Ақп 24, 2016 16:23 Asia/Almaty
  • Ислам Революциясы жетекшісінің Батыс жастарына арнаған хатын сараптау

Бүгінгі таңда үкіметтік лаңкестік лаңкестік топтарға ауқымды түрде қаржылай және рухани қолдау көрсетіп, кейбір исламдық елдердің жерінде ауқымды түрде азаматтық соғыс отын тұтатып отыр. Тіпті осы жерлердегі халықтардың әр сәті үрей және қорқынышпен өтіп, олардың жаны, малы мен ар-абыройына қатер төнуде.

 Лаңкестік бүгін батыс елдеріне де қауіп-қатер төндіріп, еуропалық азаматтар арасында үрей тудырды. Алайда өздерін халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің басты елдері санап, адам құқығын қорғау туралы уәж айтатын Батыс елдері неліктен лаңкестермен шынайы түрде күресуде немқұрайдылық танытып отыр? Неліктен осы уақытқа дейін олардың шабуылдары қабылдауға келетіндей нәтиже берген жоқ?

Халықаралық мәселелер жөніндегі кейбір мамандардың пайымдауынша, лаңкестік топтардың құрылуы және оларды қолдау батыстық елдер тарапынан орын алады. Осындай жасырын қолдаулардың дәлелдерінің бірі – лаңкестікті батыстық елдердің саяси және экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында қолдану. Аятолла Хаменеи лаңкестіктің Батыс тарапынан қолдау көруі туралы: «Бүгінде АҚШ-ның әл-Қаиданы, Талибан мен солар сияқты сұм топтарды қалыптастырып, немесе соларды күшейтіп, қаруландырудағы ролінен хабарсыз адам кемде кем» деді.

Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі кейбір сарапшылардың пікірінше, Батыстың лаңкестікпен шынайы түрде күрес жүргізуге қатысты немқұрайдылығының келесі бір дәлелі экономикалық мүдделер, кейбір диктаторлық елдерді бопсалау және Таяу Шығыс аймағы мен Арабстан сияқты лаңкестерді ашық түрде қолдайтын елдердің ойланбай істеген әрекеттері болып табылады. Иранның діни жетекшісі өзінің екінші хатында осы мәселеге тоқталып былай дейді: «Осындай тікелей қолдаудың қасында лаңкестік-тәкфіршілдердің айқын да танымал қолдаушылары саяси тұрғыдан ең артта қалған жүйеге ие болуларына қарамастан әрдайым Батыстың одақтастарының қатарынан орын алып келді».

Таяу Шығыстағы үкіметтік лаңкестіктің ең айқын әрі бұрыннан келе жатқан үлгілерінің бірі – сионистік режим. Бұл басқыншы режим Палестина халқына қарсы жан түршіктірерлік қатыгездік әрекеттер жасап, осы жердегі жергілікті халықтың алғашқы құқықтарын бұзу арқылы олардың жаны, мал-мүлкі мен ар-намысын таптап келе жатқанына жылдар болды. Алайда Таяу Шығыс аймағы халықтарының адам құқығына байланысты қатты алаңдайтыны туралы уәж айтатын батыстық елдер неліктен ауқымды әрі ұзақ мерзімді үкіметтік лаңкестікпен шынайы түрде күресу үшін ерік-жігер танытпайды? Әлде палестиналықтардың бастапқы құқыққа ие болуы Батыс пен сионистердің саяси және экономикалық мүдделерімен салыстырғанда маңызды емес пе? Соғыс құқығының қағидалары мен гуманитарлық хаттамаларға қайшы келетін әскери әрекеттер, миллиондаған бейкүнә адамдар, әйелдер мен балалардың қатыгездікпен өлтірілуі, Палестинаның езілген халқының қанының судай ағылуы, тіпті алаңдаушылықтың туындауы мен адам құқығын қорғаушылар тарапынан шұғыл шаралар қолдануына түрткі болған Еуропада 100 адамның өлтіруіне тең бағаланбады.

Хазірет аятолла Хаменеи Батыстың лаңкестік пен адам құқығына байланысты екі қырлы қатынасы туралы былай деді: «Батыстың саясатында екіұшты өлшемдер үстемдік еткен уақытта, терроризмнің құдіретті демеушілер тарапынан жақсы-жаман деп бөлінуі жалғасқанға дейін, мемлекеттердің мүдделері гуманитарлық және ақлақтық құндылықтарға негізделген күнге жеткенше қатігездіктің тамырын басқа жерден іздеудің қажеті жоқ».

