Там 12, 2016 14:54 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 35

Иран Ислам революциясының қазіргі жетекшісі аятолла Хаменеидің сөздері негізінде хазірет Әли (ғ.с.)-ның дұшпандарының үш тобымен таныстырамыз.

Халық хазірет Әли (ғ.с.)-ға бият етіп, үкімет құрылған соң  әртүрлі ағымдар хазірет Әли (ғ.с.)-ға қарсы шықты. Бірінші топ имам Әли (ғ.с.)-ның әділетіне төзе алмаған, сол себепті қарсылық білдіріп, соғыс ашқан келісімді бұзушылар (наксин) тобы болды. Муавие басқарған  (қасетин) топ орын алған жағдайды пайдаланып, бастарын көтеріп, Сеффейн соғысын бастады. Исламның тек сырт көріністерін ғана алған, ойлары саяз діни ырымшылдар (мареқин) тобы хазіретке қарсы шыққан үшінші топ болды. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи хазірет Әли (ғ.с.)-ға қарсы  топтар туралы: «Қасетин, яғни залымдар. Муавие мен имам Әли (ғ.с.)-ның үкіметін қабылдамаған Шам тұрғындары хазіретке көптеген азап-қорлық көрсетті. Имам Әли (ғ.с.)-ның өзі оларды «залымдар» деп атаған. Наксин, яғни келісімді бұзушылар. Олар басында имам Әли (ғ.с.)-ға бият етіп, кейін оны бұзғандар.  Үшінші топ – марқебин. Мареқ, яғни қашушылар. Олар садақтан атылған оқ сынды діннен қашушылар. Олардың барлығы хаваредждер болған. Олар діннің сырт көріністерін ғана алып, дінді тек тілдерімен айтатын. Бірақ олардың іс-әрекеттері бұрмаланған  әрі қатерлі түсініктерге сүйенді»,- дейді. Қасетин, яғни Муавие мен Шам тұрғындарының хазірет Әли (ғ.с.)-ға қарсы дұшпандығы идеологиялық және маңызды дұшпандық болды. Олар алави үкіметін  қабылдаған жоқ. Олардың исламы тек сырт көзгі ғана ислам еді. Аятолла Хаменеи қасетиндерді имам Әли (ғ.с.)-ның ең қатерлі дұшпаны деп таныстырып, Муавие мен оның қасындағылардың басқаруымен Шамда пайда болған бұл топ туралы: «Муавие мұсылман болған күннен имам Әли (ғ.с.)-ға қарсы соғысқа шыққан күнге дейін шамамен 30 жыл өтті. Ол және оның қасындағылар жылдар бойы Шамды билеп, тамырларын тереңге жайған болатын. Енді олар бір сөз айтқан кезде оларға «Сендер жаңадан мұсылмандар болдыңдар, не деп тұрсыңдар» деп айтатын уақыт өтті. Енді олар алави үкіметін қабылдамайтын  және үкіметті өз уыстарынан шығарғысы  келмейтіндер болды. Кейін олар ниеттерін көрсетті. Ислам дүниесі олардың үкіметін де көрді. Яғни, имам Әли (ғ.с.)-мен сайысқа түскен кезде кейбір сахабаларға көңіл бөліп, мейірімділік білдірген Муавие үкімет басына жеткен кезде қатыгездік көрсетіп, соңында Язид пен Кербала оқиғасына жетті. Содан соң Марван мен Абдулмалек және Хаджадж бен Юсеф Сақафи мен Юсеф бен Омар Сақафидің кезіне жетті. Яғни, бұл үкіметтер тарихта қылмыстарымен танымал болған. Мәселен Хаджадж үкіметі Муавиенің іргетасын қалап, имам Әли (ғ.с.)-ға қарсы соғыс ашқан үкімет»,- деді.  Діни жетекшінің пікірінше  Муавие мен қасетиндер дүниелік үкімет құруды мақсат еткен. Имам Әли (ғ.с.)-ға дұшпандық танытқан екінші топ басында хазіретке бият етіп, оның мақсаттарын қабылдаған болатын. Бірақ дүниеқоңыздықтары оларды болмыстарындағы мақсаттарынан алыстатты. Мұндай адамдарды әрқашан, барлық кезеңдерде кездестіруге болады. Олар өз мүдделеріне қатердің төнгенін көрген кезде өздері сайлаған нәрсеге қарсы көтеріледі. Аятолла Хаменеи наксиндерді имам Әли (ғ.с.)-ның әділетіне төзбеген және оған қарсы шыққан имамның ескі достары деп атайды. Олар имам Әли (ғ.с.)-ның әділет орнатқан кезде достық қарым-қатынастар мен таныстыққа көңіл бөлмейтінін көріп, илаһи әділетке төзе алмай оның дұшпанына айналды. Өйткені олар өздері үшін ерекше үлесті күткен еді. Ислам революциясының жетекшісі наксиндер туралы: «Наксиндер имам Әли бен Абиталептің үкіметін бұл үкіметте ерекше үлеске ие болған жағдайда ғана қабылдайтын болды. Яғни, олар имам олармен ақылдасып, оларға мансап пен билік береді, олардың мал-мүлкін тиіспейді, қайдан келдіңдер деп айтпайды деп ойлады. Олардың кейбіреулері дүниеден кеткен кезде арттарында қанша байлық қалды. Бұл топ имам Әли (ғ.с.)-ды қабылдады, бірақ олардан байлықты қайдан алдыңдар, неге алдындар, не үшін әкетіп жатырсыңдар деп сұрамауды, олардың істеріне араласпауды шарт етіп, басында бият етті. Талхе, Зубайр, сахабалар мен басқа азаматтар  имам Әли (ғ.с.)-ға бият етіп, оның билігін қабылдады. Бірақ үш-төрт ай өткен соң бұл үкіметпен келісімге келе алмайтындарын түсінді. Өйткені бұл үкімет дос пен  таныстықты қабылдамады, өзі мен жанұясының құқығын басқалардан жоғары қоймайды. Барлық адамдар үшін шариғатқа сай шешім қабылдайды. Сондықтан олар бөлініп, бүлік саналған Джамал соғысын бастап, мүміндердің  анасы Айшаны өздерімен бірге ертті. Бұл соғыста қаншама адам өлді. Имам Әли (ғ.с.) жеңіске жетіп, мәселені шешті. Бұл біраз уақыт танымал адамдардың уақытын алған екінші майдан болды»,- деді.  Кейбір адамдардың надандығы, қисынсыз әрекеттері мен дұрыс түсінбеушіліктері дұшпандық тудырды. Үшінші топ – мареқин хаваредждердің өздері болды. Олар дінді дұрыс түсінбей,  ырымшыл наным-сенімдерге ие болды. Олар хазірет Әли (ғ.с.)-ның үкіметі кезінде оның дұшпандарының үшінші тобына айналған болатын. Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи мареқин тобы туралы: «Мареқин өз жұмыстарында қатерлі саналатын түсініктерге сүйенген топ болды. Олар Құранды тәпсірлеп, бұл кітаптан толық хабардар имам Әли (ғ.с.)-нан үйренбеді»,- деді. Діни жетекшінің пікірінше, олар қателіктерін түсініп, ырымшылдықтан өздерін құтқаратындай дінді дұрыс түсінбеген. Муавиенің тобы жеңілістен  қорқып, найзаның бастарына Құранды көтерген   Сеффейн соғысында хаваредждердің ырымшылдықтарына қатысты артықшылық білдірді. Олар қоқан-лоққы мен қысым көрсетіп, имам Әли (ғ.с.)-ды соғысты аяқтамай тоқтатуға мәжбүрледі. Олар: «Олар Құранның жақтастары, олармен соғыспаған жөн»,- деді. Кейін хаваредждер Шам әскерінің оларды алдағанын түсінеді. Бірақ ола «біз кәпір болғандай, Әли де кәпір болды, сондықтан тәубе етуі керек» деді. Мареқиндер туралы күмәндар олардың саяси ұйым құруына қатысты. Бұл надан адамдар қалайша саяси ұйымға айналып, бірауыздан имам Әли (ғ.с.)-ға қарсы көтерілді? Олар хазірет Әли (ғ.с.) сөз сөйлеп жатқан кезде келісіп кіріп, имамның сөзін бұзатын немесе намаздың үстіне кіріп келіп, Құран аяттарын оқып, наразылықтарын білдіретін. Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше бұл надан топтың саяси топқа айналуы көреген саясатты қажет етті. Аятолла Хаменеи мареқиндердің саяси бірігуі касетин және Шамның басшылары, яғни Амру Ос пен Муавиенің кеңестерімен жүзеге асуы мүмкін деді.  Хазірет Әли (ғ.с.) бұл үш топтағы дұшпанмен бетпе-бет келген  бірнеше соғыста оларды жеңді. Надан халықтың бірқатарын өздерінің жақтастары еткен мареқин немесе хаваредждер Наһрван соғысында имам Әли (ғ.с.)-нан жеңілді, бірақ олардың қалғандары қоғамда таралып, соңында Куфе мешітінің михрабында имам Әли (ғ.с.)-ды өлтірді. Имам Әли (ғ.с.) толқыны мен үнсіздігі, дауылы мен тыныштығы, ызасы мен қуанышы аралас теңіз сынды ер болды. Ибн Мүлджамның соққысынан о дүниеге аттанған имам Әли (ғ.с.) үш топтың дұшпандығынан құтылып, тыныштыққа жетті. Иығына азық-түлік пен тамақ салынған қоржынын көтеріп, түнде Куфенің көшелерін аралап, кедейлерге тамақ таратқан, теңдессіз тақуа болған және Алланың дінінің негіздеріне сүйеніп, әділетті таратуды  өзінің ең маңызды міндеті санаған имам Әли (ғ.с.) бес жылдық үкіметі кезінде барлық қиындықтарға қарамастан әлемдіктерге әділеттің ең жақсы үлгісін көрсетті.