Ақп 24, 2016 16:25 Asia/Almaty
  • Ислам Революциясы жетекшісінің Батыс жастарына арнаған екінші хатын сараптау

Иран Ислам Революциясының жетекшісі Батыс жастарына тағы бір хат жолдады. Хазірет аятолла Хаменеидің бірінші хаты 10 ай бұрын жарияланып, әлемдік деңгейде көрініс тапқан болатын. Бірінші хаттың басты өзегі жастарды Исламды еш делдалсыз және Құран мен Исламның ардақты пайғамбарының сүннетінің көмегімен тануға шақырды.

 Хазірет аятолла Хаменеи бірінші хатының бір бөлігінде былай деп жазады: «Мен сіздер, жастарды өзімнің сұхбаттасыма айналдыруымның себебі сіздердің әке-шешелеріңізді елемеуімде емес, халықтарыңыз бен жерлеріңіздің болашағын сіздердің қолдарыңызда деп санап, ақиқат іздеу сезімін сіздердің жүректеріңізден жандырақ және қырағырақ деп көргендігіме байланысты. Сонымен қатар осы жолдауды сіздердің саяси қайраткерлеріңіз бен ел басшыларына арнамаймын. Себебі олар саясаттың жолын адалдық пен дұрыс бағыттан хабардар түрде бөлген деп санаймын». 

Аятолла Хаменеидің екінші хаты да жастарға арналған. Иран Ислам Революциясының жетекшісі жастардың пәк болмысына сенім білдіріп, былай деп жазады: «Мен тек сіздер, жастар ғана бүгінгі тауқіметтерден сабақ алу арқылы болашақты жасау үшін жаңа жолдар тауып, Батысты қазіргі жағдайға жеткізген жолсыздықтарға бөгет бола аласыздар деп сенемін».

Хазірет аятолла Хаменеи – осы ғасырдың ең үлкен революциясының жетекшісі. Бұл – барлық үстемшіл алпауыттарға қарсы тұрып, ерлікпен өз тәуелсіздігі және діни құндылықтарын қорғаған мұсылман халықтың революциясы. Осы революцияның жеңісі мен оның қырық жыл бойы жалғасуы халықтық және діни қозғалыстарға қатысты теңдікті бұзды. Иран қазір әлемдік алпауыттар оған көзжұмбайлықпен қарай алмайтын, аймақтағы теріске шығаруға келмейтін ықпалды алпауыт ел саналады. Осындай жағдайда неліктен осы елдің діни жетекшісі Батыстың үкіметтік қайраткерлерімен сұхбаттаспай, өз сөзін Еуропа мен АҚШ-тың жастарына арнады?

Дипломатиялық салада «дәстүрлі дипломатия» мен «жалпы дипломатия» деген екі терминнің тарихы тереңірек. Бірақ қазіргі дәуірде «жастар дипломатиясы» деп аталатын дипломатияның тағы бір түрі пайда болды. Дәстүрлі дипломатия бұрынғы заманнан бері Сыртқы істер министрлігі мен әр елдегі елшілердің екі елдің байланыстарына қатысты орындайтын міндеттері мен іс-шараларын қамтиды. Ауқымдырақ мағынаны білдіретін жалпы дипломатия дәстүрлі дипломатиялардың іс-әрекеттері үшін елдердің кеңістіктерін дайындау бағытындағы бағдарламаларды қамтиды. Ал жастар дипломатиясының қазіргі әлемдегі қызметі қандай?

Жастық шақтың ерекшеліктері ойшылдар мен психологтардың назарынан тыс қалмаған. Жастар ерекше рухқа ие болғандықтан жастар дипломатиясының қызметі аса маңызды мәдени құрал саналады. Мамандардың пайымдауынша, жастардың рухы кертартпа емес, керісінше, реформаторлық болып келеді. Жас адам ақыл-санамен астасқан эмоцияларға толы болады. Жастар дипломатиясы деген қазіргі тілмен айтқанда үкіметтердің мақсаттарын жүзеге асыру үшін жастардың энегриясын қолдануға талпыныс жасау.

Ұлыбритания жастар мен студенттердің күшін қолдану арқылы университеттерде жастар дипломатиясын сынақ түрінде іске асырған алғашқы елдердің бірі болды. Ұлыбританияның белсенді студенттері жастық шақтың эмоциясы мен күш-қуатын пайдалану арқылы мигрант студенттердің күшін Ұлыбритания үкіметінен жақсы бейне көрсетуге талпыныс жасады. Осылайша әрбір мигрант студент өз еліне қайтқан кезде Ұлыбритания үкіметі үшін бір жарнамаға айналады. Басқа еуропалық елдер осы жобаны құптап, әртүрлі әдіс-тәсілдермен жастар дипломатиясын жүзеге асыра бастады. Франциялықтар кейбір жастардың басқаларға көмектесуге деген ынтасын пайдаланып, бұрын Францияның отарында болған кейбір елдерде символикалық түрде гуманитарлық шаралар ұйымдастырды. Оның мақсаты сол елдердің халықтарының есінен отаршылдықтың ащы естеліктерін аз болса да азайту болды.

Осылайша «жастар дипломатиясы» терминінен қазіргі таңда жастардың күш-қуатына үкіметтердің өз мақсаттарын ілгерілету үшін құрал ретінде қарайтыны белгілі болды. Алайда болашақ ұрпақтан тек осыны ғана күтуге болады ма деген сауал туындайды. Ислам Революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеидің батыс жастарына жолдаған хаттары жастар дипломатиясындағы жаңа кезеңнің бастамасы бола алады. Осы екі хаттағы рух жастарды ойлануға, хабардар болуға және ақиқатты іздеуге шақырады. Хазірет аятолла Хаменеидің екі хаты шын мәнінде адамның ақиқат іздейтін түйсігіне арналған. Ал бұл түйсік жастарда басқаларға қарағанда айқынырақ әрі таза болып келеді. Ол жастардан өздерінің Алла берген қабілет-дарындарын пайдаланып, әлемге бейбітшілік пен келісім, әділет пен зұлымдықпен жауласу сияқты жоғарғы адами құндылықтарға қарай жол бастауды сұрайды.