Батыстық үкімет қайраткерлері лаңкестік пен адам құқығына байланысты екі қырлы саясат жүргізіп отырған кезде жағдайдың жақсаруына ешқандай үміт қалмаған қазіргі уақытта аятолла Хаменеи аспандық діндердің ең бейбітсүйгіш жетекшілерінің бірі ретінде батыстық жастарға арнап: «Мен тек сіздер, жастар ғана бүгінгі тауқіметтерден сабақ алу арқылы болашақты жасау үшін жаңа жолдар тауып, Батысты қазіргі жағдайға жеткізген жолсыздықтарға бөгет бола аласыздар деп сенемін» деді.

Ислам Революциясының жетекшісі батыстық жастарға тыныштық пен қауіпсіздік орнатудың және үрей мен күйзеліс кеңістігін жоюдың жолдарын ұсынып, Батыстағы қатыгездік тудыратын ой-өрісті түзету және осыған қатысты асығыс реакция танытудан бас тартуды осындай жолдардың қатарына жатқызады.

Батыстағы әсірешіл және нәсілшіл топтардың іс-әрекеттерінің бірі Еуропада Исламмен жауласу толқынын арттыру үшін лаңкестік әрекеттерді пайдалану болып табылады. Батыстық ақпарат құралдарының өздерін мұсылманбыз деп уәж айтатын лаңкестердің іс-әрекеттерін көрсетіп, Ислам туралы тарататын үгіт-насихаттары шынайы Исламның негіздеріне қайшы келеді. Сол себепті жастар осындай қате үгіт-насихаттардың ықпалына түспеулері керек. Себебі, егер еуропалық жастар ақпарат құралдарының осындай ойынына алданатын болса, өз қоғамдарында әсірешілдік және қатыгездік әрекеттерін бақылау және онымен күресуде, сондай-ақ, өз елдері мен әлемдік деңгейде қауіпсіздік пен тыныштық орнату үшін дұрыс жолды ұстана алмайды.

Шындық – Исламның атын жамылып қатыгездік жасайтын лаңкестердің шынайы Исламның қағидаларымен ешқандай сәйкестігінің жоқ болуында. Аятолла Хаменеи бұл жайында былай дейді: «Болмаса, әлемнің ақлақ пен адамгершілікке негізделген ең гуманизмді мектептерінің бірінен ИСИМ сияқты қоқыс қалай шығады? Исламның ең негізгі мәтіндерінде бір адамның жанын алу бүкіл адамзат баласын өлтірумен теңестірілген».

Осылайша, еуропалық жастар қатыгездік пен зұлымдықтың осындай дәрежесіне ие лаңкестердің пайда болуы мен өрістеуінің факторларын іздеуі керек.

Тең бедел мен ар-абыройға ие болу – ешқандай ерекше жағдайды қабылдамайтын адам құқығының ең басты қағидасы. Басқа жақтан, қоғамда тыныштық пен қауіпсіздікке қол жеткізу тікелей қатыгездікті жоюмен қатар, өмір сүрудің теңсіз жағдайын да жоюды қажет етеді. Қауіпсіздік пен тыныштық қоғамдық әділет жағдайының жақсаруын қамтамасыз етеді. Құрылымдық теңсіздік және лаңкестік топтың мазхабтарға қатысты өтірік уәждеріне байланысты белгілі бір мазхабты ұстанатын адамдарға қатысты кемсітушілік туындаған қоғамда кез келген қалыптағы бейбітшілік пен тыныштықтың орнауы мүмкін емес екені белгілі. Сол себепті Еуропада тұрақтанған мұсылмандарға қатысты кемсітушілік, нәсілшілдік және әсірешілдікке негізделген әрекеттер мен пікірлер дертті емдемеуімен қатар, керісінше, қоғамдағы текетірестің артуына себеп болады.

Иран Ислам Революциясы жетекшісі лаңкестікпен күрестегі үлкен қателікті қоғамдағы алауыздықтың күшейе түсуіне себеп болатын «асығыс реакция» деп атап: «Асығыс шешімнен туған кез-келген әрекет Еуропа мен АҚШ-та тұратын миллиондаған белсенді де жауапты мұсылмандар қоғамын оқшаулап немесе үрей мен алаңдаушылыққа ұшыратып, өткеннен де көбірек оларды негізгі құқықтарынан айырып, қоғамдық сахнадан шетке ысырып, мәселені шешпек түгілі арақашықтықты алыстатып, шиеліністі арттырады» деді.

