Қыр 11, 2016 17:09 Asia/Almaty
  •  Ұлы тұлғаның алдында 40

Ислам революциясының жетекшісі имам Саджад (ғ.с.) туралы: «Төртінші имамның өмірінің бірнеше тұсы бар: олардың бірі – ахлақтың тамыры, яғни исламдық қоғамды ахлақтық тұрғыдан тәрбиелеу»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі имам Саджад (ғ.с.) туралы: «Төртінші имамның өмірінің бірнеше тұсы бар: олардың бірі – ахлақтың тамыры, яғни исламдық қоғамды ахлақтық тұрғыдан тәрбиелеу»,- деді. Имам Саджад (ғ.с.) исламдық қоғамды ахлақтық тұрғыдан өзгеруге жігерлендірді. Имамның сараптамасы бойынша Кербала апатына соқтырған исламдық қоғамның   негізгі мәселелері халықтың ахлақтық бұзақылықтарынан  туындаған. Кербала апаты мен имам Хусейн (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін оның перзенті имам Саджад (ғ.с.) мұсылмандар қоғамының билігін өз мойнына алды. Мұсылмандар қоғамы бейқамдыққа батып, жеңіл және тыныш өмірге қарай бет бұрып, діннің іші босап, тек сыртқы көрінісі ғана қалып, Бани Умайе қысымдарды күшейткен жағдайда имам Саджад (ғ.с.) мұсылмандардың қоғамын құтқарып, оларды бақытқа жететін жолға нұсқауға міндеттелді. Имам Саджад (ғ.с.) Бани Умайенің бақылауында болып, халықты ашық түрде дұрыс жолға нұсқай алмағандықтан өз жолдауын жеткізу үшін мүнәжәт пен дұға тілін  пайдаланды. Имам бұл әдісімен  халықты насихаттауымен бірге оларға исламдық негіздерді жеткізді. Нәтижесінде хазірет  орынды кеңістікте өз мақсаттарын іске асырды. Имам Саджад (ғ.с.) Ашура оқиғасынан кейін оқиғаны әшкере ету мақсатындағы сөздерімен Ашура жолдауының сырын Кербаланың шөл даласында көміп тастауға рұқсат етпеді. Хазірет тұтқындар керуенінің Кербаладан Шамға дейінгі жолында  әрбір мұрсатты халықты Ашура оқиғасымен таныстыру үшін пайдаланды. Шам қаласындағы Язидтің жиынында Алла елшісі әулетінің мәңгілік шындығына көзжұмбайлық білдіргендерді пәк әулетпен көркем таныстырып, Бани Умайенің исламның ұлық пайғамбарының әулетіне көрсеткен зұлымдығы мен зорлық-зомбылығын  әшкерелеп, хабарсыздарды ақылды сөздерімен оятты. Содан соң имам Саджад (ғ.с.) өзінің ахлақтық және ғашық мүнәжәттарымен  халықты дұрыс жолға нұсқау ісіне кірісті. Құран мен рухани құндылықтардан алыстаған кезеңдегі имам Саджад (ғ.с.)-ның ғашық мүнәжәттары құрғақшылық орнаған қоғамға жан бітірген көктемнің бұлты сынды болды. Сөздері ғашық жүректерге себілген тұқымдар болып, халықтың қараңғыға батқан жүректері мен ұждандарын оятты. Сөйтіп имам Әли бен Хусейн (ғ.с.) дұға тілімен ахлақты тәрбелейтін ең жақсы жолды таңдап, дұрыс жолға нұсқайтын нұрға Омейадтардың қастықтары мен айлаларында жоғалуға мүмкіндік бермеді. Имам Саджад (ғ.с.)-ның ғибадаттары туралы көп айтылған. Аятолла Хаменеи имам Садық (ғ.с.)-ның сөздеріне сүйеніп, имам Саджад (ғ.с.)-ның шынайы ғибадаттары туралы: «Мен бүгін «Аршад мофид» кітабында жазылған рауаяттардың бірін оқып беремін. Бұл рауаятты шейх Муфид айтып берген: «Біз имам Садық (ғ.с.)