Қыр 26, 2016 16:18 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 41

Бүгін Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің сөздеріне сүйеніп, имам Бақер (ғ.с) мен имам Садық (ғ.с.)-ның өмірбаянымен қысқаша таныстырамыз.

Бұл екі тұлға Ислам дінінің жарқыраған жолы мен исламдық фикхті сақтап қалу саласында белсенділік танытып, көптеген шәкірт тәрбиелеп, оларды ислам қоғамына тапсырды. Имам Хомейни имам Бақер (ғ.с.) туралы: «Егер имам болмағанда исламнан еш нәрсе қалмайтын еді»,- деген. Имам Бақер (ғ.с.) – исламның негіздерін бұрмаланудан құтқарған  тұлға. Имам Саджад (ғ.с.)-ның перзенті,  имам Хусейн (ғ.с.)-ның немересі – имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.) Ашура оқиғасы кезінде шамамен  бес жастағы бала еді. Имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.) мен оның перзенті имам Джафар  Садық (ғ.с.)-ның  имамат кезеңі саяси жағдай өзгеріп жатқан кезге дөп болды. Омеядтар билігі әлсіреп, Аббаси әулеті билікті өз қолына түсіруге бар күшін салды. Имам Бақер (ғ.с.)-ның кезіндегі Омеяд басшыларының арасындағы саяси қайшылықтар  олардың хазіреттің ғылыми қозғалысынан бейқам қалуына себеп болды. Бұл кезеңде философиялық кітаптар мен калам мақалаларының аудармалары көбейіп, исламдық фикх, ақида, қалам және ахлақты билік басындағылардың мүдделеріне сай сараптайтын адамдар пайда болды. Имам Бақер (ғ.с.) кезеңінде Ашура оқиғасы мен Кербала ерлігінен кейін  шындықты талап етушілерге имам Хусейн (ғ.с.)-ның шындығын көрсетіп, Омеяд билігі залымдарының шынайы жүздерін әшкерелеген, Құран тағылымдары, имамат және велаят мәселелерін бұрмалаған және пайғамбар хадистерін ұмыттырғысы келгендер билікпен байланысты адамдар болды. Кейбір хадистер билік басындағылардың мүддесіне сай өзгертілді.  Сөйтіп имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.) және кейін баласы имам Джафар Садық (ғ.с.) сол кездің саяси жағдайын исламдық негіздерді тарату үшін пайдаланып, исламдық ғылымдар жоғары оқу орынының іргетасын қалады. Имам Бақер (ғ.с.)-ның орталығы ғалымдар, хадисшілер, құтпагерлер және ақындардың арасында танымал орталық болды. Имам Бақер (ғ.с.)-ның орталығында халыққа ғылым мен адамгершілік негіздері үйретіліп, көптеген шәкірт тәрбиеленді. Үкімет имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.)-ға көп қысым көрсетті. Рауаятшылардың көбі  бұл кезеңнің қатыгездіктері, басшылардың дінге, мұсылмандар мен олардың имамдарына зұлымдық көрсетуі туралы баяндады. Имам Бақер (ғ.с.) залым жүйеге қарсы болып, соңында Хишам тарапынан өлтірілді.  Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.)-ды ілім мен білімнің үлгісі деп атап: «Хазіреттің имаматы шамамен 18 жылға созылып, ол қажымас күрес пен талпыныстың кемел үлгісі болып, қиындықтарға қарамастан, дінді мен шындықты таратты. Иран халқы қазіргі кезде материалдық дүниеде шындықты жандандырып, адасып, бұзақылыққа салынғандарға көмектесуге талпыныс жасауда»,- деді. Имам Садық (ғ.с.) – имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.)-ның перзенті. Өзінің имаматынан бұрын хазірет әкесінің діни тағылымдарды тарату және қырағы шәкірттер тәрбиелеу жұмыстарының куәсі болды. Алайда имам Садық (ғ.с.) өз заманының қоғамдық-саяси жағдайына байланысты басқа имамдардан артығырақ Исламның негіздерін тарата алды.  Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Имам Джафар бен Мұхаммад әс-Садық (ғ.