Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры 6
Аллаға құлшылық етуге шақыру тек Исламның ұлық пайғамбарына ғана қатысты емес, өйткені, барлық пайғамбарлар пұттарға, байлық, шаһуат және шайтанға құлшылық етумен күресуге шақырып, дәлелдерді пайдаланып, адамдардың адасуларының алдын алуға күш салды.
Исламның тауһидтік мәдениеті мен хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның тағылымдары бойынша барлық адамдар тек Жаратушыға құлшылық етіп, барлық қолдан жасалған «құдайларға» құлшылық етуден алыстаулары керек. Бұл ой-пікірді илаһи жазбалардан анық оқуға болады: «Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым» («Зарият», 56-шы аят). Аллаға құлшылық етуге шақыру тек Исламның ұлық пайғамбарына ғана қатысты емес, өйткені, барлық пайғамбарлар пұттарға, байлық, шаһуат және шайтанға құлшылық етумен күресуге шақырып, дәлелдерді пайдаланып, адамдардың адасуларының алдын алуға күш салды. Құран Кәрім «Әнбия» сүресінің 25-ші аятында: «(Мұхаммад с.ғ.с.) сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек, оған: “Күдіксіз, Менен басқа ешбір тәңір жоқ. Онда Маған ғана құлшылық қылыңдар” деп қана уахи етіп, жібердік»,- деп айтады. Илаһи пайғамбарлар міндеттерін орындау үшін Алланың алдында адал құлшылық етіп, осы жолда басқалардан алда болуға талпыныс жасап, әлемнің Жаратушысына адал құлшылық етуді илаһи дәрежеге жететін жалғыз жол деп санады. Алла елшісінің сахабаларының бірі Ата ибн Аби Риах: «Күндердің бірінде Айшаның қасына барып: «Өміріңде пайғамбардан көрген ең таңғаларлық іс не болды?»- деп сұрадым. Ол: «Алла елшісінің барлық істері таңғалдырарлық істер болды. Бірақ ең таңғалдырғаны түндердің бірінде хазіреттің менің үйімде демалып жатқан кезде орнынан тұрып, вузу алып, киімін киіп, намаз оқуға кіріскені болды. Намаз оқып тұрған кезде көзі жасқа толып, киімінің алды суланды. Содан соң сәжде жасап, көп жылады. Осылайша таң атқанша жылады. Таң намазға шақырған азан естілді. Білал Алланың елшісін көріп: «Не үшін жыладыңыз? Сіз илаһи мейірімділікке ие емессіз бе?»- деп сұрағанда хазірет: «Аллаға шүкіршілігімді білдірмеймін бе?»- деп жауап берді. Әрине илаһи әулиелердің, әсіресе пайғамбарлардың Аллаға жақынырақ болуының сыры олардың құлшылық ету негіздеріне табанды болуына байланысты болды. Олар илаһи болмыстың алдында өздері туралы ойламады, олар барлық илаһи бұйрықтарды толығымен адал орындап, Аллаға бағынды. Пайғамбарлар өздерінің адал жақтастарына құлшылық етудің ең маңызды белгісі Алланың дана ахкамының алдында қарапайымдылық танытуы және оларды орындауға талпыныс жасау деп үйретті. Ұлы Алла Өз елшісіне құлшылық туралы: «(Мұхаммад с.ғ.