге шақырады. Христиандардың діни қызметкерлерінен «Құдай жалғыз, бірақ үш түрде дегенді мен түсінбеймін» деп сұрасаң, көбінесе «Біз бұл мәселені түсіне алмаймыз, оның ақиқатын тек Құдай біледі» деп жауап береді. Бұл тек Жаратушы ғана білетін сыр. Бұл жерде ақыл тұйыққа тіреледі. Мені қызықтырған мәселе Исламның «діннің негіздерін құлақ пен көзді жауып қабылда» деп айтпағаны болды. Ислам түсінбегенді сұрауға кеңес береді. Бұл ерекшелік шиіттердің арасында көбірек байқалады»,- деді. Ислам діні адамның өмірінің барлық тұрғыларына таралып, адам деп аталған жаратылыстың түрлі қажеттіліктеріне қисынды жауап береді. Еш уақытта адамның инстинкін басып-жаншымайды, зорлық пен бойдақтыққа қарсы. Үйленіп, тұрмыс құру адамды рухани және психикалық тыныштыққа бөлеп, оның өмір сүруіне жаңа күш беретін қасиетті діннің ең маңызды ақыл-кеңестерінің бірі болып табылады.  Ислам еңбектеніп, талпыныс жасауға жігерлендіріп, еңбектенбейтін адамды илаһи рақымдылықтан алыс санайды.  Исламның ұлық пайғамбары әулетінің барлығы еңбек еткен. Имам Әли (ғ.с.)-ның бір өзі өз қолымен көптеген құрма бақтарын абадтандырып, көп құдықтар қазып, халыққа пайдалануға берген. Құран Кәрім мен хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.) мен хазіреттің пәк әулетінің сабақтары мен тағылымдарын толық зерттеуден бұл діннің  адамзатқа өмір сүрудің  дұрыс  тәсілін сыйлағанын көреміз. Аятолла Хаменеи  бұл туралы: «Ислам наным-сенімді адамдардың жүрегі мен ойында қалыптастыру үшін ғана келген жоқ. Ол исламдық наным-сенімдерге сай әрекет етуді ұсынады. Ислам өмірді өзгертіп, адамзаттың жолын түзету үшін келді. Исламға иман келтіру – адамзаттың ғамалының қайнары. Исламның ахкамы мен заңдары адамдардың өмірінің барлық, соның ішінде қоғамдық, саяси және экономикалық тұрғылары үшін бағдарлама ұсынады. Исламның ғайыпта тамыры бар. Оның негіздері уаһи мен илаһи хабарға сүйенеді. Ислам діні – сенім, ахкам және ахлақтың жиынтығы. Егер бұл қасиетті діннің негіздері бойынша ғамал етсек, дүние мен ақыретте бақытты боламыз. Бұл дін дүние мен ақырет туралы бірге ойлап, саясатты  ахлақпен қосып, ақылды көптеген жұмыстардың өзегі деп санайды. Аятолла Хаменеи дін мен дүниелік өмірдің байланысы туралы: «Дүние, яғни, адамның өмірінің мұрсаттары, әлемдік саладағы нығметтер, сұлулықтар мен тәттілер, ащылықтар мен қиындықтар, адамның дамуы мен кемелдікке жетуінің құралы. Діннің көзқарасы бойынша мұның барлығы адамға Аллаға, оның кемелдікке жетуге қарай қадам басқан жолын жалғастыруға, Алланың сыйлаған дарындарын дамытуға рұқсат ететін құрал. Дүниені діннен бөлуге болмайды. Саясат, экономика, үкімет, құқық, ахлақ, жеке адам мен қоғамдағы қарым-қатынастар діннен бөлек емес. Дін осы әртүрлі салалардағы адамның талпыныстарын дұрыс жолға нұсқау үшін келді»,- деді. Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында дінсіз дүниені рухсыз және қатыгез  деп сипаттап: «Дін өзінің міндетін дүниеден басқа жерде орындай алмайды. Ахлақ пен сындарлы діннен ада дүние ақиқат, махаббат пен рухтан ада болып, орманның заңы, орманның ортасы және ормандағы өмірге айналады»,- деді. Исламды қабылдап, мұсылман болған соң есімін Мәриям Джамиле деп өзгерткен америкалық жазушы Маргарет Маркос Ислам дінінің кемелдігі туралы: «Барлық үлкен діндердің  сенімдерін зерттеп, бұл діндер уақыттың өтуіне байланысты ескіріп, шіріген деген нәтижеге жеттім. Үнді дінінде пұтқа табынушылық, қайтадан дүниеге келуге қатысты ойлар мен адамдарды таптарға бөлу таралған. Абсолюттік бейбітшілік пен оқшаулану буддизмнің ерекшеліктеріне жатады. Конфуциялық наным-сенімде ата-бабаларға құлшылық ету, христиандар дінінде «үштік» идеологиясы, нәтижесінде хазірет Исаны Құдай деп санау, сондай-ақ, иудаизмде еврейлердің өздерін таңдаулы халық деп санау қалыптасқан. Алайда мұндайдың ешбіреуі Ислам дінінен байқалмады.  Сөйтіп, тек Ислам діні ғана өзін таза сақтаған дін деп сезіндім. Кейбір мазхабтарда олардың кейбір бөлімдері ғана ақиқатқа жақын. Тек Ислам діні ғана бүкіл ақиқатты сақтап қалған»,- деп жазды. Ислам – адамзаттың құтылатын жалғыз жолы. Ислам – әділ, азат және құтқарушы, кемеңгерлік, ақыл мен ойлану және білімнің діні. Аятолла Хаменеи адамның өміріндегі исламдық тағылымдардың әсеріне тоқталып: «Ислам – өмір сүрудің діні. Ол азаттық және абырой мен ғиззаттан ада өмірді өлім деп санайды. Ислам – рационалды дін. Бірақ өзін ақылды санап, илаһи пайғамбарларды жынды деп атайтын адамдардың нәпсілік талап-тілектерінің нің бастауымен күреседі. Ислам – бірлік, бауырластық пен әлемдік бейбітшілік діні. Бірақ залым мен жәбірленушінің бірлігі мен қанішердің қолын алуды қиянат санайды. Шынайы әрі үнемшіл дін, бірақ шынайылықтың атымен әлемдік зорлық-зомбылықты ақтуды күнә деп санайды. Ислам мәңгілік ахкам, бірақ қатаңдық пен тапқа бөлінушілікті қабылдамайды. Иджтихад пен жаңа ойдың діні, бірақ бедғатты теріске шығарады. Ислам өркениет, ғылым және дамудың діні, бірақ құлдық пен халықтарды жаппай қырудын құралы және адамдарды кемсітуге себеп болатын өркениетті надандық пен жабайлық деп санайды. Ислам адамдардың беделі мен құқықтарының  қорғаушысы, ахлақты кепілдендіруші»,- деді. Ислам дінінің тағылымдарына сүйеніп, бақытты әрі түзу өмірден ләззат алуға  болады.