Ақп 23, 2016 18:56 Asia/Almaty

Жүректің ахлаққа жатпайтын талап-тілектері бақытқа жететін жолды жабатын ең үлкен кедергі және бақытсыздықтың ең маңызды факторы саналады.

Нәпсі мен оған бағынужүректі қаралап, оған пәк рухани нұрды қабылдауға рұқсат етпейтін қалың түтін сынды. Имам Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Еш уақытта дін мен ақыл нәпсіқұмарлықпен бірікпейді»,- деген болатын. Нәпсіқұмарлықтың әрбір ісі мен әрбір ниеті Алланың жігері мен қалауына қарсы келеді. Нәпсіге бағыну адамның бақыт жолына түсудегі ең үлкен кедергі саналады. Шаһуат пен нәпсілік тілектерге көзді жұмып бағыну адамзаттың бақытының ең маңызды дұшпаны. Алла Тағала Құран Кәрімде өзінің жақтастарына бұл мәселеге қатысты ескерту жасап, «Сад» сүресінің 26-шы аятында хазірет Дәуітке: «Әй, Дәуіт! Сені жер жүзінде меңгеруші қылдық. Сондықтан адамдардың арасына ақиқатпен үкім ет, ойға ерме. Онда сені Алланың жолынан адастырады. Шәксіз, Алланың жолынан адасқандар есеп күнін ұмытатындықтан оларға қатты азап бар»,- деп айттық дейді. Сонымен бірге «Жасия» сүресінің 23-ші аятында нәпсілік тілектерді қатерлі пұт деп атап: «(Мұхаммад с.ғ.с.) көңілі тартқанын тәңір жасап алған, сондай-ақ Алла, өзін біліп адастырған және құлағын, жүрегін бітеп, көзіне қалтқы жасаған біреулерді көрдің ме? Енді Алладан кейін оны тура жолға кім салады? Түсінбейсіңдер ме?» - деді. Шын мәнінде нәпсі адамның көзін соқыр, құлағын саңырау етіп, оны ақылы мен ойынан айырып, өмірдің ең қарапайым мәселелерін түсінуден мақұрым етеді. Имам Әли (ғ.с.): «Өзінің нәпсісі мен тәкаппарлығына бағынатын адам қандай бақытсыз»,- деп айтқан болатын. («Наһдж ул-Балағе» 86-шы құтпа). Исламның ұлық пайғамбары нәпсіқұмарлықты ең жаман пұт деп атап: «Аспанның астында Алла үшін көптеген жақтастары бар нәпсіқұмарлықтың пұтынан үлкен пұт жоқ»,- деген болатын. Исламдық рауаяттарда нәпсіқұмарлық пен шаһуатқа бағынудың салдарлары туралы дене түршіктірерлік түсініктемелер кездеседі. Имам Әли (ғ.с.): «Нәпсіқұмарлық – ақылдың жауы»,- деген болатын.  Нәпсіқұмарлық ақылдың орнын басып, адам нәпсісіне бағынатын болса, оны бақытсыздық, қатыгездікжәне бұзақылықтан басқа ешнәрсе күтпейді. Сол себепті Исламның ұлық пағйамбарының имам Әли (ғ.с.)-ға: «Сендердің бақытты болуларыңа кедергі болатын ең қатерлі мәселе – нәпсіқұмарлық пен ұзақ мерзімді армандарың. Өйткені нәпсілеріңе бағынуларың сендерді ақиқаттан алыстатады, ал ұзақ мерзімді армандарың ақыретті ұмыттырады»,- деп айтқаны таңғалдыратын жәйт емес. («Сафинат әл-Бихар», 2-ші том). Барлық күнәлар нәпсіге бағынудың салдары. Сол себепті оған бағынбайтын адам тақуа адам болып саналады. Исламның ұлық пайғамбары нәпсіге бағынбауды өз үмбетінің батылдығының белгісі деп атап: «Ең батыл адамдар өзінің нәпсілік тілектеріне бағынбайтындар»,- деген болатын («Наһдж ул-Фасахе»). Адам нәпсілік тілектеріне қаншалықты бағынса, ақылы мен жігерінен соншалықты алыстайды. Нәпсіқұмарлығы жоғары адамның жігері әлсіреп, ол өз еркі мен адами қасиеттерінен айрылады. Имам Садық (ғ.с.) бұл туралы: «Нәпсіні өз еркімен жіберме, өйткені өлімге тірейді. Сондай-ақ, нәпсіні өз еркіне жіберу ауруларға себеп болады. Нәпсіні бақылауға алу науқастың емі саналады»,- деп айтқан. («Нур әл-Сақалайын» тәпсірі, 5-ші том). Құран аяттары Исламның нәпсіқұмарлыққа қарсы қуаттауларының тереңдігін анықтайды. «Назиғат» сүресінің 40-шы аятында Алладан қорқу және нәпсімен күресу жәннәттің кілті аталып: «Ал енді кім Раббының алдына тұрудан қорқып, нәпсісі соққан нәрседен тежеген болса»,- деп қуатталған. Негізінде нәпсіқұмарлық Аллаға иман келтірумен бірге болмайды. Өйткені адамның бүлікшіл нәпсісінің қалауының шегі мен шекарасы жоқ. Алайда, егер  адам  Алланы өзінің нәпсілік тілектерінен жоғары санаса, адам мұқтаждығын сезбесін деп, Жаратушы оған абырой сыйлайды. Қасиетті хадистердің бірінде Алла Тағала: «Ғиззат пен ұлылықпен ант етемін! Нұр   мен жоғары дәрежеммен ант етемін! Егер оның жүрегінде мұқтажсыздығын қалыптастырсам, күнделікті қажеттілігін қамтамасыз ету жолын жеңілдетсем және оның ырзығын аспандар мен жерден қамтамасыз етсем, сондай-ақ, дүниенің нығметтері қарапайым түрде оның қолына жететін болса, әр пенде Менің қалауымды өзінің нәпсісінен жоғары санайды»,- деген. Хадистің жалғасында: «Ғиззат пен ұлылықпен ант етемін! Нұр   мен жоғары дәрежеммен ант етемін! Егер оның үмітін үзсем, яғни таң атқаннан түн батқанға дейін дүниенің ісінің ізіне түсіп, үміт артқан әр ісін нәтижесіз қалдырсам, сонымен бірге тек ол үшін анықтаған мөлшерде ырзығын берсем пенде өз тілегін Менің қалауларымнан жоғары қояды. («Бихар әл-Анвар», 68-ші том). Бұл Жаратушының сөзі. Енді нәпсісін немесе Жаратушысын таңдауды адамның өзі шешеді.