Жастық шақ әр жаратылыстың, әсіресе, адам өмірінің ең жақсы әрі ең сезімтал кезеңі саналады. Осы кезеңде адам өзінің тағдырына әсер етіп, өзінің болашағын айқындай алады. Басқа уақыттарға қарағанда қазір жастарға көбірек назар аударылады. Олар қоғамдарда түрлі қозғалыстардың пайда болуында ықпалды рөл атқарады. Жас адам әлі қоғамдық ортадағы теңсіздіктерге араласпайды әрі оған араласуға хақы жоқ болғандықтан, оның бойынан әділет талап ету және жәбірленгендерді қолдау сипаттары көбірек байқалады. Жастық шақ – талпыныс, іс-әрекет пен ынта дәуірі. Жастар басқаларға қарағанда ақиқатқа ынтық, іс-әрекеттерінде батыл болады. Жастар егер бір нәрсені дұрыс деп санаса, оны растауда табандылық танытады.

Құранның көзқарасы бойынша жас адамның ерекшеліктерінің қатарына оның бойында батылдық пен ерліктің болуы жатады. Бұл екеуі көбінесе жастардан көрініс табатын адамның кемелдігінің сипаттары болып табылады. Сол себепті илаһи пайғамбарлардың серіктерінің дені жастар болған. Алла елшісі (с.ғ.с.) былай деген еді: «Сендерге жасөспірімдер мен жастарға байланысты айтамын: олардың жүректері нәзік әрі жақсы қасиеттерді қабылдағыш болып келеді. Алла мені халықты илаһи рақымнан хабардар етіп, азабынан қорқыту үшін пайғамбар етіп таңдады. Жастар менің сөздерімді қабылдап, менімен жақсы қатынаста болуға келісті. Ал қарттар менің шақыруымнан бас тартып, қарсыласты». Құранда хазірет Мұсаға (ғ.с.) иман келтірушілер туралы былай деп жазылған: «Мұса (ғ.с.)-ға, Перғауын мен шонжарларының өздеріне тигізетін кесірінен қорқып, өз елінің перзенттерінің бір тобы ғана иман келтірді. Расында Перғауын ол жерде өктем еді. Сондай-ақ ол шектен шығушылардан еді» (Юныс сүресі 83-аят). Осы аяттан екі маңызды жайтты көруге болады: біріншісі, жастар дінді қабылдауда бірінші қадам жасағандар болды; екіншісі, жастар дінді қабылдаудың салдарларының бірі азаптан қорыққанымен, діннен қол үзген жоқ.

Исламдық тағылымдарға сәйкес, адам әрбір жасында құрметке ие. Қарт адамдарға құрмет көрсету туралы көптеген рауаяаттар бар. Пайғамбар (с.ғ.с.) былай дейді: «Сіздердің араларыңызда қарт адамдардың болуы Жаратушының рақымы мен шапағатының артуына, сендерге илаһи нығметтердің таратылуына себеп болады». Сол себепті қарттарды пайдасыз адамдар деп есептеуге болмайды. Себебі, олар – тәжірибенің қайнар көзі. Олардың көбісі оқыған ойшылдар болып табылады. Бірақ жастар көптеген аяттар мен рауаяттарда түзету енгізу үшін теңдессіз мүмкіндік ретінде қуатталған. Оң өзгерістер көбінесе жастардан шығады.

Хазірет аятолла Хаменеи Исламның адамды тәрбиелейтін тағылымдарынан шабыт алып, жас ұрпақтың халықтардың тағдырын анықтаудағы теңдессіз рөлінен хабардар болып, адамның пәк әрі илаһи болмысына сенім артып, аға буынға емес, енді ғана өмір сүре бастаған ұрпаққа арнап, өз сөзін айтты. Иран Ислам Революциясы жетекшісінің Батыс жастарына жолдаған хаты жас ұрпақпен әлемдік оқиғаларды адамгершілік және діни көзқараспен сараптауға негізделіп, сұхбаттасу есігін ашты. Осындай ерекшеліктерге ие есіктің ашылуы ғалымдар, тұлғалар, саясаткерлер мен исламдық орталықтар үшін жақсы үлгі болып табылады.

Иран Ислам Революциясының жетекшісі Батыс жастарына жолдаған хатының бір бөлігінде былай деп жазды: «Мен, жастар, сіздерден дұрыс таным негізінде терең ой және ащы тәжірибелерден сабақ ала отырып, ислам әлемімен дұрыс та шарапатқа толы әріптестіктің негізін қалауға шақырамын. Сонда ғана сіздер жақын болашақта осындай іргетас үстіне салынып, сәулетшілерге сенім саясын жайған құрылыстың әлемге қауіпсіздік пен тыныштықтың жылуын сыйлап, жарқын болашаққа деген үміт отын тұтататынын көресіздер».

Иран Ислам Революциясының жетекшісі бастап отырған жастар дипломатиясының үлгісі басқа дипломатияның түрлеріне қарағанда жоғарырақ мақсаттарды көздейді. Осы хаттан ағартушылық пен хабардарлыққа шақыру байқалады. Хазірет аятолла Хаменеи халықтарға таңылған қиындықтарға тоқталып, жастарды қазіргі әлемнің шындықтарын дұрыс сараптауға және жарқын болашаққа апаратын жолдарды табуға шақырады.

 

Тегтер