-ның қасында болған кезде имам Әли (ғ.с.) туралы сөз болды. Имам Садық (ғ.с.) имам Әли (ғ.с.)-ды мадақтап: «Имам Әли (ғ.с.) – Исламның биіктігі, мұсылмандардың үлгісі. Пайғамбар әулеті арасында ғамалдары мен ғибадаттары тұрғысынан имам Әли бен Хусейн (ғ.с.) сынды имам Әли (ғ.с.)-ға ұқсас адам болмады»,- деді.   Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында имам Саджад (ғ.с.) ғибадаттарының имам Әли (ғ.с.)-ға ұқсас болуын қайталап, имам Садық (ғ.с.)-ның рауаятына тоқталды. Имам Садық (ғ.с.)-ның рауаятын аятолла Хаменеидің аузынан тыңдайық: «Күндердің бірінде  әкем имам Бақер (ғ.с.) әкесі имам Саджад (ғ.с.)-ға барып, хазіреттің бөлмесіне кіріп, айналасына қарап, әкесінің ғибадат жасап жатқанын көреді. Жүсі өзгеріп, ұйықтамағаннан өңінің сарғыш тартып,  көзінің жылаудан шаршағанын байқайды. Жаны ашып: «Әкемнің бөлмесіне кіргенімде, әкемнің қатты жылғанын байқадым» деді. Имам Саджад (ғ.с.) ойланып отыр еді. Ол ұлы имам Бақер (ғ.с.)-ның  не үшін жылап отырғанын біліп, оған іс жүзінде сабақ бергісі келді. Ол басын көтеріп: «Балам, қағаздарымыздың арасынан имам Әли бен Абиталебтің ғибадаттары туралы баяндалған  дәптерді әкел»,- деді. Негізінде имам Әли (ғ.с.)-ның кезіндегі жазбалар мен имамның сот салаларындағы, хазіреттің өмірі, хадистері кітаптары  сақталған болатын. Имам Бақер (ғ.с.): «Мен барып, дәптерді әкеме әкеліп бердім. Әкем жазбаларға біраз қарап, оларды құрметпен жерге қойып: «Имам Әли (ғ.с.) сынды ғибадат ететін адам бар ма?»- деді. Тіпті имам Бақер (ғ.с.) жаны ашитындай ғибадат ететін имам Саджад (ғ.с.): «Кім Әли сынды ғибадат ете алады?»- деді.   Көп ғибадат жасап, ұзақ уақыт сәжде жасауына қатысты имам Саджад (ғ.с.)-ға «Зейн әл-Абедеин» мен «Сейд әд-Саджадин» деген лақап аттар берілді. Имам Саджад (ғ.с.)-ның дұғалары «Сахифе Саджадие» деп аталған кітапта жинақталды. «Сахифе» – адасқандарға жол көрсететін шырақ сынды баршаның құлағына жеткен имам Саджад (ғ.с.)-ның ғашық дұғаларының жинағы.  Аятолла Хаменеи имам Саджад (ғ.с.) туралы маңызды мәселеге тоқталып, «Сахифе Саджадиенің» дұғаларына назар аударып: «Имам Саджад (ғ.с.) өз болмысын терең зерттеп, өзін кемел адамға жеткізіп, кемелдік аспанынан кезең-кезеңмен өтеді. Адам өз осалдықтарына көз жұма қарап, өзін кемел санап, тәкаппарлық танытатын адамдарға керісінше өзінің кем-кетіктерін қайтадан қарастырса,  өзінің сұлулықтары мен рухани байлығын көрсете алады. Кейбір адамдар болмысындағы ең аз жақсылықты қанағат етеді. Мұндай адам кемел бола алмайды. Имам Саджад (ғ.с.)-ның нұр, рухани байлық пен кемелдіктің ортасы бола тұра «Сахифе Саджадие» дұғаларында әленің Жаартушысының алдында қандай қарапайымдылық білдіретіндігіне көңіл аударыңыздар. Ол жай қарапайым адамның емес, Сейд әл-Саджадин атты адамның түнгі намаздан кейін: «Уа, Алла! Менің өзімнің нәпсім,  өзімнің әлсіздігім мен өзімнің кемшіліктерім үшін өзіңнен ұяламын. Өз нәпсіме ашуланып, бір өзіңе ризамын»,- дейді.