Там 12, 2016 15:07 Asia/Almaty
  •  Ұлы тұлғаның алдында 38

Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) – имам Әли (ғ.с.)-ның үлкен ұлы. Хазірет әкесі шәһид болған соң мұсылмандардың қоғамын басқару міндетіне ие болды. Бірақ хазіреттің жол нұсқаулары мен кемелдік және жоғары мақсаттарға жігерлендіруі сол кездегі мұсылман қоғамының шектеулерімен бетпе-бет келді.

 

Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) «Әулетінің қайырымдысы» деген лақап атқа ие  болды. Өйткені оның дастарханы әрқашан мұқтаждардың алдынан жайылып тұратын. Ол өзінің бүкіл дүние-мүлкін Алланың жолында үш рет жұмсады,  сөйтіп әкесі имам Әли (ғ.с.), анасы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) мен атасы – Алланың елшісі сынды бұл өтпелі дүниенің байлығына  қызықпайтынын көрсетті. Бала кезінде пайғамбар оны имам Хусейн (ғ.с.)-мен бірге иығына отырғызып, оларды жаннат жастарының жетекшілері деп атайтын. Имам Хасан бен Әли (ғ.с.) атасы хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) сынды мейірімді, әкесі имам Әли (ғ.с.) сияқты жомарт болды. Сөзі анасы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның сөзіне ұқсады. Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.)-ның жомарттығы туралы рауаяттарда оның ешбір мұқтажды көмексіз қалдырмағаны және ешбір мұқтажға теріс жауап қайтармағаны туралы айтылады. Имамнан: «Ешбір мұқтажды қалай жауапсыз қалдырмайсыз?»- деп сұрағанда хазірет: «Менің өзім Алланың алдында мұқтажбын. Сондықтан өзім мұқтаж бола тұра басқа мұқтаждың қалауына жауап бермеуге ұяламын. Алла Тағала маған нығметтерін сыйлайды. Мен де нығметтеріммен бөлісуге уәде берген едім. Сондықтан әдетімді бұзсам, нығметтерден айырыламын деп алаңдаймын»,-деп жауап берген болатын. Шейх Садуқ өзінің «Амоли» кітабында оқырманға  имам Садық (ғ.с.)-ның имам Хасан Моджтаба туралы: «Хасан бен Әли өз заманының ең иманды, ең тақуа және ең жақсы адамы болды»,- деген рауаятын ұсынады. Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) мақұрым және кедейлермен  бірге тамақтанып, өзінің өмірінде жиырма рет жаяу қажылыққа барып, қажылық рәсімдерін орындаған. Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) өзінің ерекшелігімен адамдарды тартып, оны көргендер Алла елшісін естеріне алатын. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Имам Хасан  (ғ.с.)-ның тақуалығы туралы: «Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) рауаяттардың біріне сәйкес, Ораза айт күні жолдан өтіп  бара жатып, бұл күннің маңыздылығына көңіл бөлмей, бейқам күйде күліп-ойнап тұрған жамағатты көргенде: «Алла Тағала рамазан айын өз пенделері үшін сайыс майданы етіп қалыптастырды. Бұл майданда адамдар Оған құлшылық етіп, оның ризалығына ие болу үшін бір-бірімен жарысып, бір-бірінен озуға талпынады. Бұл жолы өткен рамазан айында кейбіреулер басқалардан алға ілгерілей алды. Олар жеңіске жетушілер. Бірақ кейбіреулер  бұл айды пайдаланбайды. Олар өздерін илаһи рақымдылыққа жеткізе алмай, үмітсіз қалды. Еш нәрсені ойламай, ойнап-күліп тұрғандар таңғалдырады. Қайырымдылар сауапқа ие болып, мақұрымдар өз шығындарын толтыратын күні олар шығындарын арттыруда. Бұл үлкен күн. Бұл қиямет сынды күн. Бұл күні рамазан айында илаһи ризалыққа ие бола алғандар  Ұлы Алладан сыйларын алады. Бүгін бейқамдық танытатын күн емес. Егер көзіміз құпияны көретін болып, көзіміздің алдындағы материалдық дүниенің пердесі алынатын болғанда қайырымдылардың сауаптарын жинап жүргенін, жаман адамдардың өз бейқамдықтарының салдарларын ие болғанын  көретін едік»,- деді. Имам Хасан (ғ.с.)