Там 23, 2016 10:15 Asia/Almaty
  • Аптаның экономикалық журналы 83

Шри-Ланканың Мұнай ресурстарын дамыту министрі Чандима Веераккоди осы аптада Теһранға келіп, Иранның Мұнай министрімен кездесіп, екі ел арасындағы мұнай саласындағы серіктестіктерді дамыту туралы сөйлесті.

Шри-Ланка осы уақытқа дейін Иранның мұнай және мұнай-химия өнімдері саласындағы жақсы сауда серіктестерінің бірі болып келді. Теһран Коломбомен серіктестіктерді кеңейтуге мүдделі.

Экономикалық журналдың бірінші хабарын осы сапардың мақсаттарына жасалған шолумен бастаймыз.

Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане жексенбі күні Шри-Ланканың Мұнай ресурстарын дамыту министрі Чандима Веераккодимен кездесуінде Иранның Шри-Ланкаға мұнай экспортының санкцияларға байланысты тоқтап қалғанын айтып, осы елдің министрінің Теһран сапары мен екі жақты келіссөздерінен кейін Теһран Иранның мұнайын Шри-Ланкаға экспорттау үшін келісімдерге негіз әзірлейтіндігіне үміт білдірді.  

Иранның Мұнай министрі «Ортақ қадам» жан-жақты келісімінің жүзеге асырылуына сілтеме жасап, Иранның шикі мұнаймен алмасу операцияларын қайтадан жандандыру үшін бағдарлама жасап жатқаны туралы да айтып: «Иранның алмасу  бойынша мәселесі жоқ. Шикі мұнаймен алмасуға ынта танытатын компаниялар Иранмен байланыс орната алады. Иран алмасу операцияларын жүзеге асыру бойынша кейбір компаниялармен келіссөздер өткізді. Ресей мен Қазақстан және Түркіменстанның компаниялары бәрінен бұрын шикі мұнай swap-ы бойынша Иранмен келіссөздер өткізуге құлшыныс білдірді» деді. Ол сонымен қатар мұнайдың жаңа келісімдеріндегі жасалған түзетулер туралы да айтқан сөзінде: «Мұнайдың жаңа келіссөздеріндегі түзетулер аяқталып, қарсыласу экономикасының қолбасшылық штабында қабылданды. Енді олар бекітілуі үшін үкіметке жіберіледі» деді.    

Шри-Ланка жылына бір миллион 823 мың баррель мұнай импорттайды. Иран санкциялардан бұрын Шри-Ланканың мұнай қажеттілігінің 93 пайызын күніне шамамен 40 мың баррель мұнай экспорттау арқылы қамтамасыз етіп келді. Бірақ, санкция салынғаннан кейін Шри-Ланканың Теһраннан импорты тоқтап қалды.

Шри-Ланканың мұнай өңдеуші жалғыз зауыты әрі осы елдің ең көне иелігі саналатын Сапугасканда Ираннан импортталатын жеңіл мұнайға қатты тәуелді, бірақ санкциялардың салынуымен бұл ел Теһраннан мұнай импорты тоқтатылған соң оның орнын толтыру үшін басқа мүмкіндіктерді қарастырды. Алайда оның қаржысы өте үлкен болды. Шри-Ланка қазір өзі қажет ететін шикі мұнай мен мұнай өнімдерін Оман, Арабстан, Сингапур және Вьетнам сынды елдерден қымбатырақ бағамен сатып алып отыр, бірақ құрамында күкірті аз Ираннан импортталатын мұнайдың орнын басатын елді таппады. 

Шри-Ланканың Өнеркәсіп және сауда министрі бұл елдің Иранмен мұнай серіктестіктерінің, соның ішінде мұнай импорты жалғасып жатқанын айтып: Коломбо Үкіметінің Теһранға 250 миллион долларлық мұнай берешегі мәселесінің жақында шешілетінін мәлімдеді. Шри-Ланканың Өнеркәсіп және сауда министрі Ришад Батхудин «Әлем елдерімен сындарлы әрекеттестік жасауға негізделіп, ілгерілетіп жатқан Иранның жаңа үкіметінің қатынасы тек қана Иранның пайдасын ғана көздемейді, сонымен қатар Иранмен сауда және экономикалық байланыстарға ие басқа да елдер үшін пайдалы болады. Женева келісіміне қол қойылып, «Ортақ қадам» бағдарламасының жүзеге асырылуы Иран үкіметінің қатынасының жүзеге асып, нәтиже беретін жаққа жылдамдықпен ілгерілеуіне себеп болды» деді.  Иран мен Шри-Ланканың байланысы екі ұлт пен аймақтың мүддесі негізінде қалыптасып, ядролық келісім мен қалыптасқан мүмкіндіктерден кейінгі жағдайларда екіжақты байланыстар қолда бар мүмкіндіктер негізінде екі ел басшыларының жұмыстарының күн тәртібіне қойылды.

Шри-Ланканың сұйылтылған газ конденсаты компаниясының директоры да осы сапарда Иранға қарсы санкциялардың жойылуына қуаныш білдіріп: «Біз Иранмен келісімдерді дамытумен қатар сұйылтылған газ конденсатын сатып алу үшін жаңа келісімдерге қол қоюды мақсат етіп отырмыз» деді. Шри-Ланка бұрын айына Ираннан 10 мың тонна сұйылтылған газ конденсатын енгізді, бірақ қазір осы санды айына 90 мың тоннаға жеткізуді көздеуде.

Иран Мұнай министрі мен Шри-ланканың Мұнай қорларын датыу министрі Веераккодидің  кездесуінде шри-ланкалық сұйылтылған газ компаниясының өкілі Лафз Ираннан сұйылтылған газ импортын қайтадан бастауға ниет білдірді.

Чандима Веераккоди Бижан Намдар Занганемен кездесуден кейін Иран Телерадио ұйымының тілшісіне берген сұхбатта: «Иран Шри-Ланканы мұнаймен қамтамасыз етудегі өте маңызды ел. Шри-Ланканың жалғыз мұнай өңдеу зауытын Иран салған» деп қуаттап, Иран мұнай министрімен өткізген келіссөздерді өте сындарлы деп бағалады.

Шри-Ланканың Мұнай қорларын дамыту министрі Иранның газ және мұнай-химия өнеркәсібінің орталығы болып табылатын Оңтүстік Парс аймағындағы газ және мұнай химия зауыттарын да аралады. Оңтүстік Парс газ алаңының 21 фазасының платформасынан газ өндірісі өз жұмысын бастады. Назарлаңызды осы саладағы хабарға аударамыз.

21 фазаның іске қосылуымен Оңтүстік Парс газ алаңынан газ өндірісінің көлеміне бір миллиард фут текше метр қосылады. Ал Оңтүстік Парстың 20-21 фазаларының жүзеге асырылуымен Оңтүстік Парстан газ өндірісінің көлеміне күніне 2 миллиард фут текше метр қосылады. Бұл фазаларды дамытудағы мақсат күніне елдің желілеріне 50 миллион текше метр газ құйып, экспорт үшін күніне 77 миллион баррель газ конденсатын өндіру, мұнай-химия бірліктерінің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін бір миллион тонна этан өндіру және экспорт үшін 400 тонна күкіртпен қамтамасыз ету болып табылады. Оңтүстік Парс ортақ алаңының 21 фазасынан бір миллиард фут текше метр газ өндіру теңіз құрылғылары компаниясы биыл төрт фазаны өте қысқа мерзімде орнатуға міндеттеме алған жағдайда басталып отыр. 21 фазаның платформасы 98 пайыздан артық дамуға ие Парсы Шығанағында орнатылған шектеулі құрылымдардың бірі.

Иран СІМ Африкаға жасаған сапарының үшінші кезеңінде жексенбі күні алдымен Нигерияға барды. 

Иран СІМ Мохаммад Джавад Зарифпен осы Африка сапарында саяси, экономикалық делегация бірге барды. Иранның дипломатиялық аппаратының басшысы Нигерия, Гана, Гвинея және Мали сапарында осы елдердің жоғары деңгейлі қайраткерлерімен кездесіп, сұхбаттасады.

Иран СІМ-нің африкалық төрт елге сапары шілде айының 29-на дейін созылды. Зарифтың Африка сапарымен бір мезгілде Сауданы дамыту ұйымы Иранның  сауда, экономикалық 35 компания өкілдерінің елдің экономикалық делегациясы қалпында Африкаға аттанғанын хабарлады. Бұл экономикалық делегацияның мүшелері Иран СІМ Мохаммад Джавад Зарифтың Қара құрылыққа жасаған сапарында қасында болып, өздері баратын елдердің бизнесмендері, экономика саласының белсенділері және басшыларымен кездесіп, сұхбаттасты. Бұл компаниялар Иранның үкіметтік басшыларын тауар және инфрақұрылым, мұнай мен мұнай-химия, табиғи ресурстар, азық-түлік, санитарлық-гигиеналық, фармацевтика салаларын қамтитын техникалық-инженерлік қызмет көрсетудің әртүрлі салалары бойынша мәселелерді қарастырғанда қасында болып, экономикалық, сауда салалары бойынша әртүрлі отырыстар мен конференцияларға қатысты.

Экономикалық журналдың жалғасында Иран мен Арменияның экономикалық байланыстарын дамыту саласы бойынша хабарға назар аударыңыздар.

Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Мохаммад Реза Нематзаде Теһранда Арменияның Қуат және табиғи ресурстар министрі Левон Еолянмен кездесуінде екі елдің экономикалық серіктестіктерінің әсіресе өнеркәсіп, кен және сауда салаларында кеңеюіне мүдделік танытты.

Нематзаде Иран мен Арменияның ынтымақтастық жасау үшін ыңғайлы негіздерді қуат саласында дайындағаны хабарлап: «Сауда мен ортақ инвестицияны дамыту екі елдің мүддесін қамтамасыз ететін болады. Иран халықаралық деңгейде қалыптасқан жаңа кеңістікке байланысты Армениямен барлық салалардағы серіктестіктерді кеңейтуді қалайды» деді. Нематзаде Иран мен Армения арасындағы сауданы жеңілдету үшін кеңселік бюрократияны жоюды қуаттап, Теһранның өткен бірнеше айдан бері осы тәсілмен Ресеймен кең ауқымды серіктестіктерді бастағанын және оң нәтижелерге ие екендігін айтты. Арменияның Қуат және табиғи ресурстар министрі де осы кездесуде Иранның экономикалық серіктестіктерді кеңейту үшін жасаған ұсынысын құптап: «Армения Евразия одағының мүшесі және Иранмен құрлықтан шекараға ие ел ретінде ирандық экспортерлердің өз өнімдерін осы елдердің нарықтарына ешқандай кеден салығын төлеусіз экспорттауы үшін жақсы мүмкіндік бола алады» деді. Левон Еолян Иран мен Армения арасында серіктестік салаларын зерттеу үшін және мүмкіндігінше өте қысқа мерзімде серіктестіктерді сол салалар бойынша бастау үшін бір жұмыс тобын құруға ұсыныс жасады.

Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане де Арменияның Қуат және табиғи ресурстар министрі Левон Еолянмен кездесті. Сол кездесуде Иран газын Армения арқылы транзиттау тақырыбы қарастырылды. Зангане Арменияның Иранның Грузияға газ транзиттауы үшін жаңа бір ұйым құру ұсынысына келіскенін айтып: «Осы уақытқа дейін Ираннан газ сатып алатын тарап болып келген Ереванның жылу электр стансасы ауысатын болды. Ираннан газ сатып алатын осы стансаның келісімі басқа бір жаңа ұйымға ауыстырылады» деді. Занганенің айтуы бойынша, Арменияға газды тікелей сату үшін және Армения арқылы газды басқа елдерге транзиттау бойынша келесі келісімдер осы жаңа ұйым арқылы жүзеге асырылатын болады. Мұнай министрі сонымен қатар «Иран сынақтан өткізу үшін грузиялық бір сатып алушымен газ сату бойынша кішігірім келісімге қол қойды. Бұл келісім биыл Иран газының Армения жері арқылы өтуімен жүзеге асырылады деп күтілуде» деді. Армения 2009 жылдың ортасынан бері Иран газын импорттауды бастаған болатын. Ереван мен Теһран өткен жылдың тамыз айында электр қуатын тасымалдаудың үшінші линиясын салу жобасын орындау үшін Армениядан Иранға 400 киловаттық екі келісімге қол қойды. Иран мен Армения арасындағы 400 киловаттық 400 килрваттық электр қуатын тасымалдайтын үшінші линияны салу келісіміне Иранның экспортты дамыту банкі мен армениялық компания арасында қол қойылды. Иранның Жол иелігі ұйымының халықаралық транзит және тасымал кеңсесінің бас директоры Парсы шығанағы-Қара теңіз халықаралық, транзиттік дәлізінің тасымал келісімінің құжатының қорытындыланғанын хабарлады. Иранның Жол иелігі ұйымының халықаралық транзит және тасымал кеңсесінің бас директоры әрі Парсы шығанағы-Қара теңіз халықаралық, транзиттік дәлізінің тасымал келісімінің құжаты жобасының сараптамалық келіссөздеріндегі ирандық делегацияның басшысы Мохаммад Джавад Атрчиан былай деді: «Алты ел: Иран, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Болгария мен Грекия осы келіссөздерде құжаттың жобасын Болгарияның астанасы София қаласында қорытындылады» деді.

Парсы шығанағы-Қара теңіз халықаралық, транзиттік дәлізі бірнеше функциялы дәліз ретінде Иранның оңтүстік порттарынан басталып, Иранның солтүстік шекараларынан өткен соң Армения, Әзірбайжан елдеріне енеді. Содан кейін осы елдерден Грузиядағы Поти және Батуми порттарымен байланысады. Болгарияның Бургас пен Варна порттары Қара теңіз арқылы енетін тауарлардың келесі нысаны болмақ. Ол жерден Грекия мен еуропалық басқа да елдермен байланысады.

Иран әлемде уылдырық стандарттарын әзірлеуге жауапты ел болып сайланды. Уылдырық өндірісін арттыру мақсатында Иранда уылдырық беретін балықтар орталығы дамытылады. Уылдырық өндірісін  стандарттау, қораптап, орау, осы стандарттардың нұсқауларын әлемдік деңгейде дайындау елдің ішіндегі мамандардың арқасында жүзеге асырылмақ.

Осы жоба басшыларының айтуы бойынша, осыдан кейін әлемдік деңгейде ұсынылатын әрбір уылдырық өнімі ИИР тағайындап, белгілеген стандарттарға сәйкес болады. Ауылшаруашылық қызметтерінің мамандандырылған компаниясының атқарушы директоры Каспий теңізі жағалауындағы Гүлстан облысының балық шаруашылығы және ауылшаруашылығы бөлімінің қызметкерлері және көмекшілерімен кездесуде осы облыстың шәһид Марджани және Ашураде аралының балық өсіру орталығы мен мүмкіндіктерімен танысты.