Қыр 11, 2016 16:52 Asia/Almaty
  •  Ұлы тұлғаның алдында 39

Имам Хусейн (ғ.с.) – зұлымдық пен кемсітушілік көрген адамдарға азаттыққа қарай шығаратын жолды көрсететін жарқыраған шырақ.  Имам Хусейн (ғ.с.) оларды адамгершілік пен кемел адам болуға шақырды. Ол адамзаттан залымдар мен үстемшілердің алдында бас имеуді талап етті. Имам Хусейн (ғ.с.) адал азамат ретінде зұлымдық пен бұрмаланушылыққа қарсы көтеріліп, ықылас және Алланың ризалығына ие болу ғамалымен өзінің іс-әрекеттерін мәңгілік ете алатынын көрсетті.

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи имам Хусейн (ғ.с.)-ның Ислам дінінің негіздерін қорғау жолы мен тәсіліне тоқталып: «Исламның ұлық пайғамбарының немересі атасы мен әкесінің және олардың адал жақтастарының мұрасы, яғни Исламның құнды қорын қорғайтын барлық жолдарды,  соның ішінде ақыл-кеңестер мен үгіт-насихаттарды, қоғамды ояту мен ұждандарды толқытуды өмір бойы қолданды. Соңында жанын да аямай, сол жолда шәһид болуды таңдап, үлкен бұрмаланушылыққа қарсы шығып, Исламды сақтап қалды. Оның дәл осы қозғалысы Исламды қорғап қалды»,- деді. Имам Хусейн (ғ.с.) – зұлымдық пен кемсітушілік көрген адамдарға азаттыққа қарай шығаратын жолды көрсететін жарқыраған шырақ.  Имам Хусейн (ғ.с.) оларды адамгершілік пен кемел адам болуға шақырды. Ол адамзаттан залымдар мен үстемшілердің алдында бас имеуді талап етті. Имам Хусейн (ғ.с.) адал азамат ретінде зұлымдық пен бұрмаланушылыққа қарсы көтеріліп, ықылас және Алланың ризалығына ие болу ғамалымен өзінің іс-әрекеттерін мәңгілік ете алатынын көрсетті. Таза әрі құнды гауһар тастарды ажырату қарапайым адамдардың ісі емес. Сондықтан біз қарапайым адамдар еш уақытта Алланың елшісі мен хазіреттің пәк әулетінің соның ішінде имам Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ның ұлылығын түсіне алмаймыз деп айтуға болады. Ол Алла елшісінің немересі, мұсылмандардың басшысы, имам Әли бен Әбиталеп (ғ.с.) пен  хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның перзенті. Сол себепті де ол ерекше, теңдессіз тұлғалардың бірі. Ислам революциясының жетекшісі аятола Хаменеи бұл туралы: «Имам Хусейн (ғ.с.) өзінің тәрбиесімен рухани кеңістікке айналды»,- деді. Имам Хусейн бен Әли  атасы Исламның ұлық пайғамбары дүниеден озған кезде шамамен тоғыз жастағы жасөсіпірім, ал әкесі имам Әли (ғ.с.) шәһид боған уақытта шамамен 38 жаста еді. Ислам революциясының жетекшісі: «Имам Хусейн (ғ.с.) Алла елшісінің көзі тіріде және сынақ пен талпыныстың, еңбектің кезеңі болған имам Әли (ғ.с.)-ның кезінде жақсы тәрбие алып, жарқыраған жұлдызға айналды»,- деді.  Аятолла Хаменеи имам  Хусейн (ғ.с.) Алла елшісінің қасында болып, хазірет әулетінің діни тәрбиесімен ғана қанағаттанбады. Ол өзін тәрбиелеп, талпыныс жасаудан шаршамағанына назар аудартады. Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы: «Егер бір адамның жігері біздің жігеріміздей болса, «Осы мөлшер жеткілікті. Осы жақсы, осымен Алламен кездесеміз» дейтін еді. Бірақ мұндай жігер имам Хусейннің жігері емес.  Имам Хусейн (ғ.с.) ағасы имам Хасан (ғ.с.)-ның кезінде бауырының қасында  міндетін орындауымен бірге сол кездегі имамға толық бағынды.  Ол өмірінің әр сәтін бағалап, бауырының шәһид болуын бастан өткерді. Ағасы имам Хасан (ғ.с.)-ның шәһид болуынан кейін имам Хусейн (ғ.с.)  он жыл өмір сүрді. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның Ашура оқиғасына дейінгі он жылдағы іс-әрекеттеріне назар аударыңыздар»,- деді. Аятолла Хаменеи имам Хусейн (ғ.с.)-ның он жыл имаматы кезіндегі ғамалдарын бірнеше тұрғыдан қарастырып: «Имам Хусейн (ғ.с.)-ның пайғамбардың кесенесіндегі ғибадаты мен қарапайымдылығы, тавассолы мен итикафы және рухани  ерекшелігі мәселенің бір жағы болды. Имамның білім мен ғылымды тарату талпынысы және бұрмаланумен күресуі келесі жағы еді. Сол кезде  негіздерін бұрмалау ислам  үшін ең үлкен қиындық болды. Бұзақылықтан туындаған  бұл мәселе  исламдық қоғамның ой-пікірлеріне қарай ағылды. Бұл кезеңде исламдық елдер мен қалаларға және мұсылман халықтарға  исламның ең үлкен тұлғасын лағынет ету насихатталды. Егер кімде-кім имам Әли (ғ.с.)-ның имаматы мен велаятының жақтасы болып айыпталса, қудаланатын. Мұндай кезеңде имам Хусейн (ғ.