Ақп 21, 2016 18:42 Asia/Almaty

Әрбір дінді тану оның негіздері мен негізгі заңдарын тануға сүйенеді. Ислам діні де мықты негіздерге ие. Соларға иман келтіру мұсылман болудың белгісі. Ислам дінінің негіздерінің біріне ақырет пен есеп беретін күнге сену жатады.



Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің пікірі бойынш, қиямет – Алланың алдында есеп беретін күн. Адам сол күні өзінің болмысы және өзінің жүрегімен Ұлы Алланың алдында тұрады. Бұл жерде адамдар үшін жасыратын еш нәрсе қалмайды. Адам тіпті өзінің ішкі жаратылысын  көріп, өзін жамандықтары үшін айыптайды. Аятолла Хаменеи баршаны қиямет туралы аяттарға назар аударып, солар туралы ойлануға шақырып: «Қияметке қатысты Құранның аяттары дене түршіктіреді. Мен әр адамға  қияметке арналған аяттар туралы ойлануды ұсынамын. Бұл адамдар тіркеп, есеп беретін нәрселер емес. Құранда қиямет туралы жүздеген аят бар. Сондай-ақ, қиямет туралы хабарлар мен ол туралы ескертулер де алаңдатады. Құранның ескертулері бір жақтан алаңдатса, басқа жақтан таңырқатады. Құранның ескертулері де жүректерге қорқыныш пен үрей ұялатады. «Миғраж» сүресінің 11-15-ші аяттарында «Олар бір-біріне көрсетіледі. Қылмысты сол күні ұлдарын ол күннің азабынан (қорқып) төлеуге бергісі келеді. Әйелін де туысын да. Сондай-ақ өзін мәпелеген елін де. Тіпті біртұтас жер жүзіндегі адамдарды беріп, сонан соң өзін құтқарғысы келеді. Әсте олай болмайды! Шын мәнінде ол тозақ, жалындаған от». Бұл сенім бойынша дүние ақыретпен байланысты және оның бастапқы кезеңі саналады. Исламның ұлық пайғамбары дүниені ақыреттің егістік даласы деп атап, оған не ексең ақыретте сол өнімді жинайсың деп санаған. Аятолла Хаменеи бұл туралы маңызды мәселеге тоқталып: «Дүние мен ақырет бір-бірінен бөлек емес. Бұл әлем ол әлемнен бөлек емес. Бұл әлем келесі әлеммен шекаралас. Егіндік жер дегеніміз не? Өнімді егістік жерден басқа жерден жинауға болады ма? Сендердің өмірлерің, тәжірибелерін, сабақ оқуларың мен кеңселік немесе саяси жұмыстарың сендердің ақыреттеріңнің бір бөлігі. Дүниенің өзі ақыреттің бір бөлігі. Бұл сендердің жақсы ниеттеріңмен орындалатын жұмыстар. Бұл жақсылықтар сендерді ақыретте жоғары дәрежеге жақындатады. Ал егер жаман ниет, тәкаппарлық және менмендікпен әрекет етсеңдер қияметте қор боласыңдар»,- деген. Олай болса, қиямет – өнім жинайтын күн. Бұл күні әр адамның іс-әрекеттері мен ғамалдары зерттеліп, зерттеудің нәтижелері бойынша жәннәт пен тозаққа түсетіндер анықталып, әр кім өзіне лайық мекенге қарай жіберіледі. Қиямет – үлкен оқиғалар орын алатын күн.

Аятолла Хаменеи өзінің сұхбаттарында қияметтің маңыздылығына тоқталып, бұл туралы дене түршіктірерлік жәйттерді атап: «Біз қияметті ұмытпауымыз керек. Қиямет – ұлы ақиқат. Бір әрқашан қияметті ұмытпай, қияметтен қорқуымыз қажет. Қасиетті аятта қиямет туралы: «Оған сенбегендер, асығыс тілейді. Сенгендер, одан үрейленіп, оның хақ екенін біледі. Сақ болыңар! Ол мезгіл жайында тартысатындар әлбетте ұзақ адасуда»,- деп айтылған. («Шура», 18-ші аят). Құрайыштардың кәпірлері пайғамбарға: «Біз қорқатын қиямет пен тозақ қайда?»- деп сұрағанда Құран: «Сенгендер одан үрейленіп, оның хақ екенін біледі»,- деп айтқан. Жаңа әлемдегі дүниеқұмарлық ақырет пен есеп-қисап жоқтай алға жылжиды. Кейбір хабарсыз адамдар бұл өтпелі  дүниені  ләззат пен құдырет талап ететін мекен және басқа әлемге еш жол жоқ, сонымен бірге өмір өліммен аяқталады деп санайды. Алайда, егер әр адам қиямет туралы көбірек ойланса, мұндай ұстанымның ақылға сыймайтынын және ешкімнің жаратылған әлемнің мақсатсыз жаратылғанын қабылдамайтынын  көреді. Әлемде кейбіреулердің басқаларға зұлымдық мен зорлық-зомбылық  жасап, басқалардың жәбір көріп, кедейлікте өмір сүріп, өмірлерін өліммен аяқтайтынын қабылдауға болады ма? Зорлық көргендердің еш көмекшілері жоқ па? Жақсылықтар мен көмектер үшін сый жоқ па? Аятолла Хаменеи Құран тағылымдары мен рауаяттарға сүйеніп, бұл сұрақтарға жауап берді. Ол қияметті ғамалдарға есеп жүргізетін күн деп атап: «Біздің күнәларымыз бен біздің қателеріміз ақыреттегі азаптарымыздың себептері. Егер бұл дүниеде зұлымдық пен ғайбат жасасақ,   жамандап, шектен шығып, міндетімізді орындамасақ мұның барлығы ақыретке әсер етіп, барзақ пен қияметте анықталады»,- деді.

