Ақп 23, 2016 18:16 Asia/Almaty

Шайтан әр кезеңде сол кезеңнің өркениеті мен дамуына сай тәсілмен әрекет етеді.

 Сол себепті шайтанның әдістері әртүрлі болғанымен, мақсаты  әрқашан адамды адастыру және илаһи жолдан алыстату болады. Мұндай жағдайда  құтқарылатын жалғыз жол тақуалыққа жүгініп, пәктікті сақтау саналады. Алла Тағала Құран Кәрімнің «Ағраф» сүресінің 201-ші аятында: «Тақуаларға шайтан тарапынан бір сыбыс тисе, олар Алланы еске алады да қырағылық істейді»,- деп айтқан. Шайтан адаммен соғысып, оны билейтін құралдарға ие. Мұндай құралдардың бірі – ыза. Ол адамды ызаландырып, мақсаттарына жетіп, адамды дұрыс жолдан бұрмалай алады. Өйткені, адам ашуланған кезде кез келген теріс іске баруы мүмкін. Шайтан: «Ыза – менің аң аулауға шығатын құралым»,- дейді. Ол ашу-ыза арқылы Алланың жақсы пенделерін торына түсіріп, жәннәттән алыстатып, тозаққа тартады. Исламның ұлық пайғамбары жиналған бір топ   пен халық «қаһармандар салмағы» деп атайтын үлкен тасты жерден көтеріп, жиналғандарды таңырқатқан күшті адамның қасынан өтті. Пайғамбар: «Бұл не үшін жиналған жамағат?»- деп сұрады. Халық хазіретке қаһарман туралы айтып бергенде хазірет: «Бұл адамнан күштірек адамның кім екенін айтайын ба? Балағат естіген кезде төзімділік танытып, нәпсісі мен ашуын басып, шайтанның дұшпандығын жеңетін адам одан күшті»,- деді. Имам Әли (ғ.с.) де бұл туралы: «Ең батыл адамдар өздерінің нәпсілерін жеңетін адамдар»,- деген болатын. («Сафинат әл-Бихар», 2-ші том). Осыған орай Алланың елшісі: «Ыза – шайтаннан, шайтанның болмысы оттан. От судың арқасында өшеді. Сондықтан ызаланған адам ызаның отын өшіру үшін вузу алуы керек»,- деп айтқан. Исламның ұлық пайғамбарының келесі бір хадисінде хазірет: «Шайтан сендерден Шығыс пен Батыстың арасындағы қашықтыққа тең қашықтыққа алыстайтын іс туралы сендерге айтайын ба?»- сұрап, келіскен жауапты естігенде: «Ораза шайтанның бетін қаралайды, садақа белін сындырады. Алланың жолындағы достық пен жақсы іске көмектесу оны арқасынан басса, кешірім сұрау қатты қорқытады»,- деді. («Сафинат әл-Бихар», 2-ші том) Адамның кейбір жақсы ғамалдары шайтан үшін күтпеген жәйт болып, оны айқайлатып, алаңдатып, оны  азапқа батырады.

Күндердің бірінде шайтан әл-Харам мешітінің бір бұрышында тұрған кезде Алла елшісі Қағбаны айналып, тәуәп етіп жүреді. Тәуәпті орындап болған хазірет  өңі қашып, әлсіреген  шайтанды көріп: «Әй, малғұн! Саған не болды? Неліктен өңің қашып кеткен?»- деп сұрайды. Сонда шайтан: «Сенің үмбетіңнің кесірінен»,- деп жауап береді.

-       Менің үмбетім саған не істеді?

-       Уа, Алланың елшісі! Бұл үмбеттің мен қанша әрекеттенсем де оны жоя алмайтын бірнеше жақсы қасиеті бар..

-       Сені ренжіткен қандай қасиеттер?

-       Біріншіден, олар бір-бірін көрген кезде бір-бірімен амандасады. Сәлем – Алланың есімдерінің бірі. Яғни, сәлем берген сайын Алла Тағала оларды әр бәледен алыстатып, сәлемге жауап берген әр адамға Жаратушы рақым сыйлайды. Екіншіден, олар бір-бірімен кездескен кезде бір-бірімен қол алысады. Мұның көптеген сауабы бар. Алла Тағала екеуіне де рақымын жібереді.  Үшіншіден, барлық жұмыстарын Алланың атымен бастап, тамақ ішкен кезде «Бисмилләхир рахманир рахим» дейді. Сөйтіп, олар мені ол тамақты жеуден және олардың жұмыстарына қатысудан алыстатады. Төртіншіден, бір жұмыстың орындалуы туралы айтқан кезде  «Инша Алла» деп, Алланың қалағанына  риза болады. Сөйтіп, мен олардың ісіне араласа алмаймын. Бесіншіден, таң атқаннан кешке дейін оларды күнә жасауға итермелеймін. Олар түн сайын сайын тәубе етіп, Жаратушы оларды кешіреді. Яғни, менің әрекеттерім зая кетеді. Алтыншыдан, бәрінен маңыздысы, сенің атыңды естіген кезде дауыстап, саған сәлем мен салауат айтады. Пайғамбарды құрметтеудің олардың құлшылық етуіне  және Аллаға жақындауларына қаншалықты әсер ететінін мен білемін. Мен оларға берілетін мұндай сауап пен сыйға  төзе алмаймын. Соңғысы, олар сенің әулетіңді көрген кезде оларға мейірімділік білдіреді. Бұл ең жақсы ғамал. Алла Тағала «Шура» сүресінің 23-ші аятында сенің ресалатына иман келтіргендердің сыйы туралы ескерткен болатын.

Шайтан сөзін аяқтаған соң Алланың елшісі сахабаларына бұрылып: «Бұл қасиеттердің біріне ие болған әр адам жәннәтқа барады»,- деді. (Кашкул Аббасидің кітабынан алынған).