Ақп 23, 2016 18:22 Asia/Almaty

Адамның қиындықтарының бірі ұмытшақтық пен бейқамдық саналады.

 Бейқамдық барлығынан шығындылау. Өйткені бейқам адам Алланың оған басқа жаратылыстардан артық еткен құндылықтар, дарын мен бедел сынды нығметтерді сый еткенін ұмытады. Сөйтіп кейде жыртқыш айуанның сипаттарына ие болып, төмендеп, тек ұйқы, ішіп-жеу және шаһуаттан басқа еш нәрсені ойламайды. Әрине мұндай адамды шайтан билейді. Құран Кәрім бұл ақиқатты былай баяндайды: «Әлде кім Рахманды еске алудан көз жұмса, оған шайтанды ерікті қыламыз да, сонда ол, оның жолдасы болады». («Зухруф» сүресі, 36-шы аят). Яғни бейқамдық адамның Алладан алыстауына  себепті болып, адамның ең үлкен жауы шайтанның оны билейуіне жол ашады. Имам Садық (ғ.с.): «Бейқамдық шайтанның панажайы» және басқа бір сөзінде: «Шайтан дұшпан болғанда, бейқамдық неге дұшпан болмасқа?»- деп айтқан болатын. («Биһар әл-Анвар»,78-ші том). Бейқамдық дүние мен ақыреттегі өлім. Бейқамдық адамды  оның мүмкіндіктері мен мүдделерінен хабарсыз етіп, дарындарын жойады. Бейқамдық  мүмкіндіктер мен мұрсаттардан айырады. Имам Әли (ғ.с.): «Өмірі оның өзіне қарсы куә етіп, күндері бақытсыздыққа қарай тартатын бейқамның обалы өзіне»,- деп айтқан. («Наһдж ул-Балағе», 64-ші құтпа). Исламның ұлық пайғамбарының «Миғрадж» хадисінде де Алланың оған: «Әй, Ахмад! Ойларыңды бір етіп, тіліңді бір етіп, денеңді  оятып, Менен бейқам қалма. Өйткені Менен бейқам қалған әр адамның қай жағдайда өлгені Мен үшін маңызды емес»,- деп айтқан. («Биһар әл-Анвар», 77-ші том). Бейқамдық тасжүректікке себепті болады. Тасжүректік жүрекке әсер етіп,  жүрекке ешбір ақыл-кеңесті тыңдатпайды. Мұндай адамның алдында тәубе ететін жол жабылып, оның бақытқа жетуіне ешбір үміті қалмайды. Имам Әли (ғ.с.): «Бейқамдыққа шырмалған адамның жүрегі өледі» және басқа бір хадисінде: «Сендер мен ақыл-кеңестердің арасында бейқамдық пен тәкаппарлық кедергі болады», сондай-ақ келесі бір сөзінде: «Бейқамдық пен хабарсыздық адамның қырағылығын зағиб етеді»,- деп айтқан болатын. Бейқамдық адамның бұзақы әрекеттеріне себепті болады. Бейқам әрі хабарсыз адамдар адал ғамалдарды аз орындайды. Өйткені бейқамдық оларға тек Алла үшін ғамал етіп, барлық шараларды шын жүрегімен орындауға рұқсат бермейді. Сол себепті имам Әли (ғ.с.): «Уақыт пен мұрсатарды бейқамдық пен тәкаппарлықтан алыстауға пайдалаң. Өйткені бейқамдық адамның ғамалдарын бұзақы етеді»,- деген. Бейқамдық - күнәға, ал күнә – жақсы ғамалдардың жойылуына себепті болады. Наһдж ул-Балағенің» 208-ші хикметінде имам Әли (ғ.с.): «Бейқамдық адамның алдануы мен өлімнің жақындауына себепті болады»,- деп оқимыз. Алладан бейқам қалудын нәтижелерінің бірі – дүниеқұмарлық. Жаратушы мен әлемдегі Оның белгілеріне бейқамдық танытатын адам дүниені маңызды деп санайды. Олар киямет күні, есеп-қисап пен қасиетті кітапқа сенім артпай, дүниелік істерге шырмалады. Мұндай адамдардың барлық талпыныстары дүниеден пайдалануды мақсат етеді. Сол себепті зұлымдық  пен басқалардың құқыларын бұзу олар үшін әдетті нәрсе. Құран Кәрім бейқамдықты дүниеқұмарлықтың себебі деп тауып: «Расында сондай бізге жолығуларын үміт етпегендер және дүние тіршілігіне мәз болып сонымен көңілдері жай тапқандар, міне солар, аяттарымыздан хабарсыз»,- дейді. («Юнус» сүресі, 7-ші аят). Имам Бақер (ғ.с.) Исламның ұлық пайғамбарының саһабаларның бірі Джаберге жолдап: «Джабер! Иманды адамның бұл өмірдің жылтырақтарына қызығып, сүйенуі дұрыс емес.  Дүниеқұмарлар бейқам адамдар екенін ұмытпа",- деген. Имам Хасан (ғ.с.) да бұл туралы: «Мүмін адам бейқамдыққа ұшырамаса пайдасыз ғамалдарды орындамайды»,- деген. Ұзақ мерзімді армандар мен қалаулар бейқамдықтың келсі бір нәтижесі. Өйткені ұзақ мерзімді армандар адамның барлық ойларын шырмап, оны басқа жұмыстарынан бейқам етеді. Имам Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Біліңдер, арман жүректі ұмытшақтыққа тірейді, уәделерді өтірік деп көрсетеді және бейқамдықты көбейтеді»,- деп ескерткен. Хазірет бейқамдықты бақытсыздықтың себептерінің бірі деп тауып: «Мүлік, құдырет, билікке масаттанудан алыста, бейқам ұйқыдан ояң және асығыс ғамал етпе»,- деген.