Исламдық рауаяттарда иманды әрі шыншыл адамдардың Сират көпірінен найзағай сынды жылдамдықпен өтетіндіктері айтылған.   Аятолла Хаменеи: «Қиямет күні кейбіреулердің жүздері қуанышты әрі абыройлы болады. Олар кімдер? Олар осы дүниедегі Сират көпірінен өте алғандар. Бұл дүниедегі Сират көпірі ғибадат, тақуалық және имандылық көпірі болып табылады. Егер біз бұл жерде Сират көпірінен дұрыс түрде абыроймен және күмәнденденбей өте алсақ қияметтегі Сират көпірінен өту оңай болады. «Әнбия» сүресінің 101-103 аяттарында «Күдіксіз өздеріне Бізден игілік жазылғандар тозақтан аулақ болады. Олар тозақтың сыбдырын да естімейді. Сондай-ақ олар жаннаттағы көңілдері қалаған нәрселерінде мәңгі қалады. Оларды қорқыныштың ең зоры уайымдатпайды да оларды періштелер “Міне бұл сендерге уәде етілген күн” деп қарсы алады» деп жазылған.   («Әнбия», 101-103).  «Фазауль акбар», яғни  адам кезігетін қорқыныштың ең зоры. Мүміндер физикалық, рухани және нәпсілік тұрғыдан қорқыныштың ең зоры туралы уайымдамайды. Олар Сират көпірінен өткендер»,- деп айтты. Қияметке иман келтіру адамның тәрбиесіне терең әсер етеді. Ең маңызды әсері адамды бақылап, күнәдән алыстатып, оның иманын арттырады. Қияметке сенім арту адамның жауапкершілігін арттырып, илаһи міндеттерін орындауға жігерлендіреді. Қияметке иман келтірудің келесі сындарлы рөлі қоғамдағы материалдық және рухани теңгерімді сақтауында. Қоғамдағы ахлақи ерекшеліктердің дамуы басқалардың құқықтарын бұзатын әрекеттерді азайтады. Келесі әсері жеке адам мен қоғамның тәрбиесіне әсер етуі. Қияметке иман келтіру адамды Алла риза болатын ғамалдарды орындауға жігерлендіреді. Қиямет пен шексіз сыйларға ие болуға сенім арту адамның кешірімді болуына себеп болып, басқаларға қамқорлық пен жақсылық жасауға жігерлендіреді. Қиямет күніне иман келтіру адамдардың тәрбиесінің ең жақсы мектебі саналады. Алайда қияметке иман келтіру адамды тек біржақты етіп, оның материалдық өміріне теріс етпеуі керек. Оқшаулану, ғибадат және Алламен сырласуды сылтауратып, қоғам мен халал ләззаттардан алыстауды Ислам қолдамайды. Ақырет үшін дүниеден алыстау дамымайтын қоғамға себеп болады. Алла елшісі мен хазіреттің әулеті өз өмірлерінде оқшауланбаған. Иран Ислам революциясының қазіргі жетекшісі аятола Хаменеи бұл туралы: «Ислам адамды екі өмірі, бұл дүние мен ақыреті бар жаратылыс деп санайды. Егер бір өркениет, бір мәдениет және бір дінді болуына байланысты адамды тек бір өмірге ғана ие деп санайтын болсақ, оның қисыны адамды екі өмір тұрғысынан қарастыратын Исламның қисынындағы дамудан өзгеше болады. Пайғамбарлар мұны дүние мен ақырет деп атайды. Адам тек ақыретті ойлап, бұл дүниеден құр қалмауы керек, сондай-ақ керісінше тек дұниеқұмарлық танытып, ақыреттен қапыл қалмауы керек.  Бұл өте маңызды мәселе. Егер бұл дүние үшін ақыретті ойламасаң сынақтан өтпегенің. Егер ақырет үшін дүниеден оқшаулансаң бұл да сынақтан өтпегенің. Мәселе осында»,- деген.