с.) тау сынды қарсы тұрып, бұрмалаудың жолын жапты. Он жыл имаматы кезінде имам Хусейн (ғ.с.) мұсылмандарды жақсылыққа жігерлендіру және жамандықтан жирендірумен айналысты. Бұл мәселе тарих кітаптарындағы хазіреттің Муавиеге жазған хатынан анық көрінеді»,- деді. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның Язидке қарсы  революцияшыл қозғалысы мен бұзақы  халифаға  бият етпеуі Құран аяттары мен  исламның ұлық пайғамбарының сөздерінен жігерленген. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның өмірінің барлық тұрғыларынан, яғни хазіреттің ақыл-кеңестері мен уағыздарынан бастап, қантөгіспен аяқталған ерлігінен де Құран мен Алла елшісінің насихаттарына деген сүйспеншілігі байқалады. Аятолла Хаменеи  имам Хусейн (ғ.с.) туралы: «Көріңдер, адам  өзінің нәпсісімен күресіп, үлкен  қозғалыс жасайды. Сонымен бірге мәдени, бұрмаланумен күресу, илаһи ахкамды тарату және шәкірттер мен үлкен тұлғаларды  тәрбиелеу саласында, сондай-ақ, саяси сала мен  жақсылыққа жігерлендіру және жамандықтан жирендіру  саласында да белсенділік танытады.  Имам Хусейн (ғ.с.) өз кезіндегі қатерлі  бұрмалаушылықтарға қарсы тұрды. Бұл бір сабақ»,- деп қуаттады. Аятолла Хаменеидің пікірінше,  Язидтің үкіметі Алланың пенделері мен қарапайым адамдарға  зұлымдық, тәкаппарлық пен менмендік көрсетілген және адамгершілік пен адамдардың құқықтарына мән берілмеген үкімет болды. Діни жетекші Бани Умайе үкіметі туралы: «Бұл үкімет исламдық үкіметті  исламға дейінгі дүниежүзінің  әртүрлі кезеңдерінде орнатылған  дінсіз үкіметке айналдырды. Исламдық жүйенің ең анық ерекшелігі үкімет болған жағдайда ол имаматты салтанатқа айналдырған үкімет болды. Имамат, яғни дін мен дүниенің керуенінің көшбасшысы. Барлық адамдар  бір жолда қадам басатын керуенде  бір адам  басқаларға жол көрсетеді, егер біреу адасса, оның қолын ұстап, дұрыс жолға нұсқап, баршаға рухани және материалдық  көмек көрсетеді. Исламдық әдебиетте мұндай адам  имам деп аталып, ол тағұттық билікке қарсы тұрады. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның кезеңінде исламдық имаматты Алланың пенделерінің арасында күнә, зұлымдық және дұшпандыққа айналдырған болатын, бірақ имам Хусейн (ғ.с.) мұндай жағдайға қарсы тұрып, күресті»,- деді. Діни жетекшінің пікірінше, имам Хусейн (ғ.с.) өзінің  бірінші мақсатын исламдық елдердің арасындағы  бұзақылықтың тамырын жою санап: «Бұзақылықтың әртүрлі түрі болады. Ұрлық, қиянат, тәуелді болу, зорлық-зомбылық жасау бұзақылық саналады. Ахлақи бұрмаланулар, қаржы саласындағы бұрмаланулар, жақындардың арасындағы  дұшпандықтар, діннің дұшпандарын қолдау мен дінге қарсы нәрселерге  сүйспеншілік көрсету – бұзақылық. Барлық  нәрсе  діннің көлеңкесінде пайда болады»,- деді.  Имам өз көтерілісінде зұлымдық көрген адамдардың қауіпсіздігін де қарастырады. Діни жетекші: «Жәбір көрген адамдар аяқ-қолдары жоқ, баратын жолы жоқ адамдар.  Сондықтан имамның мақсаты  қоғамның мұқтаж және әлсіз адамдарын қауіпсіздікпен, яғни олардың  өмірлері мен қаржы жағдайы және құқықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазіргі дүниеде бұл қауіпсіздік қамтамасыз етілмейді. Имам Хусейн (ғ.с.) өз заманындағы  дінсіздердің  билігінен туындайтын мәселелерге қарсы  тұрды. Бүгінде  әлем деңгейінде шолу жасайтын болсақ, ұқсас жағдайды көреміз. Діннің туларын таптап, Алланың жәбір көрген пенделерін одан сайын азаптап, залымдар  езілген халықтардың қанына қолдарын одан сайын малуда»,- деді. Имам Хусейн (ғ.с.) Язидке қарсы жиһадты таңдап: «Расында Исламның ұлық пайғамбарының өзінің өмірі кезінде «Алланың тыйым салған (харам еткен) нәрсесін адал (халал еткен) және Аллаға берген уәдесін бұзып, Алла елшісінің сүннетіне қарсы шығып,  халықтың арасында күнә жасайтын залым басшыны көріп, бірақ өз сөзі мен іс-әрекеттерін өзгертпесе, Жаратушының  мұндай адамды залым басшыны енгізетін мекенге енгізетін құқығы бар»,- деп ескерткенін айтқан. Ислам революциясының жетекшісі имам Хусейн (ғ.с.) өзінің хабарымен жақтастарына  шындық жолында  табанды болудың үлкен міндет екенін түсіндіре алды деп санайды. Нәтиже  қандай болса да, маңызды емес. Егер тағдыр жеңіс болса, бек жақсы. Егер  шәһадат болса,  одан бетер жақсы.  Иә, имам Хусейн (ғ.с.) осындай әрекет жасады.