Оның көзқарасы бойынша, кез-келген асығыс әрекет арақашықтықты алыстатып, шиеліністі арттырады және асығыс, үстірт шаралар мен реакциялар, әсіресе егер заңдық күшке ие болса қазіргі полюске бөлінушілікті арттырып, басқа дағдарыстар үшін жолды кеңірек ашатын болады. Осы полюске бөлінушілік елдерде, әсіресе, батыстық елдерде қоғамдық деңгейде де, исламдық және батыстық өркениеттер арасында әлемдік деңгейде де артуы мүмкін.

Иранның діни жетекшісі былай дейді: «Қолда бар мәліметтер бойынша, кейбір еуропалық елдерде азаматтарды мұсылмандарға қарсы тыңшылық жасауға мәжбүрлейтін ережелер бар. Бұл әділетсіз қатынас. Зұлымдық пен әділетсіздіктің қаласын, қаламасын жасаған адамға қайтып оралатын қасиетке ие екенін барлығымыз білеміз. Ал мұсылмандар мұндай шүкірсіздікке лайық емес. Батыс әлемінің мұсылмандарды жақсы танып қалғанына ғасырлар болды. Батыстықтар ислам жерінде қонақ болып, жер иесінің байлығына көз тіккен күні де, мұсылмандарды қабылдап, олардың еңбегі мен ойын пайдаланған күні де көбінесе мейірім мен сабырдан басқа ештеңе көрген жоқ».

Кез келген қоғамда айқын қатыгездіктер мен лаңкестік әрекеттердің орын алуы лайықты алғышарттардың болуына байланысты. Бұл жерде қалайша батыста өмір сүретін бір жас бір лаңкестік топқа алданып, қате идеологияның адамгершілікке жат әрі сұм мақсаттары аясында өз елінің тұрғындарына қарсы жарылыс әрекетін жасауға және оларды өлтіруге барады деген сауал туындайды. Адамдардың өз елдерінде қатыгездік әрекет жасауына себеп болатын дәлелдердің бірі оларға қарсы көптеген кемсітушілік және теңсіздік әрекеттерінің жасалуына қарсы наразылық білдіру болып табылады. Кемсітушілік пен теңсіздік бір қоғамға байланысты жеккөрініш пен өшпенділіктің пайда болуына себеп болады. Егер осындай сезімдердің пайда болуына мүмкіндік туындаса, ол көрініс табады. Батыстағы индустриялық және экономикалық революция мен нәсілшілдік, құрылымдық және мазхабтық кемсітушіліктердің салдарларынан осы елдердегі түрлі қоғамдық таптардың арасында теңсіздіктің туындауына және батыстық елдер азаматтарында өзін кем сезінушіліктің қалыптасуына себеп болатыны сөзсіз.

Иранның діни жетекшісі өзінің Батыс жастарына арнаған екінші хатында Батыстағы қатыгездік мәселесінің түп-тамырларын табуға тырысып былай дейді: «Басқа жағынан тағы бір сауал туындайды: Еуропада дүниеге келіп, сол ортада рухани ой-сана тұрғысынан тәрбиеленген адамдар неліктен осындай топтарға тартылады? Адамдар соғыс аймақтарына бір-екі рет барғаннан кейін, кенеттен өз отандастарына оқ жаудыратындай соншалықты әсірешіл бола қалады дегенге қалай сенуге болады? Өмір бойы ластанған ортадағы мәдени азықпен қоректенудің салдарынан қатігездіктің туатынын естен шығармауымыз керек. Бұған қатысты жан-жақты талдау жасалуы тиіс. Бұл зерттеуде қоғамдағы ашық та жасырын ластайтын дүниелер анықталуы тиіс. Өнеркәсіп пен экономиканың гүлденген жылдары Батыс қоғамының әртүрлі әлеуметтік топтарында теңсіздіктер мен заңдық және құрылымдық теңсіздіктер салдарынан пайда болған терең жеккөрушілік сезімі арагідік ауру түрінде осылайша көрініс беретін өзін кем сезінушілікті тудыруы мүмкін».

 

Тегтер