Ұлы тұлғаның алдында 17
Ақп 23, 2016 14:32 Asia/Almaty
Жаратушыға назар аудару және тек Оған ғана құлшылық ету, Алланың орнын жалған «құдайлармен» толтырмау илаһи пайғамбарлардың бірінші тағылымы болды.
Пайғамбарлардың сөзі – әр адамның болмысында қалыптасқан және оны тауһид жолына нұсқап, әлемнің Жаратушысына құлшылық етуге шақыратын дауыс. Иранның Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің көзқарасынша адамзат пайғамбарлар тағылымдарынан алыстаған кезде олардың басқа нәрселерге, әсіресе жаратылыстың негіздеріне деген пікірлері өзгеріп, барлық нәрсені материалдық тұрғыдан ғана қарастыратын болады. Адам мұндай жағдайда Алланы жаратылған әлемнің негізі деп санамай, жаратылысты материалдық мәселе деп қабылдайтын болады. Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы: «Материалдық көзқарас – пайданы іздейтін көзқарас. Материалдық дүние барлық нәрсені ақшамен салыстырады, сондықтан адамзаттың бүкіл құндылықтары ақшамен аяқталады. Материалдық дүниенің мәселесі осы»,- деді. Жаратылған әлемге мұндай көзқараспен қарау жүректердегі рухани нұрды өшіріп, бұл мәселе Батысты қараңғылыққа қарай итермелейді. Аятолла Хаменеи: «Әлем материализмге батып, пайда көрмеді, дүние жыныстық азаттықтан пайда көрмеді. Адамзат Еуропада таралған руханият пен илаһияттан алыстататын қозғалыстардан пайда көрмеді, әділет пен қауіпсіздік қамтамасыз етілмеді, жанұялар сақталмады, жаңа ұрпақтар дұрыс тәрбиеленбеді. Барлық нәрселер зиян көрді. Тек компаниялар, банктердің иелері мен қару-жарақ шығаратындар ғана көптеген байлыққа ие болды. Батыстың материалдық өркениетінің адамзатқа пайдасы болмады, адамгершілікке ие болмады, тіпті үлгі тұтқан қоғамды да бақытты ете алмағандарымен қатар, өздерін де бақытты ете алмады»,- деп қуаттады. Алла мен руханияттан алыстаған кезде барлық бұрмалаушылықтар мен күнәлар поездың вагондары сынды адамның сонынан ереді. Материализм адамның болмысында жағымсыз сипаттарды дамытып, адамды жоғары әрі кемел құндылықтар туралы ойлантпақ түгілі, күнделікті жамандыққа асықтырады. Ислам революциясының жетекшісі: «Батыс өркениеті соңғы бірнеше ғасырда адамзатты отар елге айналдырудан басқа өнерді білмеді»,- деп баса айтты. Хазіреттің пікірі бойынша, Батыстың 18-ші ғасырдан бергі жағдайын зерттеу олардың әлсіз қоғамдарды отар елдеріне айналдыруға барлық мүмкіндіктерін пайдаланатындықтарын көрсетті. Олар Шығыс Азия, Үндістан, Қытай, Америка мен Африкада көптеген қиындықтар тудырды. Олардың мақсаты – отаршылық пен адамдарды өз мүдделері үшін пайдалану. Мұндай мақсатпен олар халықтар үшін тозақты дайындайды. Батыстың материалдық дүниесі өзін барлық жақсылықтар мен бақытты өмірдің көрінісі етіп көрсетуге талпынғанымен, бұл өркениеттің нәтижелері мен мәдениеті басқа нәрсені көрсетеді. Батыста ахлақ пен жанұяның бұзылуы, бұзақылық пен кедейшіліктің артуы – Батыс мамандары мойындайтын мәселелер. Ислам революциясының жетекшісі: «Олардың ахлақ туралы уәждері – шындыққа қатысы жоқ жалған уәждер. Руханияттан алыстаған кезде осылай болады»,- деді. Жақсылықтардан алыстап, жамандықтарға бет бұру Құранның мәдениетінде шайтандық әрекеттерді таныстырады. Осы кезде Батыс өркениетіндегі адамдардың ішкі және сыртқы шайтандардың күмәндеріне бағынуы олардың Алладан алыстауға жеткізетін жағдайға жетті. Исламның шариғаты мен Құранның мәдениетінде барлық құндылықтарға қарсылық білдірушінің және жамандықтардың көрінісі шайтан саналады. Ислам мен Құранның қисыны бойынша, шайтан – жамандықтардың көрінісі. Құранда шайтан туралы айтылған кезде бұзақылық, тәкаппарлық, жалқаулық, бүлікшілік, зұлымдық туралы баяндалады. Жақсылыққа дұшпандық таныту – шайтанның ісі. Аятолла Хаменеи шайтан туралы: «Шайтанның ісі – адастыру. Адастыру дегенімз не? Яғни, сендердің сана-сезімдеріне нұқсан келтіру. Бұл шайтанның ісі. Шайтан сендердің ақылдарың мен саналарыңа әсер етіп, дұрыс салыстыратын органдарыңды бұзып, адамды қателестіргісі келеді»,- деді. Ислам революциясының жетекшісінің пікірінше, шайтан адамдарды адастыру үшін әртүрлі жолдарды пайдаланады. Мұндай жолдардың бірі – қоқан-лоққылар. Ол адамды хақ жолына табанды болудан қорқытады. Шайтан адамды кедейшілікпен қорқытып, өтірік уәделерімен жүректерінде ұзақ мерзімді армандарды оятып, адамдардың алдынан қол жетпейтін елестерді көрсетеді. Шайтанды жақсырақ тану үшін аятолла Хаменеидің сөздеріне көңіл аударамыз. Хазірет шайтан туралы: «Шайтан – Ібіліс. Бұл бұзақылық пен бұрмалануға себеп болатын әсерлі күш. Ол әртүрлі қалыптар мен әртүрлі киімде, кейде адамның, кейде адам емес түрде пайда болып, кейде нәпсі, кейде Ібіліс түрінде әрекет етеді. Құранда әртүрлі «ібілістер» туралы айтылған. Алайда олар ғана емес, әртүрлі шайтандар бар. Олардың қатері аз емес. Шайтан – жалпы айтылған түсінік»,- деген болатын. Шайтан мен оның жақтастарының бүкіл талпыныстарына қарамастан, қазіргі ғасырда үміттендіретін факторлар Батыс өркениетінің жүрегінде пайда болды. Аллаға қайтып оралу, руханият, жоғары аадмгершілік құндылықтар пен ахлақ 21-ші ғасырда және соңғы жылдары материалдық қара бұлттардың артынан көрінуде. Адамзат қараңғылық пен надандықтан шаршап, нұр мен жарыққа қарай оралатын жолды қайта тапты деп айтуға болады. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Бүгін сіздер материалдық негіздердің бесігі болған мемлекеттердің өздерінде әртүрлі түрде рухани құндылықтарға қарай басталған бетбұрыстарды байқай аласыздар. Яғни, бұл мемлекеттерде руханият, руханиятқа деген махаббат пен рухани құндылықтарға бетбұрушылық кездесіп отыр. Алайда бұл руханият дұрыс басқарылмаса, бұрмаланған пікірлер, жалған мистика мен жалған руханият пайда болады. Ислам мен пайғамбардың әулеті бүгін Батыстың материалдық империясының жүрегіне жол тапса ол жерден жақтастарын табады. Бүгінгі дүниеден мұндай сезім айқын байқалады»,- деген болатын.Тегтер