Ақп 21, 2016 19:02 Asia/Almaty

Мұсылмандардың сенімдері бойынша қазіргі кезде пайғамбар ұрпағының ең соңғы елшісі хазірет Мәһди (ғ.с.) ғайып жағдайда өмір сүруде. Күндердің бірінде оның келуімен әлемде әділет орнатылады.

Исламдық тағлымдарда Исламның ұлық пайғамбарының әулетінен шыққан имамдар пәк, бейкүнә жандар саналады. Олар Алланың қалауымен күнәдан алыс болып, халықты басқарып, олардың қамқоршысы болу міндетіне ие. Шын мәнінде велаят Жаратушының қалауына байланысты. Ол пайғамбарға қоғамды басқарып, халықты дұрыс жолға нұсқау құқығын сыйлады. Бұл құқық Алла елшісінен кейін хазіреттің ұрпағынан шыққан  басқа мүшелеріне жетіп, олар хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның дінін қорғауға қатысты. Құран бұл маңызды мәселеге назар аударып: «Әй, мүміндер. Аллаға бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар»,- деген. («Ниса», 59-шы аят). Имам және   исламдық қоғамның басшысы пайғамбар сынды. Алайда мұның тек бір айырмашылығы бар. Пайғамбар діни тағылымдарға илаһи уаһи жол арқылы ие болып, оларды баяндады. Имамдар бұл діни тағылымдарды халыққа түсіндіріп, оны таратып, дұрыс жолды көрсетті. Әрдайым Аллаға бағынатын мүмін пәк болып, күнә мен қатеден қорғалады. Аятолла Хаменеи велаят мәселесінің маңыздылығы туралы: «Діннің ең негізгі мәселелерінің бірі – велаят. Өйткені, велаят – тауһидтің көлеңкесі  және белгісі. Велаят исламдық қоғамда үкіметтің Аллаға тиесілі екендігін, Алла арқылы пайғамбарға, содан соң хазіреттен имам Әли (ғ.с.)-ға жететінін анықтайды»- деді. Велаят негіздеріне сүйенген үкімет Ислам мектебіндегі үкіметтің ең жақсы түрі. Үкіметтің бұл түрінде «вали» мұсылмандарды басқару үшін басқалардың ішіндегі ең лайық азамат болып табылады.  Имам Әли (ғ.с.) осы илаһи міндет үшін ең лайық тұлға болды. Ол кемелдік пен ерекшеліктердің  жиынтығы болып, иманның көшбасшысы, білім мен ахкамнан басқалардан артық хабардар болып, басқалармен салыстырғанда пайғамбарға жақынырақ болды.  Аятолла Хаменеи мұсылмандарды басқаруға қажетті Алланың несібесі туралы: «Адамдардың істерін басқару илаһи міндеттердің бірі. Исламның ұлық пайғамбары тарих Ғадир Хом оқиғасында үкіметті велаятпен байланыстырды»,- деді. Мұсылмандардың басшылығы мен велаят мәселесінің маңыздылығы сондай Жаратушы Алланың елшісіне  хазірет Әли (ғ.с.)-ды  өзінің орынбасары ретінде таныстыруды міндеттеді. Хазірет Әли (ғ.с.)-ды мұсылмандарды басқаруға сайлағаны туралы Исламның ұлық пайғамбарының ондаған хадисін кездестіруге болады. Аталмыш хадистердің кейбіреулері, соның ішінде «Сақалайын»  және «Манзелят» хадистері ерекше танымал болды.Аятолла Хаменеи хазірет Әли (ғ.с.) пайғамбардың орынбасары ретінде айқындалған Ғадир Хом оқиғасының маңыздылығы туралы: «Үкімет құру, басқару және елдің істерімен айналысу діннің негіздеріне кіреді. Пайғамбар өзінің ұлылығымен халықтың алдындағы өз міндетін мүлтіксіз орындаған. Ол әртүрлі аймақтар мен әртүрлі таптарға кіретін халықты Мекке мен Мединенің арасындағы жолдың торабында жинап: «Кім мені басшысы деп санаса, Әли (ғ.с.) соның басшысы»,- деді. «Вали» (діни басшы) әрі исламтанушы халыққа  діни және дүниелік істерде  жол көрсететін, қоғамды А..ға құлшылық етуге бағыттайтын жарқыраған шырақ сынды. Бірақ, халық басшыға  бият еткен кезде ғана оның нұрынан пайдалана алады. Егер халық басшысын жалғыз қалдырып, өздерінің қалауымен ғана әрекет ететін болса қоғам дұрыс жолға түспейді. Әділетсіздік жойылып, діннен алыстайды. Ислам революциясының жетекшісі діни басшы басқаратын үкімет пен басқа үкіметтердің арасындағы айырмашылық туралы: «Діни басшы сұлтан емес. Исламдық үкімет Исламның ұсынған діни үкіметінің ең халықтық түріне жататындығына байланысты назарға түседі. Адамзат мәдениетінде, яғни тарих бойындағы басқа үкіметтерден байқалатын ешбір жамандық  діни басшының үкіметінен байқалмайды. Үстемдік, менмендік, өз мүддесіне пайда келтіріп, керісінше халыққа зиян келтіретін шешім қабылдау исламдық үкіметке жат түсініктер.  Велаят деген иманды, өзінің нәпсісіне бағынбайтын  адамдардың  үкіметі. Әділ адамдар исламдық велаяттың белгісі»,- деді. Діни жетекші үкіметті халықтың арасында  исламдық ахкам мен тағылымдарды  тарату мақсатында құрады. Дін жетекші басқарған қоғамда халық оған бият етіп, оған билікті тапсырып, әділет пен ахлақтық оң қасиеттер салтанат құрған түзу қоғам құрады. Аятолла Хаменеи велаяттың мағынасын Ислам тұрғысынан сараптап: «Велаят – ғажайып мағына. Велаяттың негізі екі нәрсенің бір-біріне жақын болуына тәуелді. Екі арқан бір-біріне мықты байланған кезде оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Араб тілінде мұны «велаят» деп атайды. Велаят, яғни екі нәрсенің өзара және халықпен етене жақын болуы. Ол ешбір кезеңде, үкіметтен шеттетілген немесе билік басында болғанда халықпен қарым-қатынасын толығымен үзбеді  Ол әрқашан халықтың бір мүшесі болды. Еш уақыта халықтан алыстамады. Билік басында болғанда халықтың басшысы болды. Велаят Ислам дінінің ең маңызды негіздерінің бірі. Сол себепті мұсылмандардың бұл негізіне табанды  болудан артық уәжіп жоқ. Алла Тағала діни басшыға бағынуды пайғамбарға бағынумен, пайғамбарға бағынуды Өзіне құлшылық етумен байланыстырды. Исламның ұлық пайғамбары: «Мені набоватқа сайлаған Алламен ант етемін, егер кімде-кім 70 пайғамбарды қабылдап, біздің имаматымызды қабылдамаса Алла Тағала оның тәубе мен Өзіне қарай оралуын қабылдамайды»,- деп ескерткен болатын. («Бихар әл-Анвар», 27-ші том).

Тегтер