с.) пайғамбар әулетінің тағылымдарын, яғни шынайы Исламды тарату ісінде басқа имамдарға қарағанда  көбірек уақыт тапты. Имам Садық (ғ.с.)-нан білім алған мыңдаған шәкірттің барлығы  шиіттер және олардың барлығы имаматқа иман келтіргендер деп ойлағандар қателеседі. Имам Садық (ғ.с.)-ның шәкірттерінің көбі шиіттер сынды имаматты қабылдағандар болмады. Бірақ олар имам Садық (ғ.с.)-ның білімі мен имамның ықтиярындағы исламдық тағылымдарды пайдаланатын. Біздің көптеген рауаяттармыздың көбін шиіт емес рауаятшылар жеткізген. Рауаяттардың көбі имам Абдолла  әс-Садық (ғ.с.) тарапынан айтылған. Бұл ислам дүниесі мен исламдық үмбеттің имам Садық (ғ.с.) мен пайғамбар әулетінің ислам тағылымдарын қажет ететіндігін көрсетеді. Ислам дүниесі Исламның ұлық пайғамбарының әулеті және имам Садық (ғ.с.) мен басқа имамдардың тағылымдарын пайдалануды қажет деп санайды. Исламдық әлемнің әртүрлі таптары мен   әртүрлі бөлімдері бір-біріне жақындау үшін исламдық тағылымдарды пайдалану деңгейін жоғарылату керек»,- деді. Имам Джафар Садық (ғ.с.)-ның кезеңі басқа пәк имамдардың кезеңдерімен салыстырғанда  қоғамдық-мәдени шаралар Бани Умайе үкіметінің әлсіздігі мен Бани Аббас үкіметінің күшеюіне қатысты ерекше болды.  Хазіреттің имаматы кезінде әртүрлі мазхабтардың айырмашылығы туралы пікірталастар жүргізетін әрі пікір алмасатын мәдени және идеологиялық қозғалыс пайда болды. Бұл ерекше жағдай еді. Өйткені бұған дейін Бани Умайе исламдық тағылымдар мен Алла елшісі мен пәк имамдардың хадистері таралмайтындай жағдай тудырған болатын. Бірақ имам Садық (ғ.с.) Бани Умайенің әлсіздігін пайдаланып, бос кеңістікті ғылыммен толтыра алды. Ол исламдық тағылымдар мен хадистерді және әртүрлі ғылымды меңгергісі келгендердін шөлін өз білімінің шексіз теңізімен қандырып, бұл жолда маңызды жұмыстар атқарды. Имам Садық (ғ.с.) саяси жағдай мен қоғамның қажеттіліктеріне көңіл бөліп, әкесінің ғылыми-мәдени қозғалысын жалғастырып, ғылыми орталықтар мен үлкен жоғары оқу орындарын ашты. Хазірет әртүрлі ғылыми салаларда сабақ беріп, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Хазіреттің шамамен төрт мыңнан астам шәкірті болды. Олардың арасынан Хишам бен Хакам, Мафзал бен Омар Куфи Джафи, Мұхаммад бен Мүслім Сақафи, Абан бен Тағлаб, Хишам бен Салам, Мүмін Тақ, Джабер Бен Хайан және сүнниттердің төрт мазхабының бірінің басшысы Абу Ханифаны атауға болады. Абу Ханифа біраз уақыт имамның шәкірті болып, оны мақтан тұтқан.  Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында маңызды мәселеге тоқталды. Оның пікірінше барлық пәк имамдар мен илаһи пайғамбарлар жеке адам мен қоғамның өмірінде илаһи заңдарды қалыптастырып, халықты бақытқа жеткізу үшін илаһи үкімет құруды мақсат етті. Осы іс-әрекеттеріне орай олар өз замандарының залым үкіметтерінің ашу-ызасына түсіп, шәһид болатын. Діни жетекші бұл туралы: «Дінді тарату – міндет. Діннің билігі барлық діндердің маңызды мақсаты»,- деген. Әділет пен илаһи билік үшін көтеріліс жасау – діндердің үлкен мақсаты. Біздің имамдарымыз діни билік орнату үшін қиындықтарға төзімділік білдірген. Егер имам Садық (ғ.с.) мен имам Бақер (ғ.с.) бір бұрышта отырып, бірнеше адамды жинап, тек діни мәселелерді айтып отырғанда ешкімнің олармен ісі болмайтын еді»,- деді.  Имам Садық (ғ.с.) Аббаси басшыларының ашу-ызасына ілініп, Мансур Аббасидің бұйрығымен уландырылды. Бірақ бұл имамның исламдық мәдениет пен исламдық негіздерді тарату саласындағы еңбегі тарихта мәңгілікке қалды.

 

Тегтер