Қыр 11, 2016 17:48 Asia/Almaty
  •  Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 20

АҚШ қоғамы өткен екі ғасырда нәсілшіл көзқарастарға сүйеніп, қалыптасты. «Ақ үй» деген терминнің таңдалуы АҚШ-тың саяси қоғамының іргетасын қалаушылардың нәсілшіл ой-пікірлерін көрсетеді. Өткен екі ғасырда АҚШ-ның ақ нәсілділерінің 10 миллионнан астам қызыл нәсілділерді қыруы бұл елдің өзін артық санау ұстанымына ие екендігін көрсетеді. Бұл мәселе күннен күнге анығырақ байқалуда.

Луизианадағы Батон-Руж қаласында АҚШ полициясының оқ атуы ағымында бұл елдің қара нәсілді бір азаматы қаза болды. Көп ұзамай  Батон-Ружден 1700 шақырым жерде Миннесотадағы атыста да полицияның оғынан тағы бір қара нәсілді өлді. Полиция оны көлігінің артқы шамы дұрыс жанбағаны  үшін тоқтатқан болатын. Бұл оқиғалар  полицияның әлімжеттіктеріне қарсы наразылықтардың қайтадан көтерілуіне себеп болды. 7-ші шілдеде Даллас қаласында Миннесота мен Луизиана штаттарында екі қара нәсілді ер адамның өліміне қатысты наразылық шеруі ағымында Ауғанстандағы АҚШ-тың бұрынғы әскериі Майкл Джонсон шеру өтіп жатқан мекеннің тәртібін қорғап тұрған полиция қызметкерлеріне қарсы оқ атып, полицияның бас офицерін өлтірді. АҚШ-тағы жуырдағы екі атыс оқиғасының бұл елдің ұлттық және діни азшылықтарына қатысты болуына байланысты АҚШ-тың нәсілшілдік мәселесімен бетпе-бет келіп отырғанын байқауға болады. АҚШ полициясындағы  қара нәсілділерге қарсы қылмыс заңдарындағы қалыптасқан кемсітушілік полицияға қарсы пікірталастарды арттырып отыр. АҚШ-тағы нәсілшілдік кемсітушілік мәселесі 17-ші ғасырдағы құлдық жүйе кезеңінен басталады. Сол кезден бастап бұл елдің «түрлі түсті» қоғамы әртүрлі шектеулер және тыйымдармен кезікті. 1968-ші жылы нәсілшілдік толқыны көтеріліп, «түрлі түстілерді» басып-жаншу әрекеттері артып, азаматтық қозғалыстың басшысы Мартин Лютер Кинг өзінің сөздерімен, соның ішінде ең танымал болған «Арманым бар» деген сұхбатымен ұлттық  кемсітушілікке қарсы шығып, соңында өлтірілді. АҚШ басшылары кейін Мартин Лютер Кингтің  әрекеттерін ұмытлмауы үшін қаңтар айының үшінші дүйсенбісін оның атымен атады. Бұл күн осы уақытқа дейін АҚШ-та демалыс күні. Бірақ бұл елдің «түрлі түстілері» Лютер Кингтің кемсітушілікті  тоқтату арманына жету үшін күрестерін жалғастыруда.  Жаңа зерттеулердің бірі ағымдағы жылдың бірінші алты айында АҚШ полициясының 491 адамды өлтіргенін көрсетті. Олардың 26-сы өткен жылдың осындай мерзімінде қаза болғандардың санынан артық. «Вашингтон пост» газетінде жарияланған зерттеулердің нәтижесі бойынша ағымдағы жылы міндетін атқарып жүрген кезде оқ атысы барысында өлімге ұшыраған полицияның саны да көбейді. Сонымен бірге күдіктілерге қарсы оқ атқандары үшін сотқа тартылған офицерлердің саны да артты. Осы мәлімет бойынша қара нәсілділер ақ нәсілділермен салыстырғанда  екі жарым есе көбірек оқ нысанасына алынған. Өлген адамдардың 10 пайызынан кемі қарулы болған және олардың төрттен бірі психикалық тұрғыдан науқас болған. Нақты статистика бойынша бұл әлем бойынша қара нәсілділердің өлімінің ең жоғары мөлшері болды.  АҚШ-тағы ұлттық кемсітушілік пен қара нәсілділердің өлімге ұшырау мәселесі бұл жолы БҰҰ бас хатшысының наразылығына себеп болды. Пан Ги Мун өз сөзінде АҚШ полициясының Луизиана мен Миннесота  штаттарында екі қара нәсілдінің өлімге ұшыратуына тоқталып, АҚШ үкіметінен бұл елдегі ұлттық кемсітушілік мәселесін зерттеп, ұлттық теңсіздікке заңды шара қолдануды талап етіп, бұл әлімжеттіктерді ақтауға болмайтынын қуаттады. Америкалық-африкалық екі қара нәсілді мен Фергюсон, Миссури, Нью-Йорк, Балтимор мен Чикаго полициясының қолынан көптеген адамдардың қаза болуы полицияның қара нәсілділерге қарсы әлімжеттіктерін көрсетті. Пан Ги Муннан басқа БҰҰ мамандар тобының басшысы Рикардо Сунга тегі африкалық адамдар туралы: «Тегі африкалық адамдар туралы  зерттеу жұмыстарымен айналысқан мамандар тобы африкалық-америкалық екі ер адамның полицияның қолынан өлгеніне ашу-ыза танытып, олардың әрекеттерін айыптады. Филандо Кастилдың Миннесотада және Элтон Стерлингтің Луизиана штатында полиция офицерлерінің қолынан өлімге ұшырауы көзжұмбайлық танытатын мәселе емес. Біз тәуелсіз зерттеулерді талап етеміз. Біз айыпкерлердің жазаланатындықтарына сенімді болуымыз қажет»,- деді. БҰҰ-ның осы мамандар тобы: «Полицияның америкалық-африкалық азаматтарына қарсы зорлық-зомбылықты қолдануы әдеттегі мәселеге айналды. АҚШ барлық азаматтарының тең және ұқсас құқықтарға  ие болуын ресми қабылдамайды.  АҚШ қара нәсілдерінің ашу-ызасының артып, олардың сот органдарына сенімсіздік білдіруіне қара нәсілділерді өлтірген полиция қызметкерлерінің айыпталмақ түгілі ақталғандары себеп болды. 2015-ші жылдың ақпан айында АҚШ-тың Техас штатының соты қарусыз қара нәсілді жасты өлтірген америкалық полицияны ақтады. Бұл сот 26 жастағы қара нәсілді жасты өлтірді деп айыпталған Хьюстонның полиция офицері Джонтино Кастроны кінәсіз деп жариялады. Кастро қаңтар айында дүкендердің витриналарын тамашалып жүрген тегі африкалық АҚШ азаматы Джордан Бекерді оқ атып өлтірді. Кастроны ақтаған шешім  мен бұдан бұрын АҚШ соттарының екі қара нәсілді офицерді кінәсіз деп санауы АҚШ халқы мен адам құқығы белсенділерінің ашу-ызасын тудырды.  Қара нәсілді 18 жастағы Майкл Браунды өлтірген ақ нәсілді офицер Варан Вилсон мен бұл оқиғадан біраз уақыт бұрын Нью-Йоркте Эрик Гарнерді өлтірген Дэниэл Панталео де ақталған болатын. Барак Обама – АҚШ тарихында түрлі нәсілдіден шыққан бірінші президент. Ол президенттік сайлау алдындағы сөзінде сан рет Лютер Кингтің АҚШ-тағы  ұлттық нәсілшілдікті тоқтату әрекеттері мен мақсаттарын мадақтап, Лютер Кингтің суреттерін өзінің үгіт-насихаттық плакаттарында қолданды. Обама президенттік сайлауда жеңіске жеткен жағдайда АҚШ-тың түрлі қоғамындағы адам құқығын жақсартуға уәде берді. Бірақ сегіз жылдық президенттік кезеңінде орын алған оқиғалар оның іс жүзінде бұл елдегі ұлттық нәсілшілдікті тоқтататын жұмыс жасай алмағанын көрсетеді. Өткен жылдарда АҚШ полициясы сан рет ешбір заңсыз дәлелсіз және ешбір себепсіз бұл елдің түрлі, әсіресе қара нәсілді жасөспірімдеріне қарсы оқ атты. Сот органдары да оқ атқандарға жаза қолданбады.  АҚШ қоғамы өткен екі ғасырда нәсілшіл көзқарастар бойынша қалыптасты. «Ақ үй» деген сөз тіркесін пайдалану АҚШ-тың саяси қоғамының іргетасын қалаушылардың нәсілшіл ой-пікрілерінің шегіне жеткенін көрсетеді. АҚШ ақ нәсілділерінің өткен екі ғасырда 10 миллионнан артық қызыл нәсілдіні қыруы бұл елдің өзін басқалардан артық санайтын идеологиясын көрсетеді. АҚШ-тағы түрлі нәсілділердің жағдайына жасаған шолу бұл елдің қоғамдық жағдайын соғысқа тірейтіндей қатермен бетпе-бет келуін көрсетеді. АҚШ-тағы нәсілшілдік жағдай мен нәсілшілдіктің термині болып саналатын «Ақ үй» деген сөзтіркесі бұл елдің шындыққа сай жағдайының көрінісі. АҚШ-тың әйгілі қайраткерлерінің мақсаты ешбір қара нәсілдіге бұл ғимаратқа кіруге рұқсат етпеу болған еді. АҚШ-ның қара нәсілділерінің нәсілшілдікке қарсы шеруі мен түрлі нәсілділерді өлтіру бұл құбылысқа қарсы бірінші қадам саналады. Өйткені келешекте әлімжеттіктердің артатындығы айқын. Өткен екі ғасырда АҚШ әрдайым қара нәсілділерді өлтіруге қарсы қозғалыспен кезікті, бірақ соңғы уақыттарда наразылықтардан саяси «түс» байқалатын болды. АҚШ еш уақытта  түрлі, әсіресе қара нәсілділерге  нәсілшілдікке қарсы ұйым құруға рұқсат еткен жоқ, бірақ ғаламтор кеңістігі қара нәсілділерге АҚШ-тағы нәсілшілдікке қарсы шығуға көбірек мүмкіндік берді. 

Тегтер