Ақп 23, 2016 14:27 Asia/Almaty

Ақыл Алланың адамға сыйлаған ең маңызды нығметтерінің және Жаратушыны тануға көмектесетін маңызды құралдардың бірі.


Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің «ақыл илаһи уаһидің көмегімен әрекет етпесе, адасып, адамды шындықты түсінуден алыстатады» деген сөздерінің қазіргі кезеңдегі дұрыстығын көреміз, өйткені материалдық ақыл адамның материалдық қажеттіліктерін қамтамсыз етуді көздейді. Басқа жақтан үстемшіл үкіметтер әрқашан әлсіз мемлекеттердің байлығын талан-таражға салады. Басқаларға зұлымдық жасау – Жаратушыға қызмет етпейтін ақылдың салдары. Барлық илаһи пайғамбарлар адамдардың ақылын дамытып, оларға жоғары ойға қарай жол нұсқайды. Пайғамбарлар әділетсіздік пен басқалардың құқықтарына шабуыл жасап, жалпы зұлымдық жасаудан алыс тұратын, керісінше Алланың ризалығына ие болатындай ғамал ететін адамдарды тәрбиелуге келген. Аятолла Хаменеидің пікірінше, илаһи пайғамбарлар, әсіресе Исламның ұлық пайғамбары ғибадат пен  құлшылыққа сүйенген. Хазірет Құран аяттарында айтылған пайғамбарлардың ерекшеліктеріне назар аудартты. Құран «Әли Имран» сүресінің 64-ші аятында қасиетті кітап иелеріне, яғни яһудилер мен христиандарға  келесі ұсынысты баяндап: «Әй, Кітап иелері! Біздің арамызбен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаға құлшылық қылайық, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Алладан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық» деп айт. Егер олар жүз бұрса: «Куә болыңдар, шәксіз біз мұсылман болдық» деңдер»,- деген. Бұл аятта Жаратушыға құлшылық ету туралы айтылған. Аятолла Хаменеи осы нұрлы аятқа тоқталып: «Құран «Оған еш нәрсені ортақ қоспайық» деді, яғни талаптарымызды, нәпсілік қалауларымызды, тәкаппарлығымызды, дарындарымыз бен сүннеттеріміз, әдеп-ғұрыптарымызды және надандық кезіндегі қате әдеттерімізді, бұлардың ешқайсын Аллаға ортақ етпейік. Барлығымыздың басшымыз тек Алла, сондықтан ешбір адамның Алладан басқа басшысы болмайды. Бұл пайғамбарлардың  адамзат үшін жолдауы болды»,- деді. Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша пайғамбарлар адамдардың өмірін жәннәтқа айналдыру үшін олардың қасына құтқаратын және тыныштыққа бөлейтін нұсқаулармен келді. Ол илаһи пайғамбарлардың нұсқаулары туралы: «Бүкіл жаратылған әлем өзен сынды бір жаққа қарай ағады. Илаһи пайғамбарлардың үлкен өнері олардың адамзатқа жоғары мақсаттарды таныстырып, жолды анықтап, тура, яғни Алланың жолын көрсетуіне, сонымен бірге адамның ықтиярындағы  ең үлкен күш – ақыл мен сезімдері, мүмкіндіктері, қол-аяғы, көздері және табиғаттағы нығметтердің көмегімен бұл жолды өтуге болатынын түсіндіргені жатады. Яғни, олар өз күштері мен табиғатты осы жолға жетуге пайдаланады»,- деді. Аятолла Хаменеидің  пікірінше Алланың адал пенделері ұйқтағанда, ас ішкенде, саудада, спортта, оқуда, саяси-қоғамдық жұмыстар мен басқа да әртүрлі жұмыстарда барлық істерді Алланың атымен орындайды. Хазірет «Бұл мақсатқа жету бағытында  адамның айналасында адамның жігері мен әлемнің табиғи жолы үйлескен жәннат пайда болады. Тауһид негіздеріне сүйенген исламдық өмірде қайшылықтар мен қақтығыстарға орын жоқ»,- деді. Илаһи ұлы пайғамбарлар бетпе-бет келген барлық кедергілерге қарамастан адамдарды дұрыс жолға нұсқаудан бас тартпай, ең жаман жағдайда ең жақсы түрде өздерінің міндеттерін орындады. Олар адамдарды  рухани тұрғыдан өзгертуге талпынды. Бұл өзгерістер адамды ахлақ, кемелдік және Аллаға қарай жақындауға жігерлендірді. Ислам революциясының жетекшісінің пікірі бойынша, пайғамбарлардың маңызды міндеттерінің бірі адамдарды тәрбиелеу болды. Олар адамдарды тәрбиелеп, оларға илаһи ілімдерді үйретті. «Жұма» сүресінің 2-ші аятында: «Ол сондай Алла, сауатсыздардың ішіне өздерінен оларға Алланың аяттарын оқып, оларды тазартатын, сондай-ақ оларға Кітап, даналық үйрететін бір Пайғамбар жіберді. Негізінде олар бұрын ашық адасуда еді»,- деп айтылған. Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша өзін тәрбиелемейтін адам басқаларға зиян келтіреді. Олар барлық нәрсені өздері үшін талап етіп,  басқалардан қызғанып, басқаларды бәрінен мақұрым етеді. Оның болмысынан әлем мен адам үшін пайда болмайды. Негізінде адам жақсы және пайдалы болып, кемелдікке жету үшін жаратылған. Аятолла Хаменеидің пікірінше, пайғамбарлардың әрқайсы пайғамбарлық міндеттерінің мақсатына, яғни адамды тәрбиелеуге жіберілген. Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша адамзаттың өміріне тауһид рухы таралып, адамдар дұрыс тәрбие алуы үшін үкімет  пен илаһи құндылықтардың негіздеріне сүйенген қоғам құратын пайғамбарлар қажет. Олар қоғамда әділет орнатуға міндетті. Өйткені, әділеттің аясында адамдар тауһидке жақсырақ бұрылады.  Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы: «Барлық пайғамбарлар мен әулиелер әлемде тауһидтің туын көтеріп, адамдардың өмірінде тауһид рухын жаңғырту үшін келді.  Бірақ әділет пен теңдік орнатылмай, тауһидтің мағынасы болмайды. Яғни, пайғамбарлардың жолдауы – әділет орнату»,- деді. Аятолла Хаменеи әділетті дұрыс фактор деп атап, дұрыс ғамал ету бірқалыпты болуға, ал пайғамбарларды әділет, әсіресе қоғамдық әділет орнату үшін жіберілген деп санайды. Құранның «Хадид» сүресінің 25-ші аятында: «Расында елшілерімізді ашық мұғжизаларымызбен жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Кітапты, мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік. Сондай-ақ темірді пайда қылдық. Онда мықты күш әрі адамзат үшін қажеттер бар. Алла онымен дініне, елшілеріне көрмей-ақ көмек еткен кісіні мәлім етеді. Сөзсіз, Алла өте күшті, тым үстем»,- деп айтылған. Барлық илаһи пайғамбарлар өз мақсаттарына жету үшін, яғни үкімет құрып, қоғамдық әділет орнатып, адамдарға ықпал ету жолында көптеген дұшпандармен кезікті. Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше, Құран аяттары бойынша барлық пайғамбарлар өз міндеттерін орындаған кезде әртүрлі дұшпандармен кезікті. Аятолла Хаменеи: «Кейбіреулері болмаса, пайғамбарлардың көбі  зорлық-зомбылық көрді. Хазірет Мұса көп қорлық көрсе, хазірет Иса да қудаланып, қысымға ұшырады. Бірақ пайғамбарлар майданнан кетпеді. Барлық пайғамбарлар өлтірілді, өртелді, тұтқындалды немесе тірідей араланды. Яғни, олардың барлығы азап көрді, бірақ олардың қарсыласулары мен табандылығы  пайғамбарлардың туының астына жиналуына  себеп болды. Әлемнің қай жеріне барсаңыздар да, пайғамбарлардың құндылықтарының таралғанын көресіздер. Ахлақ, әділет, бейбітшілік және басқа да әдемі қасиеттер пайғамбарлардың тағылымдарына борыштар. Мұның барлығының сыры пайғамбарлардың   майданнан кетпей, сол жерлерде қалып әрекет етуінде»,- деп баса айтты. Исламның ұлық пайғамбары сынды кейбір пайғамбарлар үкімет құра алды, басқалары қоғамдарының жағдайларына қарай үкімет құра алмады. Бірақ илаһи пайғамбарлардың барлығы өз кезеңдерінде, тіпті өздерінен кейін де адамдарды тәрбиелеуге үлкен әсер етті. Ислам революциясының басшысы илаһи пайғамбарлардың адамзаттың өміріндегі маңызды әсері туралы: «Егер біз адамзат тарихындағы адамдар кезіккен барлық оқиғалардың арасынан пайғамбарлардың  өз міндеттерін атқаруын адамзаттың тағдыры үшін ең маңызды әрі ең әсерлі іс деп санасақ, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пайғамбарлық міндеті барлық тұрғылардан маңызды болып, адамзат тарихының үлкенді-кішілі оқиғаларының басында орналасады»,- деді.