-ның кезеңінің қиындықтарының біріне хазіреттің серіктерінің қапылдықта болуы жатады. Муавие үкіметінің азап-қорлықтарының алдында имам Хасан (ғ.с.) хақ жолын жалғыз жалғастырды. Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) әкесі имам Әли (ғ.с.) шәһид болған соң Муавиенің көптеген қорлықтарымен  бетпе-бет келді. Хазіреттің серіктерінің саны азғана болып, олар үкіметке қарсы тұра алмады. Егер сол кезде үкіметке қарсы шыққанда Исламның негіздері жойылып, бұрмаланатын еді. Ислам революциясының жетекшісі имам Хасан Моджтаба (ғ.с.)-ның өмір сүрген  ауыр кезеңі туралы: «Имам Әли (ғ.с.) сол кездегі исламдық қоғамның жағдайына байланысты шәһид болды. Содан соң имамат имам Хасан (ғ.с.)-ға жетті. Бұл кезде жағдай қиындап, имам Хасан (ғ.с.) тіпті алты айдан артық уақытқа төзе алмады. Ол жалғыздықта күй кешті. Имам Хасан (ғ.с.) егер сол шектеулі серіктерімен Муавиеге қарсы көтерілсе, шәһид болатындықтарын және  ешкімнің олардың қанының кегін алмайтыны  туралы білді. Муавиенің насихаты, ақшасы мен зеректігі баршаны өзіне бағындырды. Сонымен бірге бір-екі жыл өткен соң халық «имам Хасан (ғ.с.) Муавиеге текке қарсы шықты» деп айтатын еді. Сондықтан  ол барлық қиындықтарға төзіп, өзін шәһид болатын майданға түсірмеді. Өйткені ол бос өлім болатын еді»,- деді. Діни жетекші сөзін жалғастырып, маңызды мәселеге тоқталып: «Кейбір уақытта  шәһид болған тірі қалғаннан оңайырақ, шынында солай. Хикметке көңіл бөлетін адамдар оны жақсы түсінеді. Кейде тірі қалу мен өмір сүру және қоғамда талпыныс жасау өлімнен, шәһид болып, Аллаға жақындаудан қиындау. Имам Хасан (ғ.с.) осындай қиындықтарды таңдады»,- деді. Имам Хасан (ғ.с.) Бани Умайе үкіметінің қысымдарының алдында Муавиемен бейбітшілік  келісімге келді. Имам Хасан (ғ.с.) қарсы тұрып, өлудің тек Бани Умайе үкіметіне ғана пайда әкелетінін білді. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Имам Хасан (ғ.с.)-ның кезеңінде  әртүрлі ағымдар бас көтеріп, сырт көзге кедергі бола алды. Имам Хасан (ғ.с.)-ның бейбітшілігі   туралы сан рет айтып, сан рет әртүрлі кітаптарда жаздық, тіпті егер имам Хасан (ғ.с.)-ның орнында имам Әли (ғ.с.) болғанда да дәл осы жұмыстарды атқаратын еді. Әрине имам Хасан (ғ.с.)-ның іс-әрекеттері  де жүз пайыз қисынға ие болды. Имам Хусейн (ғ.с.) бұл бейбітшілік келісіміне ортақ болды. Имам Хасан (ғ.с.) бейбітшілік келісімге келу шешімін жалғыз қабылдамады. Имам Хасан мен имам Хусейн бұл істі бірге орындады. Бірақ имам Хасан алда болып, имам Хусейн ағасының соңынан еріп, бейбітшілікке келу шешімін қолдады. Өйткені Муавиеге қарсы соғысқа көтерілсе де жағдай имам Хасан (ғ.с.) жеңіске жететіндей болмады, яғни барлық факторлар имам Хасан (ғ.с.)-ға қарсы болды. Муавие жеңіске жететін еді, себебі барлық үгіт-насихаттық органдар соның қолында болды. Егер имам Хасан (ғ.с.) бейбітшік орнатпағанда, Исламның ұлық пайғамбары әулетінің барлық  негіздері жойылып, Исламның негізгі жүйесін қорғайтын адам қалдырмайтын еді, яғни барлық нәрсе жойылып, ислам ұмытылып, Ашураға жетпейтін еді. Егер имам Хасан (ғ.с.) Муавиемен соғысын жалғастырғанда пайғамбар әулетінің шәһид болуымен аяқталып,  бұл оқиғада имам Хасан (ғ.с.) мен оның серіктері өліп, барлық нәрсе жойылып, исламды қайтадан жаңдандыратын мұрсат табатын адам қалмайтын еді. Бұл имам Хасан (ғ.с.)-ның Исламды мәңгі сақтап қалуының шындығы»,- деді.  «Шын мәнінде, Алла Тағала рамазанды өз жаратылыстары үшін сайыс майданы етіп қалыптастарды. Әр адам Алланың ризалығына ие болу үшін бір-бірінен озуға  талпынады, бірақ кейбіреулер бейқам қалады». («Бихар әл-Анвар», 75-ші том).