с.): “Шәксіз, мен дінді нағыз Аллаға арнап, құлшылық қылуға бұйырылдым,” де. “Сондай-ақ бой ұсынушылардың алды болуға бұйырылдым»,- деп айтты. Адам Ұлы Аллаға құлшылық етіп, ғибадаттарын адал орындаған кезде нәпсісін жеңіп, өзінің ойларын бақылауға алып, қиялдарын ақылмен тоқтатып, шындықтан бұрмаланбайды. Сонымен бірге Жаратушыға құлшылық етудің маңызды нәтижелерінің бірі Алланың жаратылған әлемнің шындықтарын пенделеріне көрсетіп, соңында адам тіпті періштелер жете алмайтын дәрежеге жете алады. Шындықты илаһи адал пендеден, яғни Алланың елшісінен іздеу керек. Ұлы Алла оған: «... бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Месжід Ақсаға апарған Алла әр түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз Ол, естуші, білуші»,- деген. («Зумәр» сүресі, 1-ші аят). Пайғамбардың миғражында – аспанға жасаған сапарында Ұлы Алла оның көзінен пердені алып, тіпті ешбір адамның ойына келмеген, жаратылған шексіз әлемнің шындығын көрсетті. Алайда материалдық дүниемен шектелгендер үшін мұндай шындықты қабылдау ауыр болады. Олар мүмкіндіктеріне қарай оны теріске шығарады. Дана Алла мұндай қате пікірді теріске шығарып: «(Мұхаммад с.ғ.с-ның) көзі таймады да, үстірт қарамады. Расында ол Раббының ірі белгілерін көрді»,- деген болатын. («Нәжм» сүресі, 17-18-ші аяттар). Терең шолу жасау арқылы илаһи пайғамбарлардың таңдалуларының дәлелдерінің бірінің олардың ақ ниеті мен адал құлшылық етуі туралы шындықты түсінеміз. Құлшылықтың жоғары дәрежесіне жетудің құндылығына қатысты пайғамбарлардың Алланың алдындағы сүйіспеншілігі мен қарапайымдылығы олардың набаватқа сайлануына себеп болды деп айтуға болады. Бұл мәселені дәлелдеу үшін хазірет Иса (ғ.с.)-ның бесіктегі оқиғасын еске алуға болады. Ол хазірет Мәриямның пәктігін қорғау үшін Алланың бұйрығымен сөйлеген кезде өзін таныстыру үшін: «Рас, мен Алланың құлымын. Маған кітап беріп, пайғамбар қылды»,- деді. («Мәриям» сүресі, 30-шы аят). Бұл аятта хазірет біріншіден, өзінің құлшылығын мойындап, содан соң өзін қасиетті кітаптың иесі және пайғамбар ретінде таныстырады. Құран Кәрім осыған орай Алла елшісінің ерекшелігін таныстырғысы келген кезде хазіреттің құлшылығының жоғары деңгейіне тоқталып: «Сонда Алла, құлына уахи ететін нәрселерін көкейіне салды»,- дейді. («Нәжм» сүресі, 10-шы аят). Сонымен бірге Алла Тағала Құранның Алла елшісінің жүрегіне жіберілгені туралы айтқысы келген кезде де оның құлшылық етуіне тоқталып: «Барлық мақтау құлына (Мұхаммед с.ғ.с.-ға) Құранды түсірген Аллаға тән. Онда ешбір қыңырлық қылмады»,- деп айтады. («Кәһф» сүресі, 1-ші аят). Пайғамбарлар ғибадат жасап, Жаратушыға құлшылық ету жолында алда болған жағдайда олардың барлығы Алла тарапынан өз қоғамдарында илаһи ғибадаттың мәдениетін қалыптастырып, халықты шексіз құдыретке құлшылық етуге шақырады. Құранның «Наһл» сүресінің 36-шы аятында бұл туралы: «Расында, әр үмметке “Аллаға құлшылық қылыңдар, бұзықтардан аулақ болыңдар” дейтін елші жібердік...»,- деп айтады. Исламның ұлық пайғамбары пайғамбарлардың жолын жалғастырып, тек өзі ғана үлгі болып қалмай өзінің адал жақтастарын рухани жоғары деңгейге жетіп, тағұттық биліктен құтқарылып, әлемнің Жаратушысына құлшылық етуге шақырғанына тоқталып: «Рас, Мен Алламын. Менен басқа тәңір жоқ. Сондықтан маған құлшылық қыл»,- деді. («Таһа» сүресі, 14-ші аят). Адал және тек Бір Аллаға иман келтірген мұсылмандар ғана Аллаға жауап беру үшін күнделікті барлық намаздарында: «Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз!»- деп айтқан. («Фатиха», сүресі